Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы өнеркәсіп бойынша ақпарат
2025 жылғы қаңтар-маусымда өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1 566,2 млрд.теңгені, өңдеу өнеркәсібі 1 390,1 млрд. теңгені (ҚР бойынша үлесі – 10%) құрады, өсім 27%.
Өңдеу өнеркәсібі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 88,6% алады.
Өңдеу өнеркәсібінің негізгі үлесін металлургия алады-70%.
Құрылыс лицензиясын алу үшін Сізге: «Электрондық лицензиялау» порталына кіріңіз немесе тіркеліңіз. «Қызметті онлайн тапсырыс беру» батырмасын басқаннан кейін ашылған «Электрондық лицензиялау» порталының бетінде пайдалы қатты қазбалар саласындағы уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өтінімді
толтырыныз.
Өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:
1) өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған кен іздеушілік учаскесін айқындайтын, бұрыш нүктелерінің географиялық координаттары бар және жалпы алаңы көрсетілген масштабтағы кен іздеушілік аумағына нұсқау.
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) өтініш иесі бекіткен және кен іздеушілік кезінде пайдаланылуы жоспарланып отырған механикаландыру құралдары мен жабдықтың тізбесін, сондай-ақ кен іздеушілік учаскесінде жүргізілуі жоспарланып отырған кен іздеушілік жөніндегі жұмыстың түрлері мен тәсілдерінің сипаттамасын қамтитын құжат;
2) аумағына осы тармаққа сәйкес өтініш берілетін жер пайдаланушының немесе жер учаскесінің жеке меншік иесінің, сондай-ақ жер қойнауы учаскесін пайдаланушының келісімі;
3) егер өтініш беруші кен іздеушілікке арналған лицензия қолданысының алғашқы жылы ішінде механикаландыру құралдарын пайдалануға ниет білдірсе, кен іздеушілік жоспары.
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде толтыруы тиіс.
Әлеуметтік, кәсіпкерлік субъектілері үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес грант беру жөніндегі конкурсқа әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер немесе «Бір ауыл – Бір өнім» бағдарламасының финалистері қатыса алады.
|
Туризм саласындағы кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының «Туристік қызмет туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің бірқатар нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қолдау түрлері мыналарды қамтиды: 1. Санитариялық-гигиеналық тораптарды (СГТ) ұстауға жұмсалған шығындардың бір бөлігін субсидиялау. Мемлекет туристерге қызмет көрсететін инфрақұрылым объектілерін ұстайтын кәсіпкерлердің шығындарының бір бөлігін өтейді. 2. Туристік нысандарды салу және реконструкциялау кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеу. Бұл қолдау түрі туристік инфрақұрылымды (қонақүйлер, кемпингтер, этноаулдар, демалыс базалары және т.б.) дамытуға инвестиция тартуды ынталандыруға бағытталған. 3. Жол бойындағы сервис нысандарын салу кезіндегі шығындардың бір бөлігін өтеу. Бұл қолдау түрі «А» және «В» санатындағы нысандарды — дәмханалар, мотельдер, техникалық қызмет көрсету станциялары, трасса бойындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қамтиды. 4. Туристік автобустарды сатып алу бойынша шығындарды өтеу. Мемлекет сегіз және одан да көп жолаушыға арналған автобустарды (жүргізуші орнын қоспағанда) сатып алу шығындарының бір бөлігін өтейді. Қолдау алу тәртібі: Өтінім Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасына қағаз түрінде немесе электронды форматта (пошта арқылы не қолма-қол) беріледі. Құжаттар топтамасы комиссиямен 10 жұмыс күні ішінде қаралады, шешім хаттама түрінде рәсімделіп, басқарманың интернет-ресурсында жарияланады. Нәтиже: Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы оң шешім; Немесе уәжді бас тарту. Табысты мысал: «А» жеке кәсіпкері санитариялық-гигиеналық тораптарды ұстау шығындарын субсидиялау туралы өтінім беріп, фото және бейнематериалдарды ұсынған. Комиссияның қарауынан және Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігімен келісілгеннен кейін кәсіпкерге ай сайын 83 300 теңге мөлшерінде субсидия жыл соңына дейін тағайындалған. |