Қарақия ауданында Жол картасы аясында 21 жоба жүзеге асырылады

Жарияланған күні: 11 мамыр 2020

"Жол картасы" бағдарламасы аясында ауданымызда 21 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. 21 жобаның қаржы көлемі - 4 715 646 мың теңгені құрап отыр. Және біздің міндетіміз осы 21 жобаны жүзеге асыру бағытында 1120 адамды уақытша жұмысқа тарту. Оның ішінде, 560 адам жұмыссыздықта тіркелген болуы тиіс.

Бүгінгі таңда жұмыссыздықта тіркелген азаматтарды жұмысқа шақырып жатырмыз. Әрине мамандықтары бойынша. Оның ішінде құрылыс басталып кеткен нысандарда жергілікті тұрғындарымыз жұмысқа жолдама алып, жұмыстарын бастап кеткендері де бар.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында тағы бір орындалуы тиіс міндеттердің бірі тұрақты жұмыспен қамту. Бұл бағытта жоспар бойынша тұрақты 73 жұмыс орны құрылатын болады.» - деп мәлімдеді бүгінгі өткен брифингте Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Қылаубаева Гүлмира Толыбайқызы.