Мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл-әрбір азаматтың міндеті. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық әлемнің кез-келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді.Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады. Еліміздің Тәуелсіздік алған алғашқы күнінен бастап мемелекет басшымыз бәрімізде тек қана бір уайым-Қазақстан халқының амандығы және бір мақсат-Отанымыздың гүлденуі екендігін әрқашан атап көрсетеді. Бүгінгі таңда халқымыздың бірлігі мен елдегі тұрақтылық арқасында экономикамыз өркендеп, соның салдарынан азаматтарымыздың хал-ахуалы жақсартып келеді.Еліміздің Президенті жылсайынғы жолдауында сыбйалас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған және әкімшілік реформалар-мемлекеттік басқару жүйесін жеңілдетуден туындайтын міндеттемелерге басты назар аударылған. Президент сыбайлас жемқорлықпен күресудің негізгі бағдарламалық бағыттарын белгілеп берді.Осының нәтижесінде мемлекеттік қызметке өту мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысуды жинақтаған жаңа орган құрылды. Ел Президентіне тікелей бағынатын орган болып табылатын Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекет пен қоғамның мемлекеттік қызметті, кадрлық саясатты жүзеге асырудағы күш-жігерін біріктіреді және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге күш салады. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру болып табылады, өйткені бүгінде азаматтардың мемлекеттік органдармен жасайтын кез-келген қарым-қатынасы, бір жағынан сыбайластықтан құрылған қызмет түрін қабылдаумен байланысты. Жемқорлықты жою-еліміздің фундаменталды құндылығы-тәуелсіздігімізді нығайтатын негізгі шарттардың бірі. Азаматтық қоғамның барлық секторларымен, барлық мемлекеттік органдарымен, бизнес өкілдерімен ынтымақтастықта ғана осы мәселені шешіп, Қазақстанның гүлденуіне жағдай жасай аламыз. Өзара сенім, жауапкершілікпен серіктестік негізінде мемлекет, қоғам және бизнес өкілдерінің бірігуі, қоғамдағы жемқорлыққа қарсы пікір мен құқықтық сананы қалыптастыру еліміздегі жемқорлық деген әлеуметтік мәселені жоятынына сенімдімін.
«Баутин ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі