Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
.
29.01.2021 ж. тәулікте КВИ-дің 67 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 55 (82%) симптомдық және 12 (18%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында - 3, Ұлан ауданында-1.
.
КВИ-дің жаңа 67 жағдайының ішінде:
- 32 Өскемен қ. 26с, 6 с/з;
- 24 Семей қ. 20с,4 с/з;
- 5 Глубокое ауданында (Глубокое кенті - 0) 4с, 1 с/з;
- 4 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 1) 3с, 1 с/з;
- 2 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы - 0) 2с;
.
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,3%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.
.
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 10905 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6159 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
.
Жалпы облыс аумағында барлығы 20080 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 13672 жағдай (68%), симптомсыз 6408 жағдай (32%).
.
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1470,1 (республикалық көрсеткіш– 990,3) құрады. 2060 байланыста болған адамдар мен 820 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.