Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) туралы ереже
Жалпы ережелер
- Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) (бұдан әрі – кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімі және әкімдігі актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
- Кадр қызметінің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының басшысы бекітеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) туралы ережеДата публикации
13 января 2020