Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қаржы - экономика бөлімі туралы ереже
Жалпы ережелер
- Қаржы - экономика бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының құрылымдық бөлімі болып табылады.
- Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, облыс әкімінің, әкімдігінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
- Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шегінде әкім аппаратының басшысы бекітеді.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қаржы - экономика бөлімі туралы ережеДата публикации
30 июля 2020