«Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Жұмыс тәртібі: сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Бес күндік жұмыс аптасы белгіленген. Демалыс және мейрам күндеріндегі жұмыс және кезекшілік облыс әкімі аппараты басшысының жеке актілерімен белгіленеді.
Егер облыс әкімінің аппаратына заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орталық атқарушы органдар басшылары, облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы берген тапсырмаларды орындау бойынша ақпараттық, анықтамалық және талдамалық материалдар әзірлеу;
мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, облыс әкіміне, облыс әкімінің орынбасарларына, облыс әкімінің аппарат басшысына облысты дамыту мәселелері жөнінде талдамалық және ақпараттық материалдар әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыреті шегінде облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау жүргізуді ұйымдастыру;
облыстың жергілікті атқарушы органдарының норма шығармашылық қызметінің талдауын, облыс әкімі және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторингін жүргізу;
көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау және мониторинг жүргізу;
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің сайтын ақпараттық толтыру және жұмысын ұйымдастыру;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
облыс әкімдігі қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкiметтiң» архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасының ендірілуін қамтамасыз ету;
мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асыру, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
облыс әкімдігінің «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасы негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын бекіту бойынша шаралар қабылдауы және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
«электрондық үкіметтің» архитектуралық порталында облыс аппаратының, әкімдігінің ақпараттық жүйелерін тіркеуді, облыс аппаратының, әкімдігінің ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, облыс аппаратының, әкімдігінің ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ облыс аппаратының, әкімдігінің ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
өз интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
облыс аппаратының, әкімдігінің ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз ету және оларды «электрондық үкiметтiң» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыру;
цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыру;
мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін облыс әкімдігінің бекітуі бойынша шаралар қабылдау;
ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
облыс әкімі аппаратының ішкі аудит қызметі функцияларын жүзеге асыру.
2) облыс әкімінің қызметін ұйымдастыру тұрғысынан қамтамасыз ету:
облыс әкімдігінің мәжілістерінде, кеңейтілген аппарат және облыс әкімінің төрағалығымен басқа жиналыстарда қарау үшін жылдық мәселелер тізбесін әзірлеу, күн тәртібін жасау, облыс әкімдігінің мәжілістеріне материалдар әзірлеу, облыс әкімдігі мәжілістерінің материалдары мен хаттамаларын ресімдеу және тарату, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін шығару, оларды тарату және сақтау;
облыс әкімі, оның орынбасарлары өткізетін кеңестердің өткізілуін ұйымдастыру, кеңестердің хаттамаларын әзірлеу;
іс қағаздарын, соның ішінде құпия іс қағаздарын, арнайы байланысты ұйымдастыру және жүргізу;
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Бірыңғай электрондық құжатайналымы жүйесін құру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
облыс әкімі, оның орынбасарлары, облыс әкімі аппарат басшысының, облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілетті тұлғасының азаматтарды қабылдауының тоқсандық кестесін әзірлеу және қабылдауды ұйымдастыру;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппарат басшысының атына келіп түскен азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша, электрондық, бейне өтініштерін, облыс басшылығының жеке қабылдауында түскен өтініштерді қарау, оларды бақылау және талдау;
кадрлардың Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру өңірлік орталығында және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқуын ұйымдастыру;
жергілікті атқарушы органның мемлекеттік наградалар бойынша қызметін ұйымдастыру;
облыс әкімі және әкімдігінің актілерін, құжаттамаларды және облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімдігінің Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі, Қазақстан Республикасының басқа да орталық атқарушы органдары, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, облыс, қалалар және аудандардың атқарушы органдары, сот, құқық қорғау органдарымен хат алмасуларын тіркеу, сақтау және мұрағатқа өткізуді қамтамасыз ету;
облыс әкімі және әкімдігінің құқық қорғау және арнайы органдарымен қауіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, адам саудасына қарсы күрес, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл және облыс аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастырудың өзге де мәселелері бойынша өзара іс-әрекетін ұйымдастыру;
облыс аумағында мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз етуді бақылау;
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылау;
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз етуді бақылау;
көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолдану;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беру;
мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына беру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, регламенттерін сақтауын қамтамасыз етуге бақылау;
Шығыс Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы аппараты (хатшылығының) қызметін қамтамасыз ету;
аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметін үйлестіру жөнінде облыс әкімінің жұмысын ұйымдастыру;
Шығыс Қазақстан облысы аумағында жергілікті маңызы бар міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін облыс әкімдігінің тұрақты, іске асырушылық және (немесе) бақылау функцияларын қамтамасыз ету;
сот және өзге де құқық қорғау органдарында облыс әкімінің және әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіру және қорғау;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімінің аппараты басшысының тапсырмалары бойынша облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларын әзірлеу;
облыс әкімінің аппаратына келісімдеуге келіп түскен облыс әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық және құқықтық актілері жобаларының сараптамасын ұйымдастыру;
облыс әкімінің, әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының қызметін үздіксіз ұйымдастыру мақсатында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.
Облыс әкімінің аппараты қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
облыс әкімінің аппараты:
өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық, соның ішінде құпия деректер базасын пайдалануға;
облыс әкімінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуына тексеру жүргізуді ұйымдастыруға және қатысуға;
облыстың жергілікті атқарушы органдары құрамдарына кіретін мемлекеттік органдар, олардың ведомствоға қарасты ұйымдарына қатысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бақылау іс-шараларын жүзеге асыруға;
облыс әкімдігіне және әкімге есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының облыс әкімі аппаратында бақылауда тұрған тапсырмаларды орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
облыс әкімінің аппараты:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функцияларды орындауға міндетті.
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штаттық кестесін, құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, аппарат қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) мемлекеттік органның «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) облыстың жергілікті атқарушы және өкілетті органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Облыс әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Облыс әкімінің аппараты қарамағындағы ұйымдардың тізбесі