Құланды ауылына 40 жыл. Ұйымдастыру алқасының шешімімен, ауыл азаматтарының қолдауымен «Құланды ауылы»стелласы ашылды.

Жарияланған күні: 07 қараша 2022
Құланды ауылына 40 жыл. Ұйымдастыру алқасының шешімімен, ауыл азаматтарының қолдауымен «Құланды ауылы»стелласы ашылды.

Осы көрнекіліктің ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Ауыл-аймақ басқосқан қуанышты шарада Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Манар Төлегенов, ауыл ардагерлері туған мекен үшін жасалып жатқан игі істерге өз ризашылықтарын білдіріп, «ауылдастарымыз ауызбіршілікпен алда да толағай істер тындырады» деп ақ тілегін білдірді.

Осы ауыл азаматтарының игі ісі - көпке үлгі боларлықтай дүние. Құланды орта мектебінің әр жылғы түлектері мен жанашыр азаматтары туған жерге тартуын ұсынып, өз ауылының дамуына үлесін қосып келеді.