Меню

Страницы

Статья

ШҚО Қоғамдық кеңесінің 2020 жылғы І жарты жылдықтағы қызметі туралы ақпарат

2020 жылдың І жартыжылдығында 55 іс-шара ұйымдастырылды және өткізілді, оның ішінде:

Қоғамдық кеңестің 4 жиналысы, оның ішінде 3 қоғамдық тыңдаулар форматында;

Қоғамдық кеңестің сарапшы жұмыс топтарының  22 жиналысы, соның ішінде 6-уы көшпелі;

«Шемонаиха ауданының орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК №2 дәрігерлік амбулаториясының ғимаратының жағдайын бақылау, «Риддер арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде арнайы әлеуметтік қызмет алушыларға жасалған жағдаймен, орталықтың материалдық-техникалық қамтылуымен, кадрлық әлеуетімен танысу, Есенберлин көшесіндегі құрылысы аяқталмаған нысандарды бақылау, Бородулиха ауданындағы Большое көліндегі үйректердің жаппай қырылуы мәселесі бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы алғашқы, қоқыстар мен қалдықтарды кәдеге жаратудың жаңа технологиялары бойынша қоқыс сұрыптау таспасының іске қосылуына қатысу мақсатымен және т.б. азаматтардың жүгінулері бойынша 25 қоғамдық бақылау.

Есептік кезеңде нормативтік құқықтық актілердің 91 жобасы қаралды, оның ішінде:

 

  • облыстық мәслихаттың шешімдері – 8
  • облыстық әкімдіктің қаулылары - 83

келесі салалар бойынша:

  • бюджетке өзгерістер енгізу және бюджетті орындау бойынша – 3;
  • ауылшаруашылығы саласында – 8;
  • білім беру саласында – 1;
  • су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін белгілеу бойынша – 47;
  • басқа – 32.

 

2020 жылдың І жартыжылдығында Қоғамдық кеңестің қызметі туралы БАҚ-да 56 материал жарияланды, оның ішінде:

  • республикалық электронды БАҚ-да – 2 сюжет;
  • республикалық баспа БАҚ-да – 6 мақала;
  • аймақтық баспа БАҚ-да – 33 мақала;
  • аудандық БАҚ-да – 15 мақала

Кеңестің «Қоғамдық қабылдауымен» 159 өтініш қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.

2020 жылғы 5 ақпанда – ШҚО облысы әкімінің «2019 жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері және 2020 жылы даму болашағы туралы» есебі; Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесі төрағасының «Шығыс Қазақстан Қоғамдық кеңесінің 2019 жылдағы жұмысы және 2020 жылға жоспары жайындағы» есебі тыңдалды;

2020 жылғы 11 наурызда – Шығыс Қазақстан облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қоғамдық бақылау нәтижелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің ақпараты тыңдалды;

2020 жылғы 11 маусымда – Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқарма басшысының «2019 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы жайындағы» есебі тыңдалды.

Қоғамдық кеңес мүшелері коронавирустық пандемияға байланысты орын алған жағдайда Шығыс Қазақстан облысында коронавирустың алдын алуды түсіндіру жұмысына қатысты. Төтенше жағдай режимі кезеңінде Қоғамдық кеңес жанындағы сарапшы жұмыс топтарының жетекшілерімен әлеуметтік желілерде 8 тікелей эфир өткізілді.

Сонымен қатар Қоғамдық кеңес мүшелері коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша билік органдарының қабылдаған шараларын, облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан дағдарысқа қарсы шараларды түсіндіру жұмыстарына атсалысуда.

Қоғамдық кеңестің жұмыс тобы коронавирустық инфекциясының таралуы жағдайын тұрақтандыру мақсатымен дәріханалардағы сұраныстағы дәрі-дәрмектердің бар болуын тұрақты түрде бақылауда, анықталған мәселелі сұрақтар Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына жіберіледі.

Денсаулық сақтау бойынша сарапшы жұмыс тобымен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар кешені жасалып, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына жіберіледі.

Кіші кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі сарапшы жұмыс тобымен дүкендерде, сауда орындарында, базарларда және басқа да объектілерде санитарлық талаптардың сақталуын бақылау мақсатымен рейдтер өткізілді.

Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің төрағас В.Головатюк

Дата публикации
23 июля 2020
Дата обновления
23 июля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Сайлау комиссияларының құрамдары
13 октября 2026
Мәслихаттар депутатының сайлауы -2026
30 сентября 2026
Ауылдық округ әкімдерінің сайлауы – 08.11.2026

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы