Семейде сервис және бизнес саласындағы студенттерге арналған жатақхананың ашылуына қатыстым

Семейде сервис және бизнес саласындағы студенттерге арналған жатақхананың ашылуына қатыстым. Жатақхана 300 адамға арналған және заманауи кампустың үлгісі ретінде салынды. Жаңа ғимарат тұруға және оқуға қажетті барлық заттармен ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі студенттерге арналған нормаларға сәйкес жабдықталған.
Сондай-ақ, аспалы көпір ауданындағы жаңа жерүсті жаяу жүргіншілер өткелімен таныстым. Ол Абай атындағы мешітке дейін жетіп, сәулет ансамбліне кермет үйлеседі. Бұл автомобильдердің өткізу қабілетін арттырады және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жұртшылықпен кездесуде осы мешіттің имамы тағы бір, бірақ оңтүстік жағына өту туралы өтініш білдірді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, жақын арада жұмыстар басталатын болады.
Семейде медицина университетінің базасында еліміздегі жалғыз госпиталь жұмыс істейді. Мұнда жылына 20 000 адам емделеді, сонымен қатар университет студенттері практикадан өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Аурухана принципі-ғылым, практика және білім. Қазірдің өзінде госпитальде жоғары технологиялық операциялардың бірнеше түрлері жүргізілуде, бірақ үлкен тиімділік үшін ең заманауи жабдықтар орнатылған Семей медициналық мекемесін БСМП-мен синтездеу қажет. Мұндай тандем қала тұрғындарына уақытылы және сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.