Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің істер басқармасы» КММ
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Шығыс Қазақстан облысы әкімінің істер басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) басқару функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеменің үйымдық-қүқықтық нысанында қүрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні - басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты - басқармаға берілген мемлекеттік мүлікті пайдалану және күтіп үстау, сондай-ақ көліктік қызмет көрсету болып табылады.
Аталған максатқа қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- облыстық коммуналдық меншікке жататын басқармаға берілген ғимараттарды пайдалану, күтіп ұстау және қызмет көрсету;
- басқармаға берілген ғимараттар мен үй-жайларға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- басқармаға берілген ғимараттар мен үй-жайлардагы жылу және электрмен қамту, байланыс құралдары, сантехникалық жабдықтар, лифт кұрылғылары мен ұйымдастыру техникасының үздіксіз қызмет етуін камтамасыз ету;
- ғимаратқа іргелес аумақтарды көгалдандару жэне көріктендіру;
- Уәкілетті органга, облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға көліктік қызмет көрсету үшін басқармаға берілген автокөлік құралдарын пайдалану және күтіп ұстау;
- жабдықтаушы функцияларын орындау (жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдар өткізетін кеңестер, конференциялар мен басқа арнайы іс- шараларда кызмет көрсету, сондай-ақ ресми делегацияларды, облыс қонақтарын қабылдау, кездесулерде қызмет көрсетуді ұйымдастыру).