Жаңадан құрылған Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарына, сондай-ақ Тарбағатай және Катонқарағай аудандарына көшпелі семинар өткізді

Ағымдағы жылдың 5-8 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі М.Е. Беккужина жаңадан құрылған Марқакөл және Үлкен Нарын аудандарына, сондай-ақ Тарбағатай және Катонқарағай аудандарына көшпелі семинар өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қозғалысы "Жаңару" қоғамдық бірлестігі арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес көшпелі семинар өткізу үшін қоғамдық бірлестіктің директоры, ШҚО бойынша Әдеп жөніндегі Кеңестің мүшесі Ж. Н. Манаков 2024 жылғы 8 шілдедегі" Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңға енгізілген түзетулер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін тартылды.
Атап айтқанда, аталған Заңның 12-бабына сәйкес мазмұндағы 6) тармақшаның 1-тармағы "Ойын мекемелерінде құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу, сол сияқты құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге сол үшін бөлінбеген орындарда қатысу немесе телекоммуникация желілерін, оның ішінде Интернет желісін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды." деген мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылды.
Осылайша, бүгінгі таңда заңнаманың талаптары барынша күшейтілді.
Құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылқты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу қызметтен босатуға алып келеді.