Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі туралы ереже

Жалпы ережелер

  1. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының (бұдан әрі – облыс әкімінің аппараты) баспасөз қызметі (бұдан әрі – Баспасөз қызметі) өз қызметін облыс әкімі аппаратының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылда жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Баспасөз қызметінің штат санын Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен аппарат басшысы бекітеді.
  3. Баспасөз қызметіне басшылықты облыс әкімі аппаратының басшысы тағайындаған Баспасөз хатшысы жүзеге асырады.
  4. Баспасөз қызметі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі туралы ереже
Дата публикации
15 января 2020