Шығыс Қазақстанда «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды

Шығыс Қазақстанда «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы басталды

2025 жылғы 29 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында жоспарлы «Бекет-2025» ведомствоаралық оқу-жаттығуы ұйымдастырылады.

Бұл оқу-жаттығу жыл сайын өткізіліп, жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау және арнайы қызметтердің төтенше жағдайлар мен ықтимал қатерлерге жедел әрекет ету дайындығын тексеруді көздейді.

Жаттығу барысында:
• оқу дабылы бойынша күштерді көтеру;
• әскери және арнайы техниканың колонналарымен жүру;
• түрлі қызметтердің бірлескен іс-қимылдарын үйлестіру шаралары пысықталады.

Назарларыңызға: оқу-жаттығу кезінде әскери техниканың көшелерде жүруі және автокөлік қозғалысының уақытша шектелуі мүмкін. Бұл - жоспарланған шаралардың бөлігі.

Облыс тұрғындарын сабырлық сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Барлық іс-қимылдар оқу-жаттығу аясында жүргізіледі, халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді.

Сонымен қатар азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтап, тартылған мемлекеттік органдар өкілдерінің заңды талаптарын орындау қажеттігі ескеріледі.