Денсаулық сақтау кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен, мамандандырылған дәрілік заттармен, иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету:
1) денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда жедел жәрдем, сондай-ақ мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету кезінде;
2) профилактикалық егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету кезінде;
3) тіркелген жері бойынша медициналық ұйымда бекітілген тізбеге сәйкес амбулаториялық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық және мамандандырылған көмек көрсету кезінде.
1 жасқа дейінгі балаларға тегін тамақ беру Бұйрыққа сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады. Абсолютті көрсеткіштер:
- жасанды тамақтандыру:
- емізетін ананың аурулары:
- АИТВ-инфекциясы, туберкулездің белсенді түрі;
- баланың аурулары:
- расталған туа біткен лактаза жеткіліксіздігі, галактоземия, фенилкетонурия, «үйеңкі сиропы» ауруы;
Салыстырмалы көрсеткіштер:
- жасанды тамақтандыру:
бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды (цитостатиктер, радиоактивті, қалқанша безінің, психотроптық, есірткі) қабылдаумен сүйемелденетін емізетін ананың аурулары:
жедел психикалық аурулар (психоздар немесе босанғаннан кейінгі ауыр депрессиялар), туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақаулары, жүрек-қантамыр жүйесінің декомпенсациясымен бірге жүретін жүрек аурулары, эндокриндік аурулардың ауыр түрлері, аллергиялық аурулардың ауыр түрлері;
- жасанды және аралас тамақтандыру:
медициналық:
бейінді маманның қорытындысы болған кезде дәрілік препараттарды (цитостатиктер, радиоактивті, қалқанша безінің, психотроптық, есірткі) қабылдаумен сүйемелденетін емізетін ананың аурулары:
қан жүйесі мен қан түзуші аппарат ауруларының ауыр түрлері, қатерлі онкологиялық аурулар, бүйрек жеткіліксіздігінің дамуымен бүйрек ауруларының ауыр түрлері, іріңді-септикалық аурулар, гипогалактияның бастапқы түрлері;
- көп жүктілік кезіндегі балалар;
- білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын аналардың балалары,
- ананы стационарлық емдеу
Медициналық мекемелердегі емханалар мен ауруханалардағы медициналық қызмет көрсету сапасына «Пациенттің құқықтарын қолдау қызметі» бөліміне, бас дәрігерге, бас дәрігердің бақылау және сапа жөніндегі орынбасарына; облыстың денсаулық сақтау басқармасына, облыстың медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Департаментіне жүгінуге болады. Сіз қабылдауға жазыла аласыз немесе «е-Өтініш» жүйесінде өтініш бере аласыз. Шағым беру кезінде нақты фактілер мен жағдайларды, күндерді және т.б. көрсетуді ескеру қажет. Растайтын құжаттарды немесе дәлелдемелерді (бар болса) қоса беріңіз. Мәселені нақты және егжей-тегжейлі тұжырымдау қажет. Егер шағым пациенттің құқықтарының бұзылуына немесе көрсетілген қызметтердің сапасына байланысты болса, бұл ақпарат мәселені қарауды жеделдетуге және жағдайды жақсарту үшін шаралар қабылдауға көмектеседі.