Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару бірыңғай қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы (D-4 санаты, В - функционалдық блогы, 4 – деңгей) - 1 бірлік (№ 16-05)

Аймақ

Шығыс Қазақстан облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық
  • Қызмет көрсету (білім беру саласы)
  • Білім (білім саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Жаратылыстану ғылымдары (білім саласы)
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттеріне кіретін мәселелер бойынша талдау және мониторинг жүргізеді. Атқарушы органдар: қаржы басқармасы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, мемлекеттік сатып алу басқармасы, цифрландыру және архивтер басқармасы, кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының кадрларға қажеттілігін, соның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша талдау және жоспарлауды жүзеге асырады. Аталған атқарушы органдарда конкурстық іріктеулерді ұйымдастырады. Аталған атқарушы органдардакадрлық іс-жүргізуді, соның ішінде «Е-қызмет» персоналды басқарудың ақпараттық жүйесінде жүргізеді. Аталған атқарушы органдардакәсіби бейімделуді және тәлімгерлікті ұйымдастырады. Аталған атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілердің тәжірибеден өтуін ұйымдастырады. Аталған атқарушы органдарда конкурстық, тәртіптік, аттестациялық және кадрлық мәселелер бойынша басқа комиссиялардың жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Аталған атқарушы органдарда мемлекеттік қызметке кіру, кадрларды іріктеу, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, аттестация және оқыту процедураларын, соның ішінде персонал бойынша автоматтандырылған бірыңғай базада (ақпараттық жүйеде) сақтауды қамтамасыз етеді. Аталған атқарушы органдарда мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруімен байланысты құжаттарды рәсімдеу, мемлекеттік қызметшілердің жеке мәліметтерін есепке алуды, қызметтік тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау жүргізуді ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі  аясында облыс әкімі аппаратына келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың кадрлық қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша өтініштері бойынша  бірыңғай кадр қызметінің құзыры шегінде (тыңдау хаттамаларын, алдын ала шешімдерді, хабарламаларды, әкімшілік шешімдерді және тб. дербес жүргізу) бөлімнің әкімшілік рәсімдерді тікелей жүзеге асырады. Аталған атқарушы органдарда «Персоналды басқару» бағыты бойынша облыстың мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін бағалау бойынша деректер жинауды (есепті кезең) қамтамасыз етеді. Аталған атқарушы органдардың әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің лауазымдық міндеттерін, біліктілік талаптарын, бөлім ережелерін әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді.  Аталған әскери міндетті және әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу бойынша жұмысты жүргізеді. Аталған атқарушы органдар басшыларының еңбек демалысына шығу кестесін қалыптастырады. Мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері жөніндегі қолданыстағы  заңнамада белгіленген жағдайларда қызметтік тергеу жүргізеді. Өз құзіреті шегінде ақпараттық қауіпсіздік бойынша шараларды сақтайды және ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.04.2023

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.04.2023 – 14.04.2023
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 7 MB

Сұхбаттасу күні

18.04.2023

Сұхбаттасу орны

«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде, Өскемен қаласы, М. Горький, 40, әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін

Анықтама алу үшін байланыс

71-31-37, 71-31-38