Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі туралы ереже

Жалпы ережелер

  1. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі (бұдан әрі - ІАҚ) облыс әкімдігінің 2016 жылғы 14 сәуірдегі №99 «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 87 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес құрылған.
  2. ІАҚ өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) және Қазақстан Республикасының басқа заңдарына, қолданыстағы заңнаманың өзге де талаптарына, облыс әкімі аппаратының ішкі құжаттарына және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. ІАҚ құрылымы мен штаттық саны облыс әкімінің келісімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының бұйрығымен бекітіледі. ІАҚ қызметін ұйымдастырушылық және материалдық–техникалық қамтамасыз ету қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
  1. ІАҚ қызметкерлерінің функционалдық міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі Ішкі аудит қызметі туралы ереженің негізінде әзірленетін лауазымдық нұсқаулықтармен белгіленеді және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің келісімімен Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы бекітеді.  
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі туралы ереже
Дата публикации
16 января 2020