Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев облыс орталығында салынып жатқан мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанындағы жағдай бойынша объектіде жер жұмыстары (қазаншұңқыр қазу, ҚҚҚ негізін тығыздау және орнату, қуыстарды қайта толтыру), іргетастарды орнату (бетонды даярлық, стақан тәрізді іргетасты монтаждау, таспалы іргетасты монтаждау) толық аяқталған. Қаңқаның металл конструкциялары орнатылған.
Жылумен жабдықтаудың, судың, кәріздің, электр желілерінің сыртқы тораптарын жөндеу жұмыстары 80% -ға аяқталды.
Келушілер мен қызметкерлерге арналған тұрақ құрылғысымен іргелес аумақты абаттандыру бойынша асфальттау және жиектер орнату жұмыстары аяқталған.
Алайда жалпы құрылыс жұмыстары кестеден кешіктіріліп жатыр. Құрылыс барысына ауа райы, жаңбыр мен аяз қолайсыздық тудырып отыр. Ұйтқыған жел қабырға панельдерін монтаждауды қиындатады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев автотұрақ орындарының жеткіліктілігін зерттеуді, қажет болған жағдайда облыс орталығының әкімдігімен келісу арқылы аумақты кеңейту мәселесін қарастыруды тапсырды.
Сондай-ақ аймақ басшысы жауапты тараптарға нақтыланған жұмыс кестесін жасауды тапсырды. Наурыз айында нысан пайдалануға берілуі тиіс.