Аудан әкімі әлем чемпиондарын қабылдады

Гір спортынан Индия елінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Айдын Ахметовты және қол күресінен жасөспірімдер арасында Түркия елінде өткен әлем чемпионатының жеңімпазы Гауhар Жанғазыны бапкерлерімен қабылдады.
- Спорт - елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Қарақия ауданы да спорт саласында талай қыранды түлетіп, елдің байрағын желбірететін спортшыларды шығаруда.
Ауданның ғана емес, облыс және республикамыздың мерейін әлемдік аренада асырдыңыздар. Осы орайда, Сіздерге алдағы үлкен халықаралық додаларда сәттілік тілеймін, -деді аудан әкімі Қ.Беков.
Аудан әкімі спортшылардың жеткен жетістіктерімен құттықтап, спортшылар мен жаттықтырушыларына ризашылығын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.
Қызмет бағыты