ШҚО-да әдеп және мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.

Жарияланған күні: 02 наурыз 2026

2026 ж.27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Х. Текешовтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, қала және аудан әкімдері, сондай-ақ облыстық басқарма басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.

🔹Кеңестің негізгі мақсаты – 2025 жыл қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдердің қызметін талқылау және алдағы кезеңге басым міндеттерді айқындау болды.

🔹Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілер арасында жүргізілген профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының нәтижелері, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Сондай-ақ азаматтардың өтініштерін қарау тәжірибесі, тәртіптік практика, құқықбұзушылықтардың алдын алу шаралары мен мемлекеттік органдарда адалдық қағидаттарын қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.

🔹Облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Х. Текешов әдеп жөніндегі уәкілдердің жүйелі әрі проактивті жұмысының маңыздылығын атап өтіп, құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын күшейту, жіберілген бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатын қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарға деген халық сенімін арттыру қажеттігін ерекше айтты.

🔹Кеңес шеңберінде облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі М.Е.Беккужинаның, сондай-ақ Катонқарағай ауданы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Б.Терликбаеваның есептері тыңдалды. Өз баяндамаларында спикерлер 2025 жылғы жұмыс қорытындыларын ұсынып, жүргізілген профилактикалық және түсіндіру жұмыстарының нәтижелерін, қаралған өтініштер туралы мәліметтерді, қызметтік әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша қабылданған шараларды баяндады, сондай-ақ проблемалық мәселелер мен жұмысты одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстарын жеткізді.

🔹Іс-шара қорытындысы бойынша әдеп жөніндегі уәкілдер институтының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдарда қызметтік тәртіп пен мінез-құлық стандарттарын нығайтуға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.