Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі туралы ереже
Жалпы ережелер
- Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – аппарат) болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлім құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аппарат басшысы бекітеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі туралы ережеДата публикации
16 апреля 2026