Нәтижелі жұмыстың жемісі

Нәтижелі жұмыстың жемісі
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған және "Еңбек" бағдарламаларының арқасында Ұлан ауданының тұрғыны Ділмұрат Жұмашұлы ауыл шаруашылығын дамытуға мүмкіндік алды. Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам мәртебесіне ие болды, өйткені ол "Парасат" шаруа қожалығының басшысы болып табылады. Бұған дейін ол ҚХР-да мал шаруашылығымен айналысып, өз Отанына оралған Қасым Қайсенов кентінің тұрғыны ауданның жұмыспен қамту орталығына жүгінді. 2011 жылы Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша Д. Жұмашұлы аудандық комиссия отырысында кәсіпкерлік негіздеріне қайта даярлықтан өтіп, ірі қара мал басын көбейту арқылы өз жобасын қорғады. Кейін "Бастау-Көмек" несиелік серіктестігі арқылы 3 млн.теңге көлемінде шағын несие алып, 22 бас ірі қара мал сатып алды. 3 жаңа жұмыс орнын ашты.
.
2016 жылы тамыз айында Жұмыспен қамту орталығына "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы "Парасат" ШҚ дамытуға 5 млн.теңге мөлшерінде микрокредит алуға қайта жүгінді.
.
2020 жылы ІҚМ өсіру үшін 12 млн.теңге сомасында қайта несие алды, өйткені алдыңғы кредиттерді мерзімінен бұрын жапты.
.
Сонымен қатар, Ділмұрат бағдарламаның бірінші компонентінің үшінші бағытына белсенді қатысады. 2019 жылы шаруа қожалықтарына әлеуметтік жұмыс орындарына 5 адам жұмысқа орналастырылды. Ол бағдарламаға өте риза, оның айтуынша, "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының" арқасында ол шаруа қожалығын дамытуға мүмкіндік алды.