Сыбайлас жемқорлықпен күрес – әрқайсымыздың басты міндетіміз. Сыбайлас жемқорлық әділеттілікті бұзады, мемлекеттік және қоғамдық институттарға деген сенімділікке нұқсан келтіреді, экономикалық дамуды баяулатып, әлеуметтік бастамаларды тежейді.
Еліміздің азаматы ретінде және ауданымыз үшін жауапкершілікті сезінуші ретінде, мен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тек мемлекеттік органдардың емес, әр азаматтың жауапкершілігі екенін нық сеніммен айта аламын. Тек бірлескен күш-жігеріміз арқылы біз күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болатын адалдық, ашықтық және есеп берушілік қағидаларын қалыптастыра аламыз.
Сыбайлас жемқорлықпен күрестегі басымдықтарымыз
Негізгі қадамдардың бірі – шешім қабылдау үдерісіне ашықтық принциптерін енгізу. Ауданның дамуына қатысты барлық жобалар жергілікті қоғаммен талқыланады. Біз бюджет қаражатын мүмкіндігінше ашық бөлуді қамтамасыз етудеміз, бұл кез келген теріс пайдалану мүмкіндіктерін болдырмауға көмектеседі.
Мемлекеттік басқаруды цифрландыру өздеріңіз көріп жүргендей қарқынды дамуда. Біздің ауданымызда мемлекеттік қызметтерді жеңілдететін электронды сервистер белсенді енгізілуде.
Жастарға жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру бағдарламалары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындар арасында сыбайлас жемқорлық схемаларын қалай анықтауға болатыны және олар анықталған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Біз мемлекеттік органдар қызметіне тәуелсіз бақылау жасау үшін үкіметтік емес ұйымдармен, журналистермен және аудан тұрғындарымен белсенді ынтымақтастық орнаттық.
Ал, бұл ретте сіздер - ауданымыдың әр тұрғыны не істей аласыздар?
Егер сіз заңсыз әрекеттердің куәсі болсаңыз, үндемей қалмаңыз. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлауға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін жедел желі бар. Біз өтініш берушілердің құпиялығын және әрбір шағымды жедел қарауды қамтамасыз етеміз.
Сонымен қатар, жемқорлық схемаларына араласуға жол бермеңіз. Заңды және адал қарым-қатынас жасау – әділ әрі тұрақты қоғамның қалыптасуына қосқан үлесіңіз. Ортақ күш-жігеріміз – табысты болашақтың кепілі
Басқарудың тазалығы, адамдардың сенімі және заңдылық – ауданымыздың гүлденуінің негізі. Біз сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ғана емес, сондай-ақ болашақ ұрпақ үшін сау ортаны құру мүмкіндігіне бірге қол жеткізе аламыз.
Құрметпен,
Түпқараған ауданының әкімі – Елтизаров Рахат Тезекбайұлы