Меню

Страницы

Статья

Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені дамуының 2019 жылғы қорытындысы туралы

Облыстың ауыл шаруашылығы Қазақстан Республикасының агрөнеркәсіптік кешені дамуының 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес дамуда.

2019 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 590,5 млрд. теңгені (2018 жылмен салыстырғанда 114%), оның ішінде өсімдік шаруашылығында 264,6 млрд. теңге, мал шаруашылығында 325,4 млрд. теңгені құрады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлем индексі 103,8%, оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 104,3%, мал шаруашылығында 103,3% құрады.

2019 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция 30,9 млрд. теңгені құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 110,7%.

2019 жылғы қорытынды бойынша алдын ала есеп бойынша ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға шаққанда 3257 млн. теңгені құрады, немесе 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 110,7%.

2019 жылы шаруашылықтардың барлық санаттарында мал мен құстың барлық түрлері бойынша 289,9 мың тонна ет өндірілді, 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 102,8%, сүт – 951,4 мың тонна (104%) және жұмыртқа 152,7 млн. дана (102,7%).

Ірі қара мал саны 1004,5 мың басты құрады, 2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 105,4%, ұсақ мал – 1611,7 мың бас (100,8%), жылқы – 394,5 мың бас (108,9%), шошқа – 65,3 мың бас (96,3%) және құс – 3874,9 мың бс (99,3%).

2019 жылы облыста егістік алқабы 1360,5 мың гектарды құрады, бұл 2018 жылғы көрсеткіштен 3,2% артық.

Дәнді және дәнді бұршақты дақылдардың 17 ц/га орташа өнімділікпен 930,3 мың тоннаны жиналды (2018 жылмен салыстырғанда 114%), майлы дақылдар 12,5 ц/га орташа өнімділікпен 596,3 мың тонна (2018ж. 108%), картоп 217,8 ц/га орташа өнімділікпен 425,3 мың тонна (2018ж. 99,4%), көкөніс мен бақша дақылдары 422,5 мың тонна (2018ж. 112%) жиналды.

Дата публикации
27 марта 2020
Дата обновления
27 марта 2020
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

13 октября 2026
Выборы депутатов маслихатов -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026
23 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 01.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы