Жиі қойылатын сұрақтар
Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы белгіленген құзыретіне сәйкес облыс аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруды, ақпараттық саясат саласында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын үйлестіруді, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдардың қызметін ақпараттық сүйемелдеу, БАҚ-пен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық материалдарды орналастыру және жариялау мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасына жүгіну ұсынылады.
Байланыс деректері:
- Мекенжайы: 070019, Өскемен қаласы, Максим Горький көшесі, 40, 2-қабат, 234-кабинет;
- Кеңсе телефоны: +7 (7232) 713-222;
- Электрондық пошта: u.kantselyariya@akimvko.gov.kz;
- Ресми сайт: gov.kz.
Жүгіну тәсілдері:
- жазбаша өтініш;
- электрондық пошта арқылы өтініш жолдау;
- электрондық өтініштер порталы арқылы электрондық өтініш беру.
|
Тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз миссионерлік қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. Бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылған: 1. Қазақстан Республикасының азаматтарына — 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу; 2. шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға — Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салу.
Миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі (Анықтама «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңының 1-бабында көрсетілген).
Миссионерлік қызметті тіркеу үшін «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік қызметін алу қажет. Бұл қызмет жергілікті атқарушы органмен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сай көрсетіледі.
Мысал: Егер адам миссионер ретінде тіркелмей, діни материалдарды тарата отырып үйлерді аралап немесе қоғамдық жиналыстар өткізсе, бұл заң бұзушылық болып саналады және айыппұл салынады.
|
|
Діни әдебиетті, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды және діни заттарды тек белгілі жерлерде таратуға рұқсат етіледі: діни ғибадат үйлерінде (ғимараттарында) — мысалы, мешіттерде, шіркеулерде, храмдарда; діни білім беру ұйымдарында — медресселерде немесе семинарияларда; жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) арнайы белгілеген тұрақты үй-жайларда. Бұл діни әдебиетті рұқсатсыз көшелерде, қоғамдық орындарда, үйлерде немесе ұйымдарда таратуға тыйым салынғанын білдіреді. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни заттарды тарату үшін орналасатын жерін келісуге рұқсат алу үшін «Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналасатын жерін келісу» мемлекеттік қызметін алу қажет. Бұл қызмет жергілікті атқарушы органмен Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 31 наурыздағы № 97 бұйрығымен бекітілген Діни қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сай көрсетіледі.
Термин түсініктемесі
Діни ғибадат үйлері (ғимараттары) Діни ұйымның діни жораларды, рәсімдерді және қызметтерді орындауға арнайы арналған ғимараты немесе құрылысы. Заңда діни қызмет (оның ішінде ғибадат ету, діни жоралар мен рәсімдер) «діни ғибадат үйлерінде (ғимараттарда)» діни бірлестіктер арқылы жүзеге асырылатыны қарастырылған.
Діни (рухани) білім беру ұйымдары Діни ұйым құрамында жұмыс істейтін, мақсаты діни саладағы кадрларды оқыту және даярлау болып табылатын мекеме (мысалы, медреселер, семинариялар). Таратылатын әдебиет жағдайында мұндай ұйымдар діни әдебиеттерді тарататын орын бола алады.
Жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген тұрақты үй-жайлар Жергілікті атқарушы органдармен (әкімдіктермен) келісім бойынша діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни маңызы бар заттарды таратуға арналған орын ретінде ресми белгіленген тұрақты орналасқан жер (сауда шатыры емес, көше емес) үй-жай. Бұл жерде «...жергілікті атқарушы органдар арнайы белгілеген стационарлық үй-жайларда» таратуға рұқсат етілгені көрсетілген.
Діни мазмұндағы ақпараттық материалдар Діни мазмұнды қамтитын кез келген материалдар (баспа, электронды, дыбыстық, көрнекі және т.б.): ілімдер, рәсімдер, діни идеялар, уағыздар, діни белгілер және т.б. Қазақстан Республикасының заңнамасында діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды дайындауға, басып шығаруға және таратуға белгілі бір талаптарды, оның ішінде сараптама жүргізген кезде ғана рұқсат етілетіні белгіленген.
Діни мақсаттағы заттар Құдайға құлшылық ету, діни жоралар, рәсімдер өткізу үшін қажетті заттар, сондай-ақ діни нышандар элементтері бар заттар, бұйымдар мен атрибуттар.
Діни әдебиеттерді еркін тарату «Еркін» термині заңмен арнайы рұқсат етілген орындардан/жағдайлардан тыс мағынада қолданылады. Қазақстан Республикасының заңы діни әдебиеттерді және өзге де діни материалдарды кез келген жерде шектеусіз: көшеде, қоғамдық орындарда, үйде, ұйымдарда, келісімсіз таратуға жол бермейді.
Түсініктемелерде көрсетілгендей, тізімделген орындарда «таратуға тек... рұқсат етілген».
Мысал: Егер адам базарда немесе саябақта діни кітаптар таратса, бұл заң бұзушылық болып саналады. Бірақ дәл сол кітаптар мешіттерде, шіркеулерде, храмдарда және жергілікті атқарушы органдар белгілеген тұрақты үй-жайларда таратылса, бұл заңды. |