Шығыс Қазақстан облысының әкім аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі туралы ЕРЕЖЕСІ
Жалпы ережелер
- Құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлім (бұдан әрі - Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі - аппарат) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
Шығыс Қазақстан облысының әкім аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс жөніндегі бөлімі туралы ЕРЕЖЕСІДата публикации
16 апреля 2026