

Ғалымжан Ниязов Шетпедегі мектепке жапсарлас салынып жатқан құрылыс жұмысын қарады
Ғалымжан Ниязов аудандағы үш ауысымды мектептің бірі А. Меңдалыұлы атындағы орта мектепке жапсарлас салынып жатқан 200 орындық қосымша құрылыс нысанына барып, жұмыстың қазіргі жағдайымен танысты.
Бұл қосымша құрылыс өткен жылы көктемде басталған болатын. Қазіргі кезде нысанның құрылысы аяқталуға жақын.
Оқушылардың білім алуы үшін заманауи оқу кабинеттері, ыңғайлы акт зал мен асхана, сондай-ақ, ғимараттың алдына талғамға сай ойын, демалыс алаңдары жабдықталған.
Мердігер мекеме өкілі сәуір айының соңында құрылыс жұмыстары толықтай аяқталатынын айтты. Ал мектеп директоры Қалжан Еңсегенова қазіргі мектеп ғимаратына да толықтай жөндеу жүргізілетінін және мектепті кеңейтіп, қосымша құрылыстың салынуына қолдау көрсеткен жандарға ризашылығын жеткізді.