Сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті ХVІІ сессиясы

Очередная ХVІІ сессия Восточно-Казахстанского областного маслихата восьмого созыва

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы 2024 жылғы 11 қазанда сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады.   

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының есебі.

Денис Сергеевич Рыпаков - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы.

2. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысында іске асыру туралы.

Ардақ Еділұлы Мәдиев -  Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму  басқармасының басшысы.

3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен қамту ұйымдарын, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді 2024-2025 жылдардың жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат.

Нұрлан Сағибекұлы Рамазанов  - Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.

4. Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.

Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина – тұрақты комиссия төрағасы.

5. Әртүрлі мәселелер.

 

Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы info@vkomaslihat.gov.kz.

 

https://youtube.com/live/d_K2bU1bH-Q

Оқиға күні

11 қазан 2024

Оқиға түрі

Отырыс