Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

 

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 Мемлекеттік және өзге де қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпаратты Біріңғай байланыс орталығының телефоны 1414 немемсе 8-800-080-7777 (қоңырау шалу тегін) ақпараттық-анықтамалық қызметті арқылы алуға болады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шешімге, көрсетілетін қызметті берушілердің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызмет беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) беріледі.

Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды тұлға шағыс түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен кешіктірмей оны шағымды қарайтын орган жолдайды.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалған лауазымды тұлға, егер де 3 (үш) жұмыс күн ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, онда ол шағымды қарайтын органға шағымды жолдамайды.

Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымды қарау мерзімі 10 (он) жұмыс күннен аспайтын мерзімге келесі себептермен ұзартылады:

1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

Егер де заңда өзге шешімдер көзделмесе, сотқа шағымдануға сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.

Документы
Есеп
03 апреля 2026
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Есеп
03 марта 2026
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу нәтижелері бойынша 2025 жыл есебі
Есеп
09 апреля 2025
Шығыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
2
Бот «EgovKzBot2.0»
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі
Ютуб канал акимата Восточно-Казахстанской области
akimatvko

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы