ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫН

ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА

АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаөзен – 2020 жыл

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1.БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ…….........................................................................................4-5

2.АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ............................................................................................6-8

2.1.Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау………………............................................9

2.1.1.бағыт. Экономика……………………………………………….…..……...…..........................9-10

2.1.1.1. Өңірлік макроэкономика…………………………………….….…....…....................................10

2.1.1.2.Өнеркәсіп және инвестициялар ……………………….…….…….......................................10-13

2.1.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен…………………………..................................................................14-17

2.1.1.4. Шағын және орта бизнес, сауда………………………………………….............................17-21

2.1.2. бағыт. Әлеуметтік сала.................................................................................................................21

2.1.2.1. Білім беру……………………………………..……….…………………..........................…21-31

2.1.2.2. Денсаулық сақтау……………………………………..………………………......................31-35

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау………………………………….…......................35-43

2.1.2.4. Мәдениет спорт және туризм .………………………...........................................................43-45

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт………………………………………..…….....................….45-47

2.1.2.6.Ішкі саясат……………………………………………………………........................……....47-49

2.1.2.7. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп…………………......................…..................49-52

2.1.2.8.Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу…….……….…….....................52-55

2.1.3. бағыт. Инфрақұрылым………………………………………....................................................55

2.1.3.1. Байланыс және коммуникациялар………………………………………….........................55-56

2.1.3.2. Құрылыс…………………………………………………………………….....................…..56-58

2.1.3.3. Жолдар және көлік…………………………………………………………..........................58-62

2.1.3.4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық…………………………........................................62-73

2.1.4.бағыт. Экология және жер ресурстары……………………………….…................................73

2.1.4.1. Қоршаған ортаны қорғау........................................................................................................73-76

2.1.4.2. Жер ресурстары…………….…………………………………………………......................76-78

2.1.4.3. Ауылдық және шекара маңындағы аумақтар……..............................................................78-85

  1. 3. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МІНДЕТТЕР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ..............................................................86

3.1. бағыт. Экономика…………………..……………………………………….....…..........................86

3.1.1.Өңірлік макроэкономика……………………………………………………….......................…..86

3.1.2.Өнеркәсіп және инвестициялар .…………………..................................................................86-87

3.1.3. Агроөнеркәсіптік кешен…………………….........................................…................................87-88

3.1.4. Шағын және орта бизнес............……………………................................…............................88-89

3.2.бағыт. Әлеуметтік сала....................................................................................................................89

3.2.1. Білім беру…………………………………….…………...........................................................89-91

3.2.2. Денсаулық сақтау…………………………………….…………………..…............................91-93

3.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау…………………....................……...........................93-94

3.2.4. Мәдениетспорт және туризм .....……………………………..................................................94-95

3.2.5Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп................................................................................96

3.3. бағыт. Инфрақұрылым....................................................................................................................97

3.4.1. Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы.…..………………….....................97-98

3.4. бағыт. Экология және жер ресурстары........................................................................................98

3.4.1. Қоршаған ортаны қорғау................................................................................................................98

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................................................................................99

 

 

 

 

 

 

  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

 

Атауы

Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеуге негіздеме

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29қарашадағы «Қазақстан РеспубликасыныңМемлекеттік жоспарлау жүйесінбекіту туралы» № 790 қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2018 жылғы 19 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің кейбір мәселелері туралы» №64 бұйрығы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы №104 бұйрығымен бекітілген «Көрсеткіштердің базалық тізбесіне» сәйкестікке келтіру және оңтайландыру бойынша қайта жасақталды.

Өңірдің негізгі сипаттамалары

Облыс қарауындағы Жаңаөзен қаласы 1968 жылы құрылды. Облыс орталығы Ақтау қаласынан Жаңаөзен қаласына дейінгі ара қашықтық – 150 шақырым. Жалпы қаланың аумағы 0,515 мың шаршы шақырымды, облыс аумағының 0,3%-ын құрайды. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің халқының саны 154,0 мың адамды, облыс бойынша халық санының 22,0% құрады.Жаңаөзен қалалық әкімшілігініңқұрамына Теңге ауылы (тұрғындарының саны 22,1 мың адам), Қызылсай ауылы (7,4 мың адам) және Рахат ауылы (43,3 мың адам) кіреді.Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2019 жылы 194,9 млрд.теңгені құрады, облыстық көлемдегі үлес салмағы10,1%.

Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мақсаттар

Экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз ететін өңірдің бәсекеге қабілетті мамандандырылуын қалыптастыру.

Өнеркәсіп өнім көлемін ұлғайту, қала экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығы өніміөндірісінің көлемін арттыру үшін жағдай құру.

Шағын және орта бизнесті дамыту, бөлшек сауда көлемін арттыру.

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту, жастар саясатының тиімділігін арттыру.

Қала халқының денсаулығын нығайту.

Жұмыспен қамтуды, әлеуметтік көмектің және әлеуметтік қызметтерді көрсетудің тиімділігін көтеру.

Халық үшін мәдениет саласы қызметтерінің жалпыға бiрдей қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Құқықтық тәртіпті және өңірдің жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Құрылыс саласының, оның ішінде тұрғын үй құрылысының дамуынажәрдемдесу.

Табиғи ресурстарды сақтау және қоршаған ортаны жақсарту.

Нысаналы индикаторлар

Жергілікті бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны мен көлемі.

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі.

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілген қызметтердің) нақты көлемінің индексі.

Тіркелген жалпы көлемдегі шағынжәне орта кәсіпкерліктің қолданыстағы субъектілерінің  үлесі.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі.

Жұмыс істеп тұрған авариялық және үш ауысымдық мектептер саны;

Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту.

Аналардың өлім-жітімін төмендету (тірі туған 100 мың балаға шаққандағы жағдайлар саны).

Нәрестелердің өлім-жітімін төмендету (тірі туған 1 мың балаға шаққандағы жағдайлар саны.

Жұмыссыздық деңгейі.

Атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмек) алушылардың ішіндегі жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандардың үлесі.

Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің ішінен жұмысқа орналасқан мүмкіндіктері шектеулі адамдардың үлесі.

Мүгедектерге қол жетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік  инфрақұрылымы объектілерінің  үлесі.

1000 адамға шаққандағы мәдениет ұйымдарына келушілердің (келу) орташа саны:

кітапханаларға келушілер саны,

театрларға келушілер саны,

концерттік ұйымдарға,

мұражайларға.

Халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі.

Өткен жылмен салыстырғанда өңірдегі орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілер санының ұлғаюы.

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту.

Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы.

Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы.

Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі.

Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету.

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету;

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілуі:

қалада,

ауылдық елді мекендерде.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағыоблыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың түзілуіне қатысты оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі.

Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан).

Халықты сарқынды суды тарзартумен қамту.

 

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты.

Қаржыландыру көлемі:

2016 жылы – 2 780 032,1 мың теңге;

2017 жылы – 2 486 251,8 мың теңге;

2018 жылы – 2 363 892,4 мың теңге;

2019 жылы – 6 717 822,8 мың теңге;

2020 жыл – 11 841 880,6 мың теңге;

Барлығы: 26 189 879,7 мың теңге.

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

Өңірдің жалпы сипаттамасы.

 

Алпысыншы жылдарыӨзен кенорнынангаз бен мұнайдың көзі ашылды. 1964 жылы қазіргі мұнайшылар қаласының қазығы қағылып, қала типтес жұмысшы поселкесі пайда болды. Онда Маңғыстау жарты аралында тұңғыш рет мұнай кәсіпшілігі басқармасы құрылды, бұл өлкеде екпінді құрылысшы бригадалары жасақталып, тұрғын үйлер мен мәдени нысандарды салу жұмыстары жүргізілді.

1968 жылы 21 қазанда Қазақ ССР Жоғары Совет Президиумының Қаулысымен Гурьев облысы құрамында Өзен ауданы құрылып, Жаңаөзен поселкесі қала статусын алды.

1968 жылдан 1992 жылға дейін қаланың атауы Новый Узень болған, 1992 жылдан бастап – Жаңаөзен.

Жаңаөзен қаласы - Маңғыстау түбегінің континенталды бөлігінде Маңғышлақ үстіртінде орналасқан. Облыс орталығы Ақтау қаласынан кейінгі екінші қала. Облыс орталығынан Жаңаөзен қаласына дейінгі ара қашықтық – 150 шақырым. Теңіз жағасынан 60 шақырым қашықтықта. Жері тастақ, төңірегі кеңістік, жазық дала.

Жер қабатының және өсімдік сипаты бойынша барлық аумақ шөлейтті-дала аймағына жатады. Тұщы судың су үсті көздері және суасты қойнаулары қала аумағында жоқ. Тұщы су үш көзден келеді – ұзындығы 1050 шақырым. Қиғаш-Маңғыстау су құбыры бойынша Волга суы және Түйесу мен Сауысқан кен орындары.

Транспорттық орналасуы бойынша Жаңаөзен қаласын - темір жол желісі бойында, халықаралық, республикалық, жергілікті маңызы бар жолдардың бойында орналасқан қалалар тобына қосуға болады. Теміржол қатынасына қызмет көрсету бойынша жаңа өндіріс орындарын құруға және жаңа жұмыс орындарының пайда болуына ықпал ететін «Өзен-Түрікменстанмен мемлекеттік шекара» теміржол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Облыстық бағыныстағы Жаңаөзен қаласының аумағы 0,515 мың шаршы километрді, облыс аумағының 0,3%-ын құрайды. Жаңаөзен қаласының және оған іргелес елді мекендердің халқының саны 2020 жыл басына 154,0 мың адамды (2018 жылы – 151,1 мың адам, 2017 жылы – 147,9 мың адам), 2019 жыл басымен салыстырғанда табиғи өсім2,9 мың адамға,1,9%-ға өсті.

Жаңаөзен моноқаласы экономикасының перспективалы экономикалық мамандануының негізгі бағыты - мұнай мен газ өндіру болып қала береді.

Жаңаөзен қаласын дамытудың басты мақсаты онымен Маңғыстау облысының және болашақта республикалық деңгейдегі индустриалдық желінің стратегиялық мұнай-газ өндіру аймақтарының өнеркәсіптік және сервистік орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып келеді. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын әрі қарай дамытуға кедергі жасайтын маңызды проблемалардың бірі - ауыз суының және суаруға арналған судың көлемінің жеткіліксіздігі болып келеді. Егер қалаға қызметтің жаңа бағыттарын дамыту болса, онда стратегиялық басымдылық қаланың сумен жабдықтау және канализация, жаңа өндірістер үшін кадрлар дайындау, қала брендін жақсарту және қызмет көрсету мәдениетін арттыру сияқты өмірлік маңызы бар жүйелерін модернизациялау болады.

Жаңаөзен қаласын салудың 2025 жылға дейінгі Бас жоспарына сәйкес (Жаңаөзен қалалық мәслихаттың 26.09.2012 жылғы №9/78 шешімі, облыстық мәслихаттың 07.12.2012 жылғы №7/91 шешімімен бекітілген) халық санының өсуі 2035 жылға дейін – 200,0 мың адам, 2025 жылға дейін – 150,0 мың адам көрсетілген.Бас жоспардың мақсаты: халық санының өсуін ескеру, олардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау, көгалдандыру, жасыл-желектерді көбейту.

Қаланың Бас жоспарына сәйкес, қаралған жер ресурстары таусылды деуге болады және бүгінгі күні жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа жерді беру мүмкіндігі жоқ екендігі айқын.

Демографиялық әлеуеті. Халық санының өсу динамикасы: 1991 жылы - 57,6 мың адам, 1995 жылы - 56,8 мың адам, 2000 жылы - 66,0 мың адам, 2005 жылы -79,4 мың адам, 2010 жылы - 118,7 мың адам, 2015 жылы – 140,6 мың адам, 2019 жылы- 154 мың адамды құрады.

Халық санының бұрынғы жылдардағы негізгі өсімі ТМД елдерінен келген оралмандардың санынан болды. Соңғы жылдары туу көрсеткіші есебінен қарқындап өсуде. Жылына орташа есеппен 3700-ге жуық бала дүниеге келеді. Жаңаөзен қаласы халқының 2020 жыл басына жекелеген этностары бойынша саны 154 003 тұрғынның: 151 994 қазақтар (98,7%), 992 орыстар(0,6%),24 әзербайжандар, 8 украиндар, 84 лезгиндер, 66 татарлар, 1 армяндар,11 чечендер, 48 корейлер, 294 қарақалпақтар,227 өзбектер, 49 қырғыздар, 13 осетиндер, 6 удиндер, 186 басқа да ұлттар.

Жаңаөзен қаласы халқының жынысы мен жекелеген жас топтары бойынша саны барлығы 154003 адамның: ерлері – 76 665(49,8%), әйелдер – 77338 (50,2%). Соның ішінде: 0-15 жас – 59 697 адам (38,7%), 16-62(58) жас – 85 261 адам (55,4%), 63(59)+жас – 9045 адам (5,9%).

Көрсеткіштер

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Жаңаөзен қаласы бойынша халық саны

140,6

144,7

147,9

151,1

154,0

- қала тұрғындары, адам

113,1

84,5

81,4

82,1

81,2

- ауыл тұрғындары, адам

27,5

60,2

66,5

69,0

72,8

Туылғандар саны, адам

4 494

4 340

4 345

4 359

4 231

Туу коэффиценті, пром.

32,52

30,42

29,70

29,16

27,74

Өлгендер саны, адам

596

543

501

552

531

Өлу коэффиценті, пром

4,17

3,81

3,42

3,68

3,48

Халықтың табиғи өсімі

3 898

3 797

3 844

3 807

3 700

Табиғи өсім коэффиценті

28,35

26,60

26,28

25,48

24,25

Көшіп келгендер, адам

1 599

2 249

7 319

4 511

5 754

Көшіп кеткендер, адам

1 287

1 911

7 959

5 130

6 549

Сальдо, (+,-)

+312

+338

-640

-619

-795

 

2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1бағыт. Экономика.

2.1.1.1 Өңірлік макроэкономика

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытуда – Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы, «Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары іске асырылуда.

Бағдарламалар аясында қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған және де қаланың әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешуге,сонымен қатар белсенді шағын кәсіпорындардың санын көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға, күнкөріс және жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, апаттық тұрғын үйлердің санын азайтуға, сондай-ақ инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңаөзен моноқаласының әлеуеттік дамуы – орта. Мамандырылуы – кен өндіру өнеркәсібі.

Өңірлік макроэкономика бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

оралмандардың және Қазақстанның басқа өңірлерінен тұрғындардың келуі есебінен халықтың миграциялық өсімінің жоғарылығы.

тұщы судың табиғи көздерінің жоқтығы, ауыл шаруашылығын дамыту және өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін табиғи-климаттық шектеулер;

мұнай-газ секторы мен экономиканың қалған секторлары арасындағы жалақының саралануы.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

мұнай-газ саласындағы, құрылыс индустриясындағы, туризмдегі кластерлік дамыту  мүмкіндігі;

өңдеу өнеркәсібін дамыту;

ауыл шаруашылығын дамытуда тамшылатып суаруды, жылыжайлық өсімдік  шаруашылығын енгізу.

қаладағы мұнай-газ ресурстарының түгесілу қаупі;

азық-түлік тауарларының және оларды өндіруге арналған шикізаттың тасымалданып әкелуіне байланысты қаладағы азық-түлік қауіпсіздігінің қатері.

 

Аумақтың макроэкономикасының негізгі проблемалары:

экономикасының моношикізаттық бағыты;

республиканың негізгі эконономикалық орталықтарынан шалғайлығына байланысты жоғары көліктік шығындар;

азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

халықтабысыныңжоғары саралануы.

 

2.1.1.2. Өнеркәсіпжәне инвестициялар

Өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 2014 жылы 145837 млн.теңге (107,8%), 2015 жылы 123 019 млн.теңге (94,9%), 2016 жылы 120 258 млн.теңгені (88,5%), 2017 жылы 161 566 млн.теңге (118,7%), 2018 жылы 192277 млн.теңгені (111,0%), 2019 жылы  194 891 млн.теңге (99,7%) құрады.

Өнеркәсіптің құрылымында негізгі үлесін 88%-ын тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу;8,3%-ын өңдеу өнеркәсібі құрайды.

1-кесте. 2016-2019 жылдардағы өнеркәсіптік өнім көрсеткіштері

Экономикалыққызмет

түрлері

Өндіру көлемі,

млрд. тенге

Нақты көлем индексі,

%

Үлес салмағы,

%

 

2016ж

 

2017ж

 

2018ж

 

2019ж

 

2016ж

 

2017ж

 

2018ж

 

2019ж

 

2016ж

 

2017ж

 

2018ж

 

2019ж

Барлығы

120,3

161,6

192,3

194,9

88,5

118,7

111,0

99,7

100,0

100,0

100,0

100,0

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

102,4

138,9

167,7

171,5

87,5

121,3

112,9

100,5

85,1

86,0

87,2

88,0

Өңдеу өнеркәсібі

8,3

11,8

15,5

16,1

97,1

111,4

108,0

99,9

6,9

7,3

8,1

8,3

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа балтау және сумен жабдықтау

 

4,3

 

5,5

 

4,6

 

2,3

 

 

81,4

 

115,0

 

81,2

 

52,9

 

3,6

 

3,4

 

2,4

 

1,1

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

5,3

5,4

4,5

5,0

97,2

85,8

95,5

114,1

4,4

3,3

2,3

2,6

 

Мұнай және газ өндіретін ірі кәсіпорындар - «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы, «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС-і болып табылады. Осы кәсіпорындар арқылы шикі мұнай, газ конденсаты, табиғи газ, газ тәріздес жағдайдағы табиғи газ, ілеспе газ өндіріледі.

«Өзенмұнайгаз» АҚ-да 9 079 қызметкерлер еңбек етеді. 2019 жылы орташа айлық жалақы 794130 теңгені құрады (2018 жылы – 820280 теңге). Тауарлы өнімінің көлемі 2019 жылы 664,0млрд.теңгені құрады, 2018 жылмен салыстырғанда 5,2%-ғаөсті(2018 жылы - 631,2млрд.теңге).

«ӨМГ» АҚ-ның мұнай бұрғылау скважиналары Қарақия ауданының аумағында орналасқандықтан, өндірілетін шикі мұнайдың 92,0%-ға жуығы осы аумақтың есебіне тіркеледі.

«Қазақ газ өңдеу» ЖШС-де 929 қызметкерлер еңбек етеді. 2019 жылы орташа айлық жалақы 678274 теңгені құрады (2018 жылы – 642 414 теңге). Тауарлы өнімінің көлемі 2019 жылы 18,7 млрд.теңге болды, 2018 жылмен салыстырғанда 14,0%-ға өсті (2018 жылы - 16,4 млрд.теңге).

2 кесте. Шикі мұнай мен газ өндіру көлемі.

Атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

«Өзенмұнайгаз» АҚ арқылы өндірілген шикі мұнайдың көлемі, мың тонна

5 510,4

5 554,9

5 480,1

5480,4

5 579,1

Жаңаөзен қаласы бойынша өндірілген шикі мұнайдың көлемі, мың тонна (статистика)

475,4

467,7

478,8

552,9

571,3

Жаңаөзен қаласы бойынша газ конденсаты, мың тонна (статистика)

9,1

9,2

8,1

6,9

7,0

Жаңаөзен қаласы бойынша өндірілген табиғи газдың көлемі, млн.текше метр (статистика)

388,9

354,2

337,1

281,8

262,1

Сұйытылған газ, мың тонна

 

162,4

163,1

169,5

175,6

186,2

 

Өңдеу өнеркәсібін дамыту.

Қала бойынша кен өндіру өнеркәсібімен қатар, өңдеу өнеркәсібі де дамыған.

Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 2014 жылы 14 459 млн.теңге (108,6%), 2015 жылы 8 140 млн.теңге (88,7%), 2016 жылы 8 246 млн.теңгені (97,1%), 2017 жылы 11 770 млн.теңге (111,4%), 2018 жылы 15554 млн.теңгені (108,0%), 2019 жылы  16146 млн.теңге (99,9%) құрады.

Аймақтың өңдеу өнеркәсібі –тамақ,сүтөнімдерін өндіру, сусындар өндіру, жеңіл өнеркәсіп,киім өндірісі, мұнай өңдеу өнімдерін өндіру, химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру, өзгеде металл емес минералды өнімдер өндіру, машина жасау болып табылады.

 

Тамақ өнімдері.

ЖШС «Жаңаөзен сүт зауыты» қаймақ, кефир, сүт, сүзбе және тағы басқа сүт өнімдерін өндіреді.Осы салада 71 адам қызмет етеді.

4 кесте. Жалпы қала бойынша өнімдерді заттай көрінісінде өндіру

Өнім атаулары

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж

2019 ж

Өңделген сұйық сүт және кілегей, тонна

27

17

45

13

34

Ірімшік және сүзбе, тонна

120

22

17

11

14

Басқа сүт өнімдері, тонна

1 501

1 781

1 673

1 099

1 258

Сусындарды өндіру, мың литр

3 548,5

1 591,8

2 828,7

2230,0

1 917,5

 

Жеңіл өнеркәсіп.

Саланың негізгі кәсіпорыны ЖШС «Жанарыс» тігін фабрикасы 1989 жылдан бері жұмыс жасайды. Кәсіпорын мұнайшыларға, құрылысшыларға, денсаулық саласының қызметкерлеріне, коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшыларына арнайы киімдер және басқа да тігін бұйымдарын жасап шығарады. Осы салада 352 адам жұмыс жасайды, 2019 жылғы өнім көлемі 1,1 млрд.теңгені құрады.

5 кесте. Өнімдерді заттай көрінісінде өндіру

Өнім атауы

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Ерлерге арнаған жұмыс киімдері, дана

21 371

16 105

47 219

42784

40 943

 

Құрылыс материалдарын өндіру.

Құрылыс материалдарын өндіретін «Теміртас-1» ЖШС-і. Осы кәсіпорында 174 адам жұмыс жасайды. Тауарлы өнімнің көлемі 2015 жылы 1 471,0 млн.теңге, 2016 жылы 1 003,5 млн.теңге, 2017 жылы1 233,3 млн.теңге, 2018 жылы                 931,7 млн.теңгені құрады.

 

Өнім атауы

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Тауарлық бетон, тонна

16597

17 103

28 058

14970

13592

 

Өнеркәсіп бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

өнеркәсіптік өндіріс көлемінің айтарлықтай артуы;

«Жаңаөзен-Түрікменстан мемлекеттік шекара» темір жолын пайдалануға беру есебінен көліктік логистикалық инфрақұрылымның дамуы.

өнеркәсіптің құрамындағы өңдеу өнеркәсібінің аз үлесі (8,3%);

мұнай-газ өндірудегі жергілікті қамтымның аз үлесі (орташа 8%)

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

отандық тауарлар өндірушілерді сыртқы экономикалық тұрғыдан қолдау (кедендік жеңілдіктер);

 

қаланың мұнай-газ ресурстарының түгесілуі;

өңдеу өнеркәсібінің бірқатар салаларын дамыту үшін шикізат базасының жеткіліксіздігі.

 

Өнеркәсіп бойынша негізгі мәселелер:

Қаланың арнайы оқу орындары базасында еңбек нарығында талап етілетін кадрлардыдаярлауды ұйымдастыру;

Мұнай-газ саласы: жұмыс істеп тұрған мұнай кен орындары қорларының табиғи түгесілуі, мұнайға арналған бағалардың, тиісінше мұнай компаниялары кірістерінің төмендеуі;

Машина жасау: мұнай-газ компанияларынан түсетін тапсырыстарға жоғары тәуелділік, бұл өз кезегінде мұнайға арналған әлемдік бағалардың конъюнктурасына;

Мұнай-химия (мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру): «ҚазГӨЗ» ЖШС-гі жабдықтың жоғары тозуы (газ өңдеу зауыты 1973 жылы іске қосылды);

Құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарын өндіру: жоғары бағалық бәсекелестік және сертификатталмаған құрылыс материалдарының жеткізілуі.

 

Инвестициялар.

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемі 2019 жылы 59 391 млн.теңгені (2018 жылы – 39 528 млн.теңге) құрады. Нақты көлем индексі 2014 жылы  123,9%, 2015 жылы 70,4%,2016 жылы 89,1%, 2017 жылы 154,6%, 2018 жылы 143,1%,2019 жылы 144,1%құрады.Жалпы инвестициялардың басым көздері - шаруашылық субъектілерінің меншікті қаражаты болып табылады.

Негізгі капиталға нвестициялар (млн.теңге)

2015 ж

2016 ж

2017 ж

 

2018 ж

2019 ж

Барлығы

21 218

20 556

34 139

39 528

59 391

Мемлекеттік қаражат

3 990

1 810

852

 

1 265

980

Жеке меншік түрлері

 

17 069

18 745

33 286

38 263

53117

Шетелдік түрлері

 

159

-

-

-

5 294

 

Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің негізгі көлемі: өнеркәсіпте 2019 жылы 74,2% (2018ж. – 69,3%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын 22,4% (2018ж. – 25,6%), құрылыста 0,2% (2018ж. – 0,1%).

Инвестициялар бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Негізгі капиталға инвестициялардың көлемінің құрамындағы ең үлкен үлесі 88,2%-ы жеке қаражаттар.

 

Құрылыс және басқа өнімдерді өндіру үшін мұнай-химиялық өнімдерден инновациялық өнімдерді шығарумен айналысатын шағын және орта кәсіпорындардың жоқтығы.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға мемлекеттік және жеке меншік инвестицияларды тарту; 

Инновациялық жобаларды іске асырған жағдайда өңірдегі инновациялық белсенділіктің өсуі;

Жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндіктерінің болуына байланысты жұмыс бастылықтың өсу келешегі;

Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру.

Өңдеу өнеркәсібінің дамуына шикізат базасының жетіспеушілігі;

Қызметтің белгілі түрін көрсетуде заманауи технологияларды енгізудің төмен деңгейі.

Жергілікті халықтың сапалы қызмет көрсету талаптарын толық қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы.

 

 

Инвестиция саласындағы негізгі мәселелер:

 

мұнай-газ секторының шегінен тыс өңірлік инновациялық жүйе құру үшін стимулдардың жоқтығы;

дәстүрлі өнеркәсіптік кәсіпорындардың инновациялық технологияларды енгізудегі белсенділігінің төмендігі;

шағын және орта бизнестің инновациялық белсенділігінің төмендігі және төмен әртараптандырылуы.

 

2.1.1.3 Агроөнеркәсіптік кешен.

 

Жаңаөзен қаласының аграрлық секторының тапшылығы объективті факторларға байланысты. Оларға ауыл шаруашылығын жүргізуге қолайсыз климаттық жағдайларды, сонымен қатар су ресурстарының жетіспеушілігін жатқызуға болады. Қалада ауылшаруашылық өндірісін мамандандыруға және дамытуға табиғи-климаттық жағдайлар зор ықпал етеді. Қала аумағы биоклиматтың жағдайлар сипатына қарай шөлдік аймаққа жатады.

Ауылшаруашылық өндірісін негізінде тамшылатып суару жолын пайдалану арқылы қамтамасыз етумен, егіншілік шаруашылығын дамытудың келешек беталыстары суарылатын жер алқаптарын кеңейтумен, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіруде озық су сақтау технологияларын пайдаланумен, жылыжай шаруашылықтарын құрумен, аграрлық секторды және ауыл халқын сумен қамтамасыз етуді жетілдірумен байланысты.

 

 

Атауы

2014ж

2015ж

2016ж

2017 ж

2018 ж

2019 ж

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі, млн.теңге

502,7

785,7

624,1

460,6

556,1

719,3

Нақты көлем индексі, %

96,4

110,0

76,3

75,7

88,9

110,3

соның ішінде:

Егін шаруашылығы, млн.теңге

68,4

253,6

247,9

79,1

80,7

147,1

Нақты көлем индексі, %

64,2

202,6

95,9

34,4

43,7

155,1

Мал  шаруашылығы, млн.теңге

434,3

523,8

367,8

373,3

475,4

572,2

Нақты көлем индексі, %

104,2

95,6

65,8

102,8

114,2

102,7

 

Мал шаруашылығы.

Жаңаөзен қаласының ауыл шаруашылығы мал мен құс етін, сиыр сүтін, жұмыртқа, қой жүнін өндіру сияқты мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндірумен сипатталады. Негізінде қара түсті қаракөл қойлары, адай типтес жылқылар және түйелердің қазақ бактриан түрлері бар. Мал басының азаюының негізгі факторларының бірі құрғақшылықтың болуы.

Мал мен құстың 2014-2019жылдардағы саны

 

Атауы

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 ж

Ірі қара мал

474

260

254

379

344

345

Сиыр

378

182

164

214

209

268

Қой мен ешкі

6722

4826

3407

2857

2616

1633

Жылқы

2353

2121

1441

1459

2265

2095

Түйе

1311

1376

1427

1712

2306

2192

Құс

715

752

879

766

876

963

 

Мал шаруашылығының негізгі көрсеткіштері:

 

Атауы

 

Өлшем бірлігі

2014

жыл

2015

жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018

жыл

2019

жыл

2018ж. кезеңіне,%

Мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру

Мал мен құстың барлық түрлерінің тірі салмақта союға өткізілгені

тонна

674,4

697,4

393,5

401,9

436,7

449,2

102,9

Сауылған сиыр сүті

тонна

151,0

123,7

84,9

117,7

144,4

137,0

94,9

Алынған тауық       

жұмыртқасы

мың    

дана

52,1

56,5

51,1

70,1

70,1

71,2

101,6

Қойдан қырқылған жүн

тонна

16,9

12,9

10,3

6,0

6,1

5,2

85,2

Мал мен құстың өнімділігі

Бір сиырдан орташа сауылған сүт

кг

506

509

518

619

691

629

100,0

Бір жұмыртқалайтын тауыққа келетін орташа жұмыртқа шығымы

дана

 

79

89

70

92

96

 

91

 

95,8

Бір қойдан қырқылған жүннің орташа шығымы

кг

2,2

2,2

2,2

2,2

3,1

2,2

100,0

 

2019 жылы барлық шаруашылықтағы мал басының саны 7 496 бірліктіқұрады (2018 жылы – 8616 бас).

Бүгінгі күні азық-түлікпен қамтамасыз етудегі - Қазақстанның шекаралас орналасқан өңірлерден азық-түліктің әкелінуінен тәуелділігі негізгі мәселе болып қала береді, ауыл шаруашылық өнімнің 90 пайыздан астамы қалаға басқа өңірлерден әкелінеді. Жылыжай, жеміс сақтау орындарын салу сияқты жобаларды жүзеге асыру ауыл шаруашылық өнімнің сырттан әкелу үлесін төмендетуге, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына және өңірдің азық-түліктік қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Өсімдік шаруашылығы.

Өсімдік шаруашылығы негізінен көкөністер мен бақша дақылдарын өсіруден тұрады. Қызылсай ауылындағы «Төңірекшың ойы» егістік алқабында 2019 жылы 3 шаруа қожалығы 59 гектар егістік алқабын пайдаланып, 571 тонна өнім алынды.   

Онда қарбыз, қауын, қырыққабат, қызанақ, баклажан, қияр, және т.б. егілді. Жер алқаптарын суару үшін су «Магистральды сауғызғы » ЖШС мекемесінің су құбырлары арқылы жеткізіледі.

Жеке кәсіпкерге және шаруа қожалықтарына «Тыңайтқыштар құнын субсидиялау» қағидасына  сәйкес, «ҚазАзот» ЖШС тыңайтқыш алуға 50% субсидия қарастырылған. Сонымен қатар, «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметін субсидиялау» қағидасына сәйкес, су беруші табиғи монополия субъектісінен алған судың құнын 85%-ға субсидия жыл сайын беріліп келеді.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 2015 жылы – 12, 2016 жылы – 14, 2017 жылы – 18, 2019 жылы -21.

Халықтың көпшілігі үшін ауыл шаруашылығымен айналысу өздерін жұмыспен қамту және отбасына табыс табу жолы болып табылады.

Өнімді қайта өңдеу.

Қайта өңдеуденөндірілетін өнімнің негізгі көлемі үй шаруашылықтары мен шаруа қожалықтарында өндіріліп, негізінен өз мұқтаждықтарына жұмсалады.

«Жаңаөзен сүт зауыты» ЖШС-нің сүтті қайта өңдеу цехтары жұмыс істейді. Кәсіпорын басқа аудандардағы қабылдау пунктерінен келетін сүтті қайта өңдеуді жүзеге асырады және олардан шұбат пен басқа да ашыған сүт өнімдерін өндіреді. Зауыттың қуаттылығы айына 7,5 тоннадан  40 тоннаға  сүт өніміне дейін артты.

АӨК саласын дамыту бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерінің (жайылымдардың) зор резерві;

жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне деген үлкен сұраныс және салыстырмалы түрдегі төмен өткізу бағасы;

 

жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

білікті кадрлардың жетіспеушілігі;

саланың инвестициялық тартымдылығының және мұнай-газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына байланысты жастарда ауыл шаруашылығы өндірісіне бастамашылықтың болмауы 

 

 

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

сүт-тауарлық түйе шаруашылығына және етті-майлы қой шаруашылығын дамыту;

мал шаруашылығын дәстүрлі салалаларының тұқымдық және өнімдік сапаларын одан әрі жетілдіру;

 

саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

ауыл шаруашылығы қажеттіліктеріне пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің жоқтығы;

мал басының, тиісінше мал шаруашылығы өнімдерін шығарудың азаюы;

шығарылатын ауыл шаруашылығы өніміне арналған бағалардың өсуі;

шекара маңындағы елдерден аса жұқпалы аурулардың әкелінуінің жоғары ықтималдығы;

 

АӨК саласы бойынша негізгі мәселелер:

өңірде жайылымдарды суландырудың әлсіздігі;

өңірдің мал шаруашылығын дамыту үшін жем – шөп базасының жоқтығы;

білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

 

22.1.1.4  Шағын және орта бизнес.

Жаңаөзен қаласының дамуының басты бағытының бірі - шағын және орта кәсіпкерлік, сауда саласы болып табылады. 2015-2019 жылдары шағын және орта кәсіпкерліктің көрсеткіштер беталысы жыл сайын тиімді өсіп отырғаны байқалды.

Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі –ШОК) субъектілерінің саны 2019  жылы – 8 233( 2018 жылы – 8584) бірлікті құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 4,1%-ғатөмен, 2017 жылғы деңгейден 1,4%-ға жоғары.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі –ШОК) субъектілері көрсеткіштерінің төмендеуінің себебі, 2019 жылы кірістер департаменті Қазақстан Республикасының «Салық кодексi» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ заңының, 67-бабына сәйкес, салық төлеуші ретінде табыс көрсетпейтін жеке кәсіпкерлерді есептен шығарды.

Тіркелгендердің жалпы санындағы ШОК – тің белсенді субъектілерінің үлесі 2019 жылы 93,1% құрады, бұл 2018 жылдың деңгейінен 2,1%-ғажоғары.

ШОК – те жұмыспен қамтылғандардың саны 2019 жылы 21319 адамды құрады, 2017 жылмен салыстырғанда (20 989) 1,5%-ға немесе 330 адамға көп.

 

Кесте 1. Шағын және орта кәсіпкерліктің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер атауы

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

2019 ж.

Тіркелген шағын және орта субъектілердің саны, бірлік

7 885

7 928

8 113

8 396

8233

Тіркелген белсенді ШОК субъектілерінің саны, бірлік

6 897

6 957

7 273

7882

7670

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны, адам

20 377

20 483

20 989

21472

21319

Тіркелген ШОК субъектілерінің үлесі, %

87,4

87,7

92,1

91,1

93,1

 

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы (бұдан әрі - БЖК-2020) іске асырылып келеді.

«БЖК-2020» бағдарламасы аясында 2016-2019 жылдары 133 жоба субсидияланып, 102 кредит бойынша кепілдендірілу ұсынылды.

 

Кесте 2.  «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының аясында қолдау алған жобалар саны.

Колдау түрлері

2016ж.

2017ж.

2018ж

2019ж

3 бағыт бойынша субсидиялау

44

40

18

31

Кепілдік

27

13

27

35

Барлығы:

71

53

45

66

 

2020 жылдың 10 айында банктердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау нысаны бойынша екінші деңгейлі банктер арқылы несие сомасы 1,1 млрд.теңгені құрайтын 55 кәсіпкерлік жоба қаржылық агенттік «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорында қаралып, мақұлданды. Сонымен қатар, кепілдікке 128 жоба тапсырылып, 530,8 млн.теңгеге қолдау көрсетілді. Нәтижесінде 62 жаңа жұмыс орны құрылды.

Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында қаламызда «Нұр-Капитал» атты жаңа қаржылық құрал әзірленді. Бағдарламаның мақсаты экономиканың басым салаларындағы жобаларға жеңілдікпен кредит беру және кредиттерді субсидиялау арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу болып табылады.

2018 жылдан бері «Нұр-Капитал» шағын және орта бизнесті қолдаудың өңірлік бағдарламасы аясында облыстық Өңірлік Үйлестіру Кеңесінің жұмысшы тобының отырысында жалпы сомасы 1597,2 млн.теңгені құрайтын 76 кәсіпкерлік жоба мақұлданды. Нәтижесінде 638 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда, екінші деңгейлі банктерден45 жоба шешімін алды, қаражаты 972,2 млн.теңге, ашылатын жұмыс орны - 304. Соның ішінде, 30 жоба жұмысын бастап, 154 жұмыс орны құрылды.2020 жылда «Нұр-Капитал» өңірлік бағдарламасы жалғасын табуда. Аталған бағдарлама айналым қаражаты есебінен қаржыландырылуда.

Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында өндірістік аймақтан жалпы аумағы 30,0 гектар жер телімі бөлініп, 16,2 шақырым инженерлік – коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілді. 2020 жылы өндірістік алаңдағы жерлер сауда саттыққа шығарылып, алты жер учаскесі сатылды.

Сауда.

Жаңаөзен қаласында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі2015-2019 жылдары 85,5  млрд.теңгені құрады.

Кесте 1. Бөлшек сауданың көрсеткіштері.

Көрсеткіштер атауы

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

2019ж.

Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі млн.тенге

4076,8

3940,4

47283,5

14506,8

15 713,7

Халықтың жан басына шаққанда бөлшек сауда көлемі, теңге

28 995,7

27 231,5

319 699,2

96 007,9

102 037,0

Нақты көлем индексі, %

188,7

82,1

1114,2

28,4

101,1

Көтерме сауда көлемі, млн.теңге

7 032,3

 

14 716,5

4 995,8

6 535,4

13 376,5

Нақты көлем индексі, %

116,6

181,5

31,8

125,1

194,9

 

Қалада әмбебап базарлардың санын және аудандарын азайту бағытында сауда базарларын оңтайландыру үдерісі басталды. 2019 жылдың аяғында базар саны 8 бірлікті құрады, олар: Жібек жолы, Бокен-Жәнібек, Шаңырақ базары,  Заңғар базары, Ақмарал базары, Теңге базары, Мал базары, Қазына базары.Барлық базардағы сауда орындарының саны - 1052.

2018 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын тұрақтандыру, бағаны бір қалыпты ұстау мақсатында 42сауда орталықтарымен меморандумға қол қойылды. Ал 2019 жылы 40 сауда орталықтарымен меморандумға қол қойылды.

Қаламызда апта сайынғы негізде оның ішінде мереке күндері көтерме өнім берушілерден тікелей жеткізілетін азық түлік тауарлары нарық бағасынан            15-20 пайыз төмен бағамен өткізілетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп тұрады.

Қаланың бір ерекшелігі сұйытылған газды, оның ішінде автомобиль көлігінің үлкен көлемде тұтынуы болып табылады. Жалғыз өндіруші – «ҚазГӨЗ» ЖШС-і. Зауыт ай сайын 15 мың тоннаға жуық газ өндіреді. 

 

ШОК дамыту бойынша SWOT – талдау

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштерінің жақсаруы;

Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті дамыту да әртүрлі бағыттарының болуы;

«БЖК-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының бағыттарына кәсіпкерлерді тартуда белсенді жұмыстануы;

Кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындар санының жалпы тұрғындар санынан үлесінің өсуі;

Өндірістік алаңның  болуы;

«Нұр капитал» өңірлік бағдарламасының іске асырылуы.

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Қаржы мәселелері: несиелік мекемелердегі құжаттарды қарау мерзімдерінің ұзақтығы; салық салу көлемінде жеңілдіктердің жоқтығы;

Банк несиелерінің сыйақы пайыздық мөлшерлемелерінің жоғары болуы;

Білікті кадрлардың жетіспеуі, кәсіпкерлердің өздерінің жете білмеуі; Қалада шағын және орта бизнестің салалық теңгерімсіздігі және оның әртараптандыруының төмен деңгейі;Қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы, электронды сауданың әлсіз дамуы.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Жаңаөзен қаласындағы шағын және орта бизнес саласын белсенді дамыту;   

Шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымдыдамыту;

Инфрақұрылымы жүргізілген Технопарк аймағынан кәсіпорындарды орналастыру.

Жұмыссыздықтың көбеюі;

Валюта нарығындағы қалыпсыз жағдайы.

 

 

Шағын және орта бизнестегі, саудадағы негізгі мәселелер:

Сыртқы экономикалық жағдайға байланысты жалға алу ақысы мен жабдық құнының өсуі;

ШОБ үшін нысаналы топ болып табылатын қала халқының жергілікті өнімге деген сұранысының төмендігі;

Қазіргі заманғы форматтағы базарлардың жоқтығы және электрондық сауданың жетілмеуі:

Қосымша азық-түлік қорларын сатып алу үшін көкөніс қоймаларының жоқтығы;

Ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік нысаналы бағдарламалар бойынша іске асырылып жатқан жобалардың төмен деңгейі.

 

2.1.2 бағыт. Әлеуметтік сала

2.1.2.1 Білім беру.

2019 жылдың қорытындысы бойынша қаладағы білім беру жүйесі 86 мекемені қамтыды: 51 мектепке дейінгі білім беру мекемелері, оның ішінде: 33 балабақша (21 мемлекеттік, 12 жекеменшік) және 18 шағын орталықтар (2 мектеп жанындағы шағын орталық, 16 жекеменшік шағын орталық); 26 жалпы білім беретін мектептер (22 орта, 2 бастауыш, 1 кешкі мектеп, 1 жекеменшік Каспий зияткерлік мектеп – бақша); 2 мектептен тыс мекемелер (М.Өскенбаев атындағы саз мектебі, оқушылар шығармашылық үйі); тәрбие және бейімдеу, түзету жұмыстарымен айналысатын «Оңалту орталығы» ММ; «Арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» ММ; 5 арнаулы оқу орындары (колледждер:3 мемлекеттік, 2 жекеменшік).

Мектепке дейінгі білім беру.

Жаңаөзен қаласын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуы барысында балабақшалардың саны 2019 жылғы көрсеткішті 2018 жылмен салыстырғанда ғимарат саны бойынша  өзгеріс жоқ,  алайда 2019жылы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 06.08.2018жылғы №454, 455, 456 және 25.07.2019 жылғы №497 «Жаңаөзен қаласы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындарын біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру туралы» қаулылары негізінде №11 «Балдырған бөбекжай-бақша», №21 «Назерке бөбекжай-бақша» біріктіру жолымен - Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Теңге бөбекжай-бақшасы» жедел басқару құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; №4 «Айналайын бөбекжай-бақшасы» және №9 «Салтанат бөбекжай – бақшасы»біріктіру жолымен – Жаңаөзенқаласы әкімдігінің «Қызылсай бөбекжай-бақшасы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;№12 «Айгөлек» балабақшасы, №20 «Нұршуақ» балабақшасы, №25 «Толағай» балабақшасы біріктіру жолымен - Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Рахат бөбекжай-бақшасы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны; №10 «Қарлығаш бөбекжай-бақша», №26«Шапағат бөбекжай-бақша» біріктіру жолымен - Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Арай бөбекжай-бақшасы» жедел басқару құқығындағы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорныболып қайта ұйымдастырылды.

Балаларды балабақшамен қамту - 100% ды құрады.

2015 - 2019 жылдар аралығында 15 балабақша пайдалануға беріліп, саны                               41-ден 56 бірллікке дейін жетті (26 мемлекеттік, 12 жекеменшік), шағын орталықтардың саны 2018 жылға 18 бірллікке дейін жетті (2 мемлекеттік,                     16 жекеменшік).

2015 жылы балабақшалардың саны 41 бірлікті құрады (мемлекеттік-22,                 4-уі жекеменшік; 3-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 12-і жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 14908, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 11829 бала қамтылып, қамту 79,4% құрады (балабақшаларда – 5843 бала, мектепалды даярлықта және  1 сыныпта – 5986 бала).

2016 жылы балабақшалардың саны 46 бірлікті құрады (мемлекеттік-26,               6- жекеменшік; 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 12-і жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 14242, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 11744 бала қамтылып, қамту 82,5% құрады (балабақшаларда – 5769 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 5975  бала). 2016 жылы 320 орындық 4 балабақша (Көктем ш/а №23 «Айзере», Қызылсай ауылында №24 «Айналайын», Мерей ш/а № 25 «Толағай» Арай ш/а «Шапағат») салынып пайдалануға берілді.

2017 жылы балабақшалардың саны 51 бірлікті құрады (мемлекеттік-26,               11- жекеменшік; 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 12-і жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 16011, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 11250 бала қамтылып, қамту 96,5% құрады (балабақшаларда – 10298 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 5915  бала). 2017 жылы 4 жекеменшік балабақша ашылды: Рахат ауылында «Диана», Теңге ауылында «Қостерек», Арай ш/а  «Арай», Астана ш/а «Керемет».

2018 жылы балабақшалардың саны 56 бірлікті құрады (мемлекеттік-26,               12- жекеменшік; 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 16-ы жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы бала саны - 16625, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылып отырған бала саны - 14365 бала қамтылып, қамту 87,3% құрады (балабақшаларда – 8507 бала, мектепалды даярлықта және 1 сыныпта – 6001  бала). 2018 жылы 5 жекеменшік балабақша ашылды: Шұғыла ш/а «Мерей», Рахат 2 ш/а  «Сұңқар», Арай ш/а  «Темірлан», Самал ш/а «Солнышка», Шаңырақ ш/а «Ерхан».

2019 жылы балабақшалардың саны 51 бірлікті құрады (мемлекеттік-21,               12- жекеменшік; 2-мектеп жанындағы шағын орталықтар, 16-ы жекеменшік). Қала бойынша 3-6 жас аралығында        балабақша кезегінде тұрған бала жоқ,  мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен  - 9519 бала қамтылып, қамту 100% құрады (балабақшаларда – 6993 бала, мектепалды даярлықта -2526  бала). (ҚР БҒМ 27.08.2018 жылғы №431 бұйрығына сәйкес).

Жылдар

Балабақшалар, шағын орталықтар  саны

Барлығы МДҰ саны

 

1-6 жастағы балабақша

дағы

бала саны

3-6 жастағы балабақша

дағы

бала саны

5-6

жастағы балабақша

дағы

бала саны

Балабақ-шаларға

жолдама берілген бала саны

мемлекеттік

жеке меншік

2014

25

16

41

5 819

5 191

628

1 600

2015

25

16

41

5 843

5 202

641

2 241

2016

28

18

46

7 124

6 650

1 794

3 790

2017

28

23

51

10298

9659

1 634

3 871

2018

28

28

56

8507

7 909

2 143

4 300

2019

23

28

51

7857

6993

795

3950

 

 

Жылдар

Барлығы

0 жас

1 жас

2 жас

3 жас

4 жас

5 жас

6 жас

7 жас

2014 жыл

27 705

4 130

3 835

3 692

3 428

3 306

3 312

3 047

2 955

2015 жыл

30 621

4 039

3 930

4 080

3 914

3 926

3 723

3 345

3 664

2016 жыл

31 494

4 623

4 607

4 641

3 985

3 786

3 147

3 004

3 381

2017 жыл

32 679

4 292

4 481

4 247

4 603

4 146

3 629

3 633

3 648

2018 жыл

33 531

4 500

4 292

4 481

4 247

4 603

4 146

3 629

3 633

2019 жыл

34598

4700

4500

4 292

4 481

4 247

4 603

4 146

3 629

 

Қала бойынша балаларды мектепалды даярлықпен қамту кестесі

 

№

жылдар

1-6 жастағы бала саны

МАД тобындағы бала саны

қамту пайызы,%

1

2014

20 620

1 827

8,9

2

2015

22 918

2 700

11,8

3

2016

23 490

2 422

10,3

 4

2017

24 799

2 424

9,7

5

2018

25 398

2 495

9,8

6

2019

26269

2526

9,6

 

 

Жылдар

Барлық педагогтар саны

соның ішінде

Жоғары және бірінші санатты педагогтардың жалпы педагогтарға шаққандағы үлесі, %

жоғары санатты

бірінші санатты

2014

627

48

59

17,1

2015

631

54

52

16,8

2016

801

65

56

15,1

2017

863

65

65

15,2

2018

1 049

74

73

14,01

2019

863

66

65

15,17

 

Мектепке дейінгі (3-6 жас) білім алуға мұқтаж балалар санын төмендету үшін ашылған жаңа орындардың үлесі

 

Атауы

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

2019ж.

Ашылған балабақшалар саны, бірлік / орын

5 / 1 380

1 / 25

4 / 1 280

5 / 225

0

Ашылған б/б орындарының үлесі, %

12,2

-

8,0

12,8

0

 

Жалпы орта білім беру.  

Жаңаөзен қаласына қарасты жалпы орта білім беру мекемелерінің саны                   2019 жылы 26 бірілікке жетті, оның ішінде: 2 бастауыш мектеп, 22 орта мектеп,            1 кешкі мектеп және 1 жекеменшік Каспий зияткерлік мектеп – бақша). 

2018 жылы «Рахат» шағынауданында 900 орындық, «Рауан» шағынауданында 900 орындық және «Арай» шағынауданында 900 орындық 3 орта мектеп пайдалануға берілді.

2014/2015 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (19 орта мектеп, 3 бастауыш мектеп) 24308 оқушы.

2016/2017 оқу жылында жалпы сыйымдылығы   20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (20 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп) 26931 оқушы.

2017/2018 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 20120 оқушыға арналған 22 күндізгі білім беретін орта мектепте (20 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп) 28242 оқушы.

2018/2019 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 22 308 оқушыға арналған                      24 күндізгі білім беретін орта мектепте  (22 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп)              30 579 оқушы.

2019/2020 оқу жылында жалпы сыйымдылығы 22 308 оқушыға арналған 24 күндізгі білім беретін орта мектепте (22 орта мектеп, 2 бастауыш мектеп)  32405 оқушы білім алуда.

 

Атауы

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж

2019ж.

 

Саны, бірлік

22

22

22

24

(20 орта,                              2 бастауыш мектеп,  1 кешкі,                             1 жекеменшік)

24

(20 орта, 2  бастауыш мектеп,

1кешкі,1жекеменшік)

24

(20 орта,

2  бастауыш  мектеп,   

 1кешкі,  1 жекеменшік)

Мектептердегі оқушылар саны, адам

24 308

25 544

26 931

28 242

30 579

32405

 

 

Жалпы орта білім беру мекемелерінде педагогтардың саны 2014 жылы             1673 мұғалім, 2015 жылы 1815 мұғалім, 2016 жылы 1896 мұғалім, 2017 жылы               2018 мұғалім, 2018 жылы 2190 мұғалім,2019 жылы 2332 мұғалім жұмыс жасайды.

Жоғарғы педагогикалық білімі бар педагогтардың үлесі: 2014 жылы 1150 мұғалім (68,7%), 2015 жылы 1223 мұғалім (67,4%), 2016 жылы 1274 мұғалім (67,2%), 2017 жылы 1531 мұғалім (75,9%), 2018 жылы 1554 мұғалім (70,9%),2019 жылы 1658 мұғалім (71%) құрады.

Оның ішінде ауылдық жерлерде 2014 жылы 478 мұғалім (28,6%), 2015 жылы 163 мұғалім (9,0%), 2016 жылы 265 мұғалім (14%), 2017 жылы 370 мұғалім (18,3%), 2018 жылы 751 мұғалім (34,3%), 2019 жылы 674 мұғалім (28,9%),   құрады.

2014/2015 оқу жылында 45 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 33 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 12 маман жұмысқа келді.

2015/2016 оқу жылында 83 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 55 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 28 маман жұмысқа келді.

2016/2017 оқу жылында 93 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 55 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 38 маман жұмысқа келді

2017/2018 оқу жылында 104 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 62 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 42 маман жұмысқа келді

2018/2019 оқу жылында 135 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 115 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 20 маман жұмысқа келді.

2019/2020 оқу жылында 150 жас маман, оның ішінде жоғары оқу орындарын бітірген 126 маман, арнаулы орта оқу орындарын бітірген 24 маман жұмысқа келді.

Бүгінде қала бойынша мектептерде математика,  орыс тілі, ағылшын тілі,  бастауыш (орыс мектептерге) пәндері бойынша 37 педагог мамандар жетіспейді.(15 математика, 15 орыс тілі, 2 ағылшын тілі, 5 бастауыш)

2013/2014 оқу жылында 712 мектеп бітірушілердің 478-і (67,1%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 70,8 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда               6,4 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 40 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 6 оқушы «Алтын белгіге» ие болды; шекті деңгейден 152 оқушы 50-ден төмен балл жинады. Мектеп бітірген түлектердің 712 оқушының 483-і (67,8%) жоғары оқу орындарына, оның 32-і (6,6%) грант бойынша; 167 оқушы (23,5%) арнаулы орта оқу орындарына түсті, 60 түлек (8,4%) жұмысқа орналасты, 2-уі әскер қатарына кетті.

2014/2015 оқу жылында 805 мектеп бітірушілердің 591-і (73,4%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 71,5 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда               0,7 ұпайға артты (облыстық көрсеткіш 75,7). ҰБТ-ның қорытындысы бойынша               64 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 9 оқушы «Алтын белгі», 4 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 173 оқушы 50-ден төмен балл жинады.

2015/2016 оқу жылында 952 мектеп бітірушілердің 737-і (77,4%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 73,8 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда            2,3 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 109 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 14 оқушы «Алтын белгі», 24 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 117 оқушы 50-ден төмен балл жинады.

2016/2017 оқу жылында 933 мектеп бітірушілердің 803-і (86,0%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 75,6 құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда  1,8 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 161 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 35 оқушы «Алтын белгі», 41 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 125 оқушы 50-ден төмен балл жинады.

2017/2018 оқу жылында 1096 мектеп бітірушілердің 967-і (88,0%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 91,5% құрады, өткен оқу жылымен салыстырғанда  1,2 ұпайға артты. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 406 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 29 оқушы «Алтын белгі», 58 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; шекті деңгейден 83 оқушы 50-ден төмен балл жинады.

Мектеп бітірген түлектердің 1096 оқушының 936-ы (85,0%) жоғары оқу орындарына, оның 411-і (44,0%) грант бойынша; 118 (13,0%) оқушы арнаулы орта оқу орындарына түсті, 40 (0,4%) түлек жұмысқа орналасты және 2 оқушы әр түрлі себептермен жұмыс және оқумен қамтылмаған.

2018/2019 оқу жылында 1155 мектеп бітірушілердің 1022-і (88,4%) ҰБТ-ға қатысты. ҰБТ-ның орта ұпайы 88,45% құрады. ҰБТ-ның қорытындысы бойынша 339 оқушы 100-ден жоғары балл жинады, 38 оқушы «Алтын белгі», 58оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды; 145 оқушы шекті деңгейден 50-ден төмен балл жинады.

Мектеп бітірген түлектердің 1155 оқушының 1051-і (90,9%) жоғары оқу орындарына, оның 560-ы (53,3%) грант бойынша; 69 (6%) оқушы арнаулы орта оқу орындарына түсті, 33 (2,9%) түлек жұмысқа орналасты және 2 оқушы денсаулығына байланысты жұмыс және оқумен қамтылмаған.

Оқу жылдарының қорытындысы бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі:

2014/2015 о.ж. 805 мектеп бітірушінің 45,7%-ы (37 үздік және 331 екпінді);

2015/2016 о.ж. 952 мектеп бітірушінің44,6%-ы (51 үздік және 374 екпінді);

2016/2017 о.ж. 933 мектеп бітірушінің 49,4%-ы(87 үздік және 374 екпінді);

2017/2018 о.ж. 1096 мектеп бітірушінің48,3%-ы(95 үздік және 434 екпінді);

2018/2019 о.ж. 1155 мектеп бітірушінің 52,7%-ы(117 үздік және 492 екпінді).

Мектеп бітірушілердің арасында жаратылыстану – математика пәндерін табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі 2018/2019 оқу жылында 70,7%.

Мектеп бітірушілердің  арасында қоғамдық - гуманитарлық пәндерін табысты (өте жақсы/жақсы) игерген оқушылардың үлесі орташа есеппен мектеп бітірген 2019 жылы 1096 түлектің 79,8% құрады.

Оқушыларды әлеуметтік қолдау. Аз қамтылған отбасылардың балаларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге 2014 жылы 3002 бала (131,4 млн.теңге игерілді), 2015 жылы 2740 бала (167,8 млн.теңге игерілді), 2016 жылы 2771 бала                          (165,8 млн.теңге игерілді), 2017 жылы 2953 бала (барлығы 193,3 млн.теңге игерілді: соның ішінде тегін ыстық тамаққа 162,7 млн.теңге, киім - кешекке 22,3 млн.теңге), 2018 жылы 2927 бала (барлығы 230,8 млн.теңге игерілді: соның ішінде тегін ыстық тамаққа 194,5 млн.теңге, киім - кешекке 36,2 млн.теңге),

2019 жылы 3742 бала (барлығы 280,9 млн.теңге игерілді: соның ішінде тегін ыстық тамаққа 229,9 млн.теңге, киім - кешекке 51 млн.теңге).

Оқушыларды әлеуметтік қолдау мақсатында жыл сайын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіліп отырады.

1 сыныпқа келген оқушыларды тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге                2014 жылы 3 160 бала (игерілгені 137,0 млн.теңге), 2015 жылы 3 300 бала (игерілгені 150,3 млн.теңге), 2016 жылы 3 469 бала (игерілгені 171,6 млн.теңге), 2017 жылы 3 647 бала (игерілгені 178,4 млн.теңге), 2018 жылы 4717 бала (игерілгені 251,8  млн.теңге), 2019 жылы 4449 бала (игерілгені 277,2  млн.теңге).

Жаңаөзен қалалық білім бөлімінде 2017 жылы  98 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 7-і патронат тәрбиесінде,  91-і қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде; 2018 жылы бұл көрсеткіш 86 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 4-і патронат тәрбиесінде, 82-і қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде, 2019 жылы 84 тұлдыр жетім, ата анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тіркелді, оның 3-і патронат тәрбиесінде, 81-і қорғаншы және қамқоршысының тәрбиесінде.

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы:

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім алуға жағдай жасау мақсатында қалада «Оңалту орталығы» ММ (130 баланы қамтиды); «Арнайы жалпы білім беретін және мектепке дейінгі ұйым» КММ (140 баланы қамтиды) және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация бар.

Мектептерде 2014/2015 о.ж. 61 мүгедек баланың 50-і үйден оқытылады,                   11-і мектептерде инклюзивтік білім алады (18,0%); 2015/2016 о.ж. 45 мүгедек баланың 39-ы үйден оқытылады, 6-ы мектептерде инклюзивтік білім алады (13,3%); 2016/2017 о.ж. 64 мүгедек баланың 52-ы үйден оқытылады,                                   9-ы мектептерде инклюзивтік білім алады; 2017/2018  о.ж. 71 мүгедек баланың               56-ы үйден оқытылады, 10-ы мектептерде инклюзивтік білім алады және  2018/2019  о.ж. 141 мүгедек баланың 76-ы үйден оқытылады, 65-і мектептерде инклюзивтік білім алады.

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 24 күндізгі мектепте әр түрлі үйірмелер және                      2 мектептен тыс мекеме (саз мектебі, оқушылар шығармашылық үйі) жұмыс жасайды.

Оқушылар шығармашылық үйіне қарасты 7 аула клубтары бар («Шаңырақ» ш/а «Мұрагер», «Шұғыла» ш/а «Жасұлан», «Самал» ш/а «Жасталап», «Көктем» ш/а «Жігер», «Өркен» ш/а «Жеткіншек», Теңге ауылында «Жұлдыз», Рахат ауылында «Алау»). Осы аула клубтарға әр түрлі бағыттағы үйірмелерге 2014 жылы 2460 оқушы, 2015 жылы 2300 оқушы, 2016 жылы 2560 оқушы, 2017 жылы - 3000 оқушы, 2018 жылы 4210 оқушы, 2019 жылы 2340 бала қатысты.

Жазғы демалыспен 2014 жылы 10999 бала, 2015 жылы 16619 бала, 2016 жылы 13456 бала, 2017 жылы 24063 бала, 2018 жылы 19520 бала  қамтылды.

Оның ішінде мектеп жанындағы ашылған лагерлерде: 2014 жылы 8 мектепте 2330 бала (33,3 млн.теңге), 2015 жылы 10 мектепте 2920 бала (42,1 млн.теңге), 2016 жылы 11 мектепте 3400 бала (50,5 млн.теңге), 2017 жылы 11 мектепте 3410 бала (57,4 млн.теңге), 2018 жылы 11 мектепте 3520 бала (48,4 млн.теңге)  қамтылды, 2019 жылы 11 мектепте 3410 бала (40 млн.теңге) қамтылды.

Білім беру бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

балабақшаларды, шағынорталықтарды, оныңішіндежекеменшікбалабақшаларды салу жәнежаңаларынашу, бұрынғығимараттардықайтаружәне байта құруесебіненмектепкедейінгібалаларұйымдарыжелісініңкеңеюі;

жаңа мектептер салу есебінен оқушылар орны тапшылығының біртіндеп жойылуы;

колледждің жоғары имиджі;

мамандықтардың кең көлемде болуы;

колледждер желісінің кеңеюі және колледждерде оқушылар мен оқытушылар санының артуы.

колледждерде оқу үдерісіне оқытудың дуальді жүйесі элементтерінің енгізілуі;

колледждердің мықты материалдық-техникалық базаның нығайтылуы.

Күрделіжөндеудіқажетететінмектептерүлесініңжылсайын артуы;

инклюзивті білім беру барысында қолайлы жағдайлардың жеткіліксіздігі;

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жетілмеуі;

өндірістік кәсіпорындардың жұмыс көлемінің қысқаруы;

жұмыс берушілердің арнаулы оқу орындарын бітірушілерді жұмысқа қабылдауда қоятын жоғары талаптары (тәжірибе, жұмыс стажының болуы);

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

білім беру ұйымдарының желісін көбейту мақсатында заманауи білім беру объектілерін салу үшін бюджеттік қаржыландырылуын кеңейту және жеке қаржыландырылуын ынталандыру;

халықаралық қорлар жағынан кәсіптік білім беруге қызығушылығының артуы;

республикалық және халықаралық деңгейде оқытушылардың қайта даярлау және тағылымдамаларынан өтуі.

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі;

 

 

Білім беру саласындағы негізгі проблемалар:

білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

орыс тілінде оқытатын мектептерде кадрлардың жетіспеушілігі;

инклюзивтік білім беру үшін жағдайлардың жеткіліксіздігі (лифтер, шкафтар, дәретханадағы жағдайлар, ұстағыштар және т.б.);

ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің төмендігі;

қалалық жердегі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі;

колледж түлектерін жұмысқа орналастыру мәселелері;

колледждердің көпшілігінің үлгілік емес ғимараттарда орналасуы.

 

2.1.2.2 Денсаулық сақтау

Жаңаөзен қаласы бойынша13 медициналық мекемеқала, Қызылсай, Теңге және Рахат ауылдарының, сонымен қатар Қарақия ауданына қарасты Сенек, Қарақұдық, Құланды, Болашақ, Аққұдық ауылдарының тұрғындарына стационарлық медициналық қызмет көрсетеді. Оның ішінде:

6 мемлекеттік медициналық орталық:

* Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы (оның ішінде Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы, Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы, Жаңаөзен қалалық перзентханасы),

* Жаңаөзен қалалық емхана №1, Жаңаөзен қалалық емхана №2, Жаңаөзен қалалық емхана №3,Жаңаөзен қалалық туберкулез диспансері,Жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы;

7 жекеменшікмедициналық орталық:

 «Стоматология» ЖШС, «Медицина» ЖШС, «Жолымбетов» ЖШС,                   «Медикер» ЖШС, «Нейрон» ЖШС, «СезаМед» ЖШС, «ШипаМед» ЖШС.

Сонымен қатар, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі бар науқастарға «Гемодиализ орталығы» тегін көмек көрсетеді. Жүрек ауруына шалдыққан науқастарға қала аумағында медициналық көмек көрсету мақсатында, жеке инвестор қаражаты есебінен кардиоорталықашылды.

Көпбейінді қалалық ауруханада компьютерлік томмография қала бойынша қызмет көрсетеді.

Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары шеңберінде:

*«Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражаты есебінен «Жаңаөзен қаласындағы 50 кереуеттік стационары бар медициналық орталықтың құрылысын аяқтау»жобасының ЖСҚ-на түзетулер жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2021 жылға жоспарланып отыр.

*Бюджет қаражаты есебінен 180 кереуеттік «Жаңаөзен қаласында қалалық аурухананың терапевтік корпус ғимаратын салу»жобасы тоқтап қалуына байланысты, жұмысын жандандыруды қажет етеді. Кешенді жоспардың өзектендіру жобасына ұсыныс енгізілді.

Қызылсай ауылындағы 50 төсектік дәрігерлік амбулаториясыныңқұрылысы 2020 жылы басталды. Пайдалануға беру мерзімі 2021 жылға жоспарланып отыр.

Халықтың күтілетін орташа өмір сүру ұзақтығы 2014 жылы 65,8 жас, 2015 жылы – 70 жас, 2016 жылы – 71 жас, 2017 жылы – 72 жас, 2018 жылы – 73 жас, 2019 жылы – 73 жасты құрады. 

Жаңаөзен қаласы бойынша демографиялық көрсеткіштерінде оң динамика байқалады. Туу көрсеткіші - республика бойынша жоғары болып табылады, мәселен 2019 жылы туылғандар саны 4231 сәби, яғни2018 жылмен салыстырғанда 128 сәбиге көбейді (2018ж. – 4359 сәби, 2017ж. – 4 345 сәби).

Жалпы өлім-жітім 1000 адамға шаққанда 2017 жылы 3,42 промильді(501 адам), 2019 жылы 3,48 промильді (531 адам) құрады.

Ана өлімінің көрсеткіші (100000 тірі туылғандарға шаққанда) 2017 жылы            1,0 промиллені құрады (1 бірлік). 2018 - 2019 жылдары ана өлімі тіркелген жоқ.

Жаңаөзен қаласы бойынша 0 жас пен 14 жас аралығындағы балалар саны  2017 жылы – 36540, 2018 жылы – 34435, 2019 жылы – 35740.

Нәресте өлім-жітім (1жасқа дейінгі) 1000 тірі туғандарға 2017 жылы 4,5 промильді (20сәби), 2018 жылы 8,5 промильді (36 сәби), 2019 жылы                     9,6 промильді (41 сәби).

«Гемофилия» ауырымен есепте тұрған 8 баланы тұрақты үзіліссіз емделуін қамтамасыз ету үшін республикалық бюджеттен қаражат қарастырылып  қажетті дәрі-дәрмектер сатып алынды.

Скринингілік тексерілуге тиіс 0-17 жас аралығындағы балалар және жасөспірімдер 2017 жылы - 57047,  2018 жылы - 49177, 2019 жылы – 56 208 адам тексерістен толықтайөткізілді.Соның ішінде: айқындалған науқастар саны 2017 жылы – 4830, 2018 жылы – 4926, 2019 жылы – 3 024 адам. «Д» есепке алынғандар саны 2017 жылы - 863,2018 жылы – 911, 2019 жылы – 302 адам.

Денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы байқалады, қазіргі кезде             80-дей дәрігер жетіспейді, оның ішінде: балалар реаниматолог анестезиолог-6, ересектер реаниматолог анестезиолог-4, акушер-гинеколог-4, нейрохирург-1, жалпы тәжирбелі дәрігер-13, инфекционист-4, онколог-2, маммолог-1, рентгенолог-3, лаборант-2, неонатолог-2, нефролог -1, терапевт-2, невропатолог-2, физиотерапевт-1, фтизиатр-2, стоматолог-1, фармаколог-1, қоғамдық денсаулық сақтау маманы-1, травматолог-1, эпидемиолог-1, функцион.диагностика-1, дерматовенеролог-2, эндокринолог-2, көшпелі бригада дәрігері-12, жедел жәрдем бөліміне консультант-2, отолоринголог-3, офтальмолог-3.

Туберкулез ауруы (100000 халыққа шаққанда) 2017 жылы 45,9 промилле -67адам, 2018 жылы 45,1 промилле - 62 адам, 2019 жылы 43,4 промилле - 65 адам.

Қан-тамырлары жүйесімен ауыратындар саны 2015 жылы - 464 адам, 2016 жылы - 532 адам, 2017 жылы - 480 адам, 2018 жылы  - 2140 адам.

Қан айналымы жүйесі ауруынан болған өлім-жітім 2014 жылы - 66 адам, 2015 жылы - 39 адам, 2016 жылы - 44 адам, 2017 жылы -25 адам, 2018 жылы - 31, 2019 жылы - 21 адам.

Онкологиялық аурумен 2014 жылы - 265 адам, 2015 жылы - 291 адам, 2016 жылы - 318 адам, 2017 жылы - 392 адам, 2018 жылы - 264 адам, 2019 жылы – 258 адам диспансерлік есепте тұрды. Онкологиялық ауруымен өлім-жітім көрсеткіші 2014 жылы - 45 адам, 2015 жылы - 55 адам, 2016 жылы - 45 адам,2017 жылы - 57 адам, 2018 жылы – 46, 2019 жылы – 38 адам болды.

Қант диабетімен ауыратындар саны 2014жылы -569 адам, 2015 жылы -                   952 адам, 2016 жылы - 1008 адам 2017 жылы-1034 адам, 2018 жылы-1021 адам,  2019 жылы- 1035 адам болды.

Қалада жүрек қан-тамырлары ауруы, қант диабеті, су қараңғы, жатыр мойыны ауруы, сүт безі ауруы, тік ішек ауруларының алдын ала анықтау және сауықтыру мақсатында ҚР ДСМ бұйрығына сәйкес скринингілік тексеріс жыл сайын жүргізілуде. Жүргізілген скринингілік тексерістің нәтижесінде жүрек қан-тамырлары аурулардың саны және өлім деңгейі азайды, себебі науқастарды уақтылы диспансерлік есепке алынады, емдеу-сауықтыру орталықтарына үнемі жіберіліп отырады.

Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясында  дәрігер мамандары жеткіліксіз болғандықтан көбінесе фельдшерлік бригадалар қызмет көрсетеді. Тәулігіне 12 бригада халыққа қызмет көрсетіп отыр, оның 11-іфельдшерлік, 1-уі дәрігерлік. Қызылсай, Теңге ауылдарында 1 бригада тәулігіне жұмыс жасайды.

Станция арқылы көрсетілген жедел және шұғыл көмектер саны 2017 жылы – 61113, 2018 жылы – 59881, 2019 жылы - 42 869 шақыртулар болды.

Қаладағы және іргелес елді мекендердегі емдеу-сауықтыру ұйымдарының материалдық-техникалық базалары нығайтылып, Реаномобиль және санитарлық УАЗ автокөліктері; Флюроаппарат; физиоемдеу аппараттары; аудиометриялық кабинет; мұрын-құлаққа арналған ашық кабинеттермен және т.б. заманауи медициналық құралдар-жабдықтармен жарақтандырылды.

Денсаулық сақтау бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы, бала туудың, табиғи өсімнің артуы;

медициналық ұйымдар желісінің кеңеюі;

медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасының нығаюы;

халықтың орта медициналық қызметкерлермен жеткілікті қамтамасыз етілуі;

Әкімнің гранты бойынша медициналық ЖОО-да оқуы.

дәрігер кадрлардың тапшылығы;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі;

әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алудың жеткіліксіз инфрақұрылымы.

 

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету арқылы жергілікті жерде қалдыру;

аса тапшы мамандарды Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінен тарту;

денсаулық сақтау объектілерін салуға бюджеттік және жеке қаржыландыруы көлемін, оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану арқылы ұлғайту.

еңбек мигранттарының белсенді көші-қон үдерісі;

көші-қон ағындарының салдарынан сырттан әкелінетін инфекциялық аурулардың өсу тәуекелі.

 

Денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары:

дәрігер кадрлардың тапшылығы, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;

бала табатын жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексі.

 

2.1.2.3. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

 

2019 жылғы статистикалық дерекке сәйкес, Жаңаөзен қаласы бойынша 15 және одан жоғары жастағы жұмыс күші саны 77 493 адамғажетті.Оның ішінде жұмыспен қамтылғандары 73 868 адам (жалдамалы қызметкерлер–68585 адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандары- 5 283 адам), жұмыссыздары - 3625 адам. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ды, жастар жұмыссыздығының деңгейі (15-28 жастағылар) 3,7% құрады.

Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметіне сәйкес, жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген адамдардың саны 2016 жылы 5938 адам, 2017 жылы 9433 адам, 2018 жылы 7602 адам,2019 жылы 11060 адам.

Соның ішінде жұмысқа орналасқандардың үлесі 2016 жылы – 56,3% (3342 адам), 2017 жылы – 45,2% (4264 адам), 2018 жылы – 70,0% (5 315 адам),               2019 жылы – 59,1% (6541 адам).

Құрылған жұмыс орындарының саны 2016 жылы - 3484, 2017 жылы - 3971, 2018 жылы - 5250, 2019 жылы - 5260 бірлікті құрады. Оның ішіндегі тұрақты жұмыс орындары 2016 жылы – 1631, 2017 жылы – 2441, 2018 жылы – 3708, 2019 жылы – 4596 бірлік.

Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы мүгедектер саны 2016 жылы 126 адам, 2017 жылы 194 адам, 2018 жылы 232 адам, 2019 жылы 302 адам болды. Жұмысқа орналасқандар саны 2016 жылы 94 адам, 2017 жылы 116 адам, 2018 жылы 165 адам, 2019 жылы 227 адам. Соның ішінде тұрақты жұмысқа 2016 жылы 32 адам, 2017 жылы 117 адам, 2018 жылы 81 адам, 2019 жылы 76 адаморналасты.

 

Жаңаөзен қаласының еңбек нарығының негізгі индикаторлары

(ресми статистикалық деректер)

Еңбек нарығының

негізгі индикаторлары

2016ж.

2017ж.

 

2018ж.

2019ж.

Халық саны, адам

144706

147910

151 098

154 003

Экономикалық тұрғыдан белсенді

халық саны, адам

65 172

62 732

77 493

80739

Жұмыспен қамтылған халық саны, адам

61 794

59 656

73 868

78154

Жалдамалы қызметкерлер саны, адам

60 073

55 767

68 585

75 458

Өз бетінше жұмыспен қамтылған қызметкерлер саны, адам

1 721

3 889

5 283

2 696

Жұмыссыздар саны, адам

3 378

3 076

3 625

2 585

Еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі, %

5,2

4,9

4,7

3,2

Жастар жұмыссыздығының деңгейі, %

(15-24 жастағылар)

3,5

2,1

2,7

7,8

 

 

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметі

 

Индикаторлар атауы

2016ж.

2017ж.

2018ж.

2019ж.

Тіркелушілер саны, адам

5 938

9 433

7 602

11 060

оның ішінде:

 

 

 

 

әйелдер саны, адам

2 800

4 388

4 139

5 269

жастар саны, адам

2 688

5 094

3 778

5 978

Жұмыспен қамтылғандар саны барлығы («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы») бірге, адам

3 342

4 264

5 315

6 541

-                     Тұрақты жұмысқа

1631

2441

3 708

4 596

-                     Әлеуметтік жұмысқа

240

299

305

230

-                     Қоғамдық жұмысқа

1 292

1 370

1 167

1 443

-                     Жастар практикасы

179

154

135

272

Жұмыссыздар саны, адам

1 480

1 088

1 036

1 317

оның ішінде:

 

 

 

 

әйелдер саны, адам

794

635

591

738

жастар саны, адам

748

561

477

553

Жұмыссыздық деңгейі, пайыз

3,0

1,6

1,6

1,7

Құрылған жаңа жұмыс орындары, бірлік

3 484

3 971

5 250

5 260

 

Еңбек ақы. Жаңаөзен қаласындағы еңбекақы деңгейі жоғары ретінде сипатталады, соның ішінде кен өндіру өнеркәсібінде.

Экономикалық қызмет түрі бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы(кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз):2016 жылы 336 896 теңге, 2017 жылы 367 364 теңге, 2018 жылы 404 573теңге, 2019 жылы432 334теңге.

Еңбекақыдағы айырмашылықтар экономикалық қызметтер түріне тән. Еңбекақының ең жоғары шамасы өнеркәсіпте - 637 809 теңге, ең төменгі шамасы - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет- 96 922теңге белгіленді.

Халықты жұмыспен қамтуды арттыру және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілді.

Бағдарламаның мақсаты: халықты нәтижелі  жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту.

Бағдарламаны іске асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1)кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту бойынша:кәсіпкерлік негіздері курсына 2016 жылы 12 адам, оқытылды. Өз ісін ашуға және кеңейтуге 2016 жылы 23 адам 66,0 млн.теңге, 2018 жылы 16 адам 85,3 млн.теңге, 2019 жылы 17 адам 73,1 млн.теңгеге несие алды. Нәтижесінде 52 жұмыс орындары құрылды.

2) жұмыс берушінің нақты сұранысын есепке ала отырып, оқыту мен жұмысқа орналасуға және қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша:

- қайта даярлау курсына 2016 жылы 50 адам, 2017 жылы 464 адам, 2018 жылы «Жаңа Серпін орталығы» арқылы 245 адам, 2019 жылы 144 адам жолданып,  соның ішінде 78 адам жұыспен қамтылды.

- біліктілігін арттыру курсына 2016 жылы 5 адам жолданып, толығымен жұмыспен қамтылды.

- кәсіби білім беруге (оқу мерзімі 10 айдан 3 жылға дейін) техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша 2018 жылы 243 адам жолданды, оның ішінде 10 айлық оқу курсын 104 адам бітіріп шықты. 2019 жылы 360 адам жолданып қазіргі таңда 286 адам оқытылуда.

(2018 жылы - Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі – 90; О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі – 52; Ақтау политехникалық колледжі  - 5; Жаңаөзен политехникалық колледжі – 66; Маңғыстау энергетикалық колледжі – 1; М.Тынышбаев атындағы ҚАЗККА Ақтау көлік колледжі-5; Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі – 1; Маңғыстау туризм колледжі – 4, Прикаспийский колледж Болашақ – 1, Қарақия кәсіптік колледжі – 10, Ақтау есептік технологиялық колледжі – 3; Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі – 6, Болашақ колледжі – 3. 2019 жылы-  О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінде-136, Жаңаөзен политехникалық колледжінде-111, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінде-100, Х.УзбекҒалиев атындағы Маңғыстау облыстық политехникалық колледжінде-4, Маңғыстау облыстық энергетикалық колледжінде-4, «Қайнар» колледжінде-4, Каспий өңірі Болашақ колледжінде-1).

- әлеуметтік жұмыс орындарына ішінара субсидиялау жалақымен 2016 – 2019 жылдары 1 074 адам жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамтылды (2016 жылы – 240, 2017 жылы – 299, 2018 жылы – 305 адам, 2019 жылы – 230 адам).Бағдарлама аясында төрт жылда барлығы РБ – 43,5 млн.теңге жұмсалды (2016 жылы –6,8 млн.теңге, 2017 жылы  - 11,2 млн.теңге, 2018 жылы – 12,2 млн.теңге, 2019 жылы- 13,3 млн.теңге).

-жоғары және арнайы оқу орындарының 740 түлегі жастар практикасына жіберілді (2016 жылы – 179 адам, 2017 жылы – 154 адам,2018 жылы – 135 адам, 2019 жылы – 272 адам).Осы мақсатта барлығы РБ – 117,1 млн.теңге қаржы жұмсалды ( 2016 жылы – 5,7 млн.теңге, 2017 жылы – 17,0 млн.теңге, 2018 жылы – 19,8 млн.теңге, 2019 жылы -74,6 млн.теңге).

ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы №919 қаулысымен «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы бекітілді.

Бірінші бағыт: Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету мақсатында «кондитер»-24; «аспазшы»-23; «жобалаушы 3Д»-11; «тігінші»-86 адам көрсетілген мамандықтары бойынша барлығы 144 азамат ЖШС «Ел-мұра», ЖШС «Mediana Services Limited» оқу орталықтары арқылы оқытылды, соның ішінде: 78 азамат  қала мекемелеріне тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Екінші бағыты: 2018 жылы шағын несие беру үшін «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен 6% - 85,3 млн.теңге қаражат бөлінген, мал шаруашылық бойынша 11 адамға 48,3 млн.теңге қаражат, қызмет көрсету саласына 2 адамға 7 млн.теңге, денсаулық саласына 1 адамға 12,0 млн.теңге, дәмхана ашуға 1 адамға 13,0 млн.теңге, 1 адамға кәсібін ұлғайтуға 5,0 млн.теңге беріліп, толығымен игерілді. Нәтижесінде 52 жұмыс орындары құрылды.

«Бастау – бизнес» жобасына жоспарланған 70 адамның кәсіпкерлік негіздеріне  99 адам оқытылды, соның 82 жұмыссыз және 17 өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар. Республикалық бюджеттен мемлекеттік грантқа 2,4 млн.теңге бөлініп, толықтай игерілді. Кәсіпкерлік негіздерін оқып сертификаттарын алып, қайтарымсыз грантқа жаңа бизнес – жобаларын Маңғыстау облыстық жаңа бизнес – жобаларын қарау комиссия жоспарланған 10 азаматтың жобалары мақұлданып, әр қайсына 240,0 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несие берілді. 

2019 жылышағын несие беру үшін «Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-мен 6% - 73,1 млн.теңге қаражат бөлінген. Оның ішінде: мал шаруашылыққа 9 адамға 43,0 млн.теңге, қосымша бизнесті кеңейтуге 8 адамға 30,1 млн.теңге қаражат беріліп, толығымен игерілді.

 Үшінші бағыты:

- әлеуметтік жұмыстарға барлығы 230 адам: жергілікті бюджеттен 88 орынға 17 185,0 мың теңге қаражат қарастырылып, игерілді. Есеп кезеңде 19 мекемеге 140 азамат жұмысқа жолданды. Республикалық бюджеттен 56 орынға 13 305,0 мың теңге қаражат қарастырылып, толығымен игерілді. Есеп кезеңде 7 мекемеге 90 азамат жұмысқа жолданды. Жолданған азаматтардың ішінен 57 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

– жастар практикасы барлығы 272 адам: жергілікті бюджеттен 62 орынға 5 964,0 мың теңге қаражат қарастырылып, 5 958,3 мың теңге игерілді. Есепті кезеңге 8 мекемеге 14 азамат жұмысқа жолданды. Республикалық бюджеттен 197 орынға 74 614,0 мың теңге қаражат қарастырылып, толықтай  игерілді. Есеп кезеңде 52 мекемеге 258 азамат жұмысқа жолданды. Жолданған азаматтардың ішінен 33 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

– қоғамдық жұмысқа 1000 орынға жергілікті бюджеттен 588 287 мың теңге қаражат қарастырылып, толықтай игерілді. Есепті кезеңге 1 443 азамат жұмысқа жолданды, оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары – 130 адам.

– тұрақты жұмысқа 4 596 жұмыссыз адам жолданды.

– 2018 жылы ерікті қоныс аударуға ниет білдірген 18 отбасы 58 адам, оның ішінде  6 отбасы /30адам/ қоныс аударған: Қостанай облысы 4 отбасы 21 адам: - Қарабалық ауданы Бөрлі аулына – 1 отбасы 7 адам – жеке шаруашылықпен айналысуға/өз қаражатына үй сатып алған, көшу субсидиясын 640 мың теңге көлемінде төленді/; - Алтынсары ауданы – 2 отбасы 11 адам – 1 отбасы-жалдамалы тұрғын үйлерге орналастырылды, 2 отбасы - өз қаражатымен                        4 бөлмелі жер ұй сатып алған, көшу субсидиясын 980мың теңге төленді.  Солтүстік Қазақстан облысы – 1 отбасы 4 адам – Мамлют ауданы Воскресенка ауылы – тұрғын үй сатып алған, балалары ауылдық мектепке орналастырылды, 850 мың теңге көшу субсидиясын төленді; Павлодар облысы – 1 отбасы 7 адам Павлодар ауданы Красноармейск ауылы /1 200,0 мың теңге субсидиясы төленді, қоныстанушы берілген қаражатқа жеке үй сатып алған, аудандық наубайханаға жұмысқа орналастырылды, қызы - Агротехникалық колледжінде 1 курсқа қабылданды, 2 баласы – балабақшаға, 3 – баласы аудандық мектепке орналастырылды/.

- 2019 жылы ерікті қоныс аударуға ниет білдірген 7 отбасы 13 адам, ниет білдірушілердің барлығы Павлодар облысына қоныс аударды. Оның ішінде                    2 отбасы /4адам/ Иртышский районға, 2 отбасы /2 адам/ Екібастұз ауданына, 2 отбасы /5адам/ Баянауылы ауданы, Бірлік ауылына, 1 отбасы /2 адам/ Успенский районға қоныс аударған.Қоныс аударған әр отбасы мүшелеріне100,0 мың теңге көлемінде барлығы 1300,0 мың теңге «Өзенмұнайгаз» АҚ-ы атынан квота тағайындалып төленді. Қоныс аударғандардың ішінен 2 отбасының 3 мүшесі тұрақты жұмыспен қамтылды, 2 отбасы мал шаруашылығымен айналысуда. 

«Бос жұмыс орны» жәрмеңкесі 2016 жылы 2 рет, 2017 жылы 1 рет, 2018 жылы 2 рет, 2019 жылы 3 рет өткізілді. Бұған барлығы  119 мекеме, 1 236 адам қатысып, 1 163 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 514 адам әр түрлі мақсаттағы жұмыстарға орналастырылды. Өнеркәсіптегі және экономикадағы тұрақтану кәсіби кадрлардың болуын талап етті, бірінші кезекте инженерлік – техникалық қызметкерлердің болуын, кәсіпорындарда жаңа технологияларды енгізу – қызметкерлердің біліктіліктерінің деңгейіне талаптарды арттыруды талап етті. Еңбек рыногында жұмысқа деген өтініштерін негізінде басқа мемлекеттерден көшіп келген адамдар ұсынады. Тек олардың үштен бір бөлігінің ғана жоғары және орта кәсіби білімдері бар, бірақ ол білім де қызмет атқаратын өндірістердің саласына сәйкес келмейді.

Қорытынды: Жаңаөзен қаласының еңбек нарығындағы жағдай тұтас алғанда еңбек нарығының құрылымдық дисбаланс аясында жұмыссыздық деңгейінің өсуімен сипатталады.

 

Жұмыспен қамту және халықтың табысы SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

жаңа жұмыс орындарының ашылуы;

«Жұмыспен қамту Жол картасы 2020», «Өрлеу» жобасының, «Жаңа серпін» өңірлік бағдарламасының, Жаңаөзен қаласында бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кешенді жоспарының аясында белсенді шараларды пайдалану;

әлеуметтік нысаналы топтарға субсидия беру арқылы жұмыс орындарын ұстап қалу;

өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер санының көбеюі;

халықты кәсіпкерлікпен айналысу үшін микрокредиттер беру арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, т.б.;

халықтың жұмыспен қамтамасыз етілуіне көмектесу бойынша шараларды жүзеге асыру, әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жастар практикасы, қоғамдық жұмыстарды, кәсіптік даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламаларын жетілдіру  ұйымдастыру;

тұрақты жұмыс орындарының болмауы;

жасырын жұмыссыздықтың болуы;

мамандардың жетіспеу салдары;

жастар жұмыссыздықтың жоғары деңгейі;

 

 

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

тұрақты жұмыс орындарының ашылуы;

жұмыс берушінің жоғары деңгейде жауапкершілікте болуы;

сырттан келетін шет ел жұмысшыларының деңгейін төмендету;

жұмысшылардың біліктілік деңгейін арттырттыру;

Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын қолдану;

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру, жүмыссыздарды оқыту бағдарламаларын іске асыру;

Өз ісін ұйымдастыру үшін микрокредиттер беру арқылы жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға жәрдемдесу.

Экономикадағы дағдарыстық құбылыстар, өндірісті жаңғырту нәтижесінде және басқа себептермен қызметкерлердің жұмыстан босауы және жұмыс орындарының қысқартылуы;

Халықтыңбәсекеге қабілетсіз топтарын жүмыспен қамту үшін мүмкіндіктердің азаюы.

 

 

 

Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша негізгі мәселелер:

мұнайға арналған бағалардың әлемдік деңгейінің төмендеуіне, мұнай-сервис компанияларындағы жұмыстар көлемінің төмендеуіне байланысты жұмыссыздық деңгейінің көтерілу тәуекелі;

жұмыссыз азаматтар біліктілігінің жұмыс берушілер қоятын талаптарға сай болмауы;

жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі.

 

 

Халықты әлеуметтік қорғау

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы 2016 жылы 28238 теңге, 2017 жылы 30565 теңге, 2018 жылы 35 466 теңге,2019 жылы 36 560 теңгені құрады. 2019 жылғы көрсеткішті 2016 жылмен салыстырғанда 1,3 есеге өсті.

 

 

Күнкөріс деңгейінің орташа мөлшерінің өсуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмектің орташа айлық мөлшері өсті, мәселен 2016 жылы 2082 теңге, 2017 жылға 2228 теңге, 2018 жылы 2 405 теңге, 2019 жылы 2778 теңгені  құрады.

Күнкөрістің ең төменгі деңгейінен табыстары төмен адам саны  2016 жылы 223 адам, 2017 жылы 193 адам, 2018 жылы 1 880 адам, 2019 жылы 9226 адам болды. 2019 жылғы көрсеткішті 2016 жылмен салыстырғанда 8,7 есеге өсті.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі 2016 жылы – 25,1% (223 адам), 2017 жылы – 24,3% (193 адам), 2018 жылы – 31,6% (595 адам), 2019 жылы –32,6 % (3008 адам) құрайды.

Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсете отырып, қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде) 2016 жылы – 223 адам, 2017 жылы – 193 адам, 2018 жылы – 1880 адам, 2019 жылы – 9226 адамды, яғни барлық жылдары 100%құрады.

Қалалық маслихаттың 2013 жылғы 30 қыркүйектегі №21/171 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілген әлеуметтік көмектің түрлері туралы» шешіміне сәйкес айына бір айлық көрсеткіш (1852 теңге) көлемінде мүгедектігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы 2016 жылы   18323 мүмкіндігі шектеулі жандарға 211,6 млн.теңге, 2017 жылы18875 мүмкіндігі шектеулі жандарға 168,6 млн.теңге, 2018 жылы 20709 мүмкіндігі шектеулі жандарға 249,0 млн.теңге, 2019 жылы 26 846 мүмкіндігі шектеулі жандарға 337,4 млн.теңге көлемінде көлемінде төлеуге әлеуметтік көмегі берілсе, 8 айлық есептік көрсеткіш ретінде асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты әлеуметтік жәрдемақы алушы 2016 жылы 1228 балаға 36,2 млн.теңге, 2017 жылы 1180 балаға 37,7 млн.теңге, 2018 жылы 1990 балаға 38,3 млн.теңге, 2019 жылы 2012 балаға 40,6 млн.теңге көлемінде әлеуметтік көмек беріліп отыр. 

Үйде оқитын мүгедек балаларға арналған жәрдемақы 2016 жылы 79 балаға 10,0 млн.теңге, 2017 жылы 81 балаға 11,0 млн.теңге, 2018 жылы 103 балаға 13,1 млн.теңге, 2019 жылы 108 балаға 15,1 млн.теңге төленді.

Тұрғындарға төленген әлеуметтік көмектер туралы мәліметтер:

Атауы

2016 ж.       

2017 ж.       

2018ж.    

2019 ж

Атаулы әлеуметтік көмек, отбасы/адам

48/223

39/193

357/1880

1629/9226

Төленген қаражат, мың теңге

4 877,0

5 690,0

73 618,0

1 067 528,0

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, отбасы/адам

356/1189

334/1181

-

-

Төленген қаражат, мың теңге

11 905,0

14 099,8

-

-

Мүжәлсіз отбасылардың коммуналдық төлемақыларын үшін тұрғын үй өмегі, отбасы

90

98

102

156

Төленген қаражат, мың теңге

2325,0

2808,0

3 005,0

3 855,0

Күнкөрістің ең төменгі деңгейі, теңге

28 238

30 565

35 466

36 560

АЭК-тің кедейшілік мөлшері, теңге

11 295

18 339

14 186

25 592

18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысының кедейшілік шегінің мөлшері, теңге

16 943

12 226

-

-

 

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 329 бұйрығына сәйкес өзгерістер енгізіліп, яғни «18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы», «Өрлеу» жобасы, «Төрт және одан да көп балалар жәрдемақысы» біріктіріліп, 2018 жылы 1 қаңтардан аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі – жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек әрекет ете бастады.

Қала бойынша барлығы 4400 мүгедек адам болса, олардың 1125-і жасы              18-ге толмаған балалар. Үйден оқып және тәрбиеленетін бала кезден мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету мақсатында 70 балаға айына 12625 теңге және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы үйлерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлері 124мүгедек балаға тұрақты қызмет көрсетіліп, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысымен гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Жыл сайын көзі көрмейтін зағип адамдарға тифломагнитафон, таяқ және сағат тифлотехникалық құралдары; ересек мүгедек адам және бес жасынан мүгедек балаларға кресло-арбалар; ересек мүгедектер мен балаларға протез-ортопедиялық құралдары; мүгедек сурдотехникалық құралдармен (ұялы телефон, сағат); мүгедек балалар мен ересек мүгедек адамдар Оңалту орталықтарына және санаториялық курорттарға емделуге жолдамамен қамтылып отырады; ымдау тілі мен жеке көмекшілер мүгедектерге қызмет көрсетеді;

Қаланың ірі кәсіпорындары және тағы басқалары арқылы мүгедек балаларға үнемі қамқорлық көрсетіліп, мерекелік шараларға шақырылып және Жаңа жыл мерекесіне орай сыйлықтар табысталады;

Қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, атаулы мерекелерге (Наурыз мерекесіне, Алтын алқа, Күміс алқа иелеріне, 1 мамыр «Бірлік күні», Жеңіс күні, 1 маусым балалар күніне мүгедек балаларға  қарттар күні, мүгедектер күні, Конситуция күні) орай,31783 адамға 396,4 млн.теңге көлемінде жәрдемақы берілді.

Ауылдық жерлерді кадрмен қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімінің грантына бөлінген 2016 жылға 132,4 млн.теңгеге жыл басынан 200 студент оқып, 18 түлек бітірді; 2017 жылға 158,7 млн.теңгеге жыл басынан 203 студент оқып, 2018 жылға 149,9 млн.теңгеге жыл басынан 196 студент оқып, 36 түлек оқу бітіріп, қазіргі таңда 70 түлек жұмысқа орналастырылып, Қызылсай, Теңге, Рахат ауылдарында еңбек етуде, 2019 жылға 103,6 млн.теңгеге жыл басынан 166 студент оқып, 39 түлек оқу бітіріп, қазіргі таңда 39 түлек жұмысқа орналастырылып ауылдық елді мекендерде еңбек етіп жатыр.

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдіргендер санының азаюы және атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшерінің өсуі;

аз қамтылған отбасыларға берілетін көмектер;

арбадағы мүгедектер кіретін пандустардың болуы;

 «Инватаксидің» жұмыс жасауы; жеке көмекшілердің болуы;

мүгедектерге беретін гигиеналық құралдар санының өсуі;

табысы кедейлік шегінен және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдар санының қалаға көрші өңірлерден келушілердің есебінен толығуы;

ең төменгі күнкөріс деңгейінің және тиісінше кедейшілік шегінің жыл сайынғы өсуі;

өнімсіз жұмыспен қамтылудың сақталуы

МҮМКІНДІКТЕР:

 

ҚАТЕРЛЕР:

Халықтың нақты табысының өсуі;

Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің жандануы.

Жұмыспен қамтудың белсенді нысандарын қолдану

Аз қамтылған отбасылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеуге бейімдігі.

 

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша негізгі проблемалар:

жергілікті ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту қиындықтарына, өткізу рыногтарының шалғайлығына байланысты ең төменгі күнкөріс деңгейінің жоғарылығы;

мұнай-газ саласындағы жалақы мен ауыл шаруашылығындағы, бюджеттік саладағы жалақы арасындағы айтарлықтай айырмашылық;

қалаға басқа өңірлерден көп балалы аз қамтылған отбасыларының көптеп келуі.

 

2.1.2.4. Мәдениет.

 

Мәдениет пен өнер саласының екпінді дамуы, мәдениет туындыларына қол жетімділікті қамтамасыз ету, жастардың шығармашылық қабілетін арттырып, өнерге баулу, өнердің озық үлгілерін насихаттау бағытында мәдени ұйымдардың саны 10 бірлікті құрайды, оның ішінде:

* 1000 орынға арналған 3 мәдениет үйі(«Өнер» МКҚҚ кәсіпорынның «Мұнайшы» МҮ, Теңге ауылындағы «Ата мұра» МҮ, Қызылсай ауылындағы «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» МҮ);

*152 орындықкітапхана7 бөлімшесімен бірге.

2019 жылы қала және оған іргелес елді – мекендер тұрғындары үшін дәстүрлі және атаулы мерекелерге арналған 358 мәдени көпшілік шара,  дәстүрлі өнер сайыстары ұйымдастырылып өткізілді. Қамтылған көрермендер саны 135700 адам, көркемөнерпаз саны 7743 адам.

Мәдениет үйлеріндегі клубтық құрылымдар саны -88, соның ішінде үйірмелер саны 52/1030 қатысушы, ұжымдар саны 36/717 өнерпаз. Барлығы: клубтық құрылым 88/1747қаысушы өнерпаз.

«Мұнайшы» МҮ-де 26 өнер ұжымы мен 36 үйірме, «Ұзақбай жырау Қазжанұлы» МҮ-де 5 өнер ұжымы мен 5 үйірме, «Атамұра» МҮ-де 7 үйірме, 5 ұжым жұмыс жасайды.

Халықтық атағы бар2019 жылы-11, қатысушы саны – 178 өнерпазға жетті,барлығы «Мәдениет» МҮ-нің ұжымдары.

Клубтық құрылым саны 2019 жылы 2018 жылға қарағанда 2 бірлікке көбейіп, 88 бірлікке жетті; мүше саны 253 өнерпазға дейін көбейіп, 1747 болды.

Мәдени ошақтардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2019 жылы жергілікті бюджеттен 366,7 млн.теңге бөлінді.Жаңаөзен қалалық Орталықтанған кітапханалар жүйесінде өте үлкен ақпараттық, рухани, өнегелік қорлар жинақталып сақталуда.

Кітап қоры 2019 жылы 130 115дана (70270 данасы – қазақ тілінде), 2018 жылмен салыстырғанда жалпы кітап қоры 2880 бірлікке, қазақ тіліндегі әдебиеттер саны 2532 бірлікке азайды. Кітап қорының азаюы себебі – аталған қордың ішінен мазмұны бойынша ескірген, тозығы жеткен кітаптар шығысталды. 

Оқырмандар саны 2018 жылы 17283 болса, 2019 жылы 17708 адамды құрап, 425 оқырманға көбейген.

 Кітап  қорын толықтыруға 2019 жылы барлығы 5,3 млн.теңге жұмсалды, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен 1,0 млн.теңге, мемлекеттік тапсырыспен 4,2 млн.теңге. Соның ішінде, келіп түскен жаңа әдебиеттер саны 3075/2684 дана  кітап, 1024 дана мемлекеттік бюджеттен, 1700 дана мемлекеттік тапсырыспен сатып алынды. 2018 жылы кітап қорын толықтыруға барлығы 6,8 млн.теңге жұмсалды, соның ішінде мемлекеттік бюджеттен 763,0 мың теңге мемлекеттік тапсырыспен 6,1 млн.теңге. Келіп түскен жаңа әдебиеттер саны 3241/2839 дана кітап, 641 дана мемлекеттік бюджет есебінен, ал 2600 дана кітап мемлекеттік тапсырыспен алынды.Сонымен қатар, 83,0 теңгеге 351 дана кітап сыйға берілді.

«РАБИС»  бағдарламасы бойынша электрондық каталогқа 51495 дана кітап енгізілді. Қаладағы орталық кітапхана 1973 жылы салынған бейімделген ғимаратта орналасып келеді. 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында Жаңаөзен қаласында 2021 жылы Оқушылар шығармашылық үйі мен жаңа кітапхана құрылысын салу көзделген. Құрылысты салу үшін ауданы 0,2 га жер учаскесі бөлінді. Жалпы сметалық құны 700,0 млн.теңгені құрайды.

Рахат ауылында бюджет қаражаты есебінен 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы жүргізілуде. Құрылысты аяқтау мерзімі 2021 жылға жоспарланған.

Кешенді Жоспар аясында, 2020 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның қаражатынан «Мұнайшы» мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасы нығайтылып, үлкен және кіші залдары мен сыртқы келбетіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Осы мақсатта 400 млн.теңге қарастырылды.

Сонымен қатар, қаламызда облыстық тарихи – өлкетану мұражайының филиалы жұмыс жасайды. Мұражайға келушілер саны 2019 жылы 10027                  (2018 жылы – 8608 адам), яғни 2018 жылмен салыстырғанда 2251 адамға өсіп отыр. 2019-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспар аясында 2021 жылы жаңа тарихи-өлкетану мұражай құрылысын салу көзделіп отыр. Жобаның жалпы сметалық құны 493,6 млн.теңгені құрайды.

Мәдени саланың жеткілікті дамымауы, материалдық-техникалық базасының деңгейінің төмендігінде, мәдени кәсіпорындар және мекемелеріндегі Ұлт аспаптар дирижері, кәсіби деңгейдегі ұлт аспаптар кадрларының (қобызшы, сырнайшы, үрмелі аспаптар т.б.) және хореография (классикалық би), дәстүрлі ән өнерінің вокал мамандарының тапшылығы болып отыр.

      Облыстық мәдениет басқармасының қаулысымен қоғамдық  қамқоршылық бекітіліп, жауапты мекемелерге жүктелген тарихи – мәдени ескерткіштерге жыл сайын тазалық, жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.

 

Мәдениет бойынша SWOT-талдау:

 

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Мәдениет саласындағы қызметтерге сұраныс дәрежесінің жоспарлы өсуі;

Жылдан–жылға кітапханалардың кітап қоры толықтырылып отырады;

Тарихи-мәдени мұраларды насихаттау;

 

Ауылдық мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық базасының әлсіздігі;

Мамандырылған кадрлардың, әсіресе ауылдық жерлерде жетіспеуі;

Мәдениет мекемелері желісінің дамуындағы үйлесімділіктің болмауына негізделген ауыл тұрғындарының мәдениет ұйымдары көрсететін қызметтерге қолжетімділігінің теңсіздігі;

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Салада тұрғындарға жаңа қазіргі заманға сай қызмет көрсету нысандарын енгізу;

Мәдениет саласында мамандардың тұрақтамауы, әсіресе ауылдық жерде;

 

Мәдениет саласындағы негізгі проблемалар:

мәдениет объектісі кітапхана және оның бөлімшелері бейімделген ғимараттарда орналасқан;

мәдениет объектісі кітапхананың ақпараттандырудың төмен деңгейі, ауылдық кітапханада Интернет желісіне қолжетімділігінің жоқтығы;

материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі (музыка аспаптарының, жарық және дыбыс жабдығының, сахна киімдерінің жетіспеушілігі;

мәдениет мекемелері үшін, әсіресе ауылдық жерде кадрлардың (реставраторлдар, каталогизаторлар және бағдарламашылар сияқты тар шеңберлі мамандардың тапшылығы); 

 

2.1.2.5. Дене шынықтыру және спорт

 

Жаңаөзен қаласы бойынша Әмин Тұяқов атындағы стадион,Р.Өтесінов атындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені, 3 бірлік балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, «Алға» мүгедектер спорт клубы, білім бөліміне қарасты 3 аула клубтары қызмет көрсетеді.Сондай-ақ, 36 спорт алаңдары бар.

Жүйелі түрде дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын барлық жастағы тұрғындар саны 2017 жылы 24,0 мың адам болса, 2018 жылы 36,0 мың адам құрайды немесе жалпы халық санынан 24,0%. Бұл көрсеткіш 2019 жылы - 37,0 мыңнан асты, немесе жалпы халық санынан 24,0%.

Кешенді жоспар аясында 2012-2018 жылдар аралығында Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендерде 26 спорттық алаңдар салынды. 2012-2014 жылдары салынған 15 спорттық алаңдар «Жаңаөзен қалалық тұрғын – үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы» бөлімі мемлекеттік мекеме балансына берілді. Оның ішінде:

2012 жылы 5 (бес) спорт алаңдарын салуға ЖБ – 47,4 млн.теңге игерілді.  Ауданы барлығы 0,4 га (әр қайсысы 0,054 га – дан) жер телімі бөлінді. «Самал» ш/а №1,2 үйінің алдында, «Көктем» ш/а №12-13 уйлердің аралығы, «Өркен»              ш /а №64-68 тұрғын үйлер аралығы, «Шаңырақ» ш/а №3/5/7 тұрғын үйлер аралықтарында салынды. Сонымен бірге, балаларға арналған №5 мектеп гимназия және №18 орта мектепке спорт алаңшалары салынды.

2013 жылы «Шаңырақ» ш/а №26-27 үйлердің, «Көктем» ш/а №32-33 үйлердің, «Шұғыла» ш/а № 5-6, «Шұғыла» ш/а № 16/17 үйлердің, «Самал» ш/а № 33-34 үйлердің жанынан жалпы ауданы 450 шаршы метрді құрайтын спорт алаңдары салынды. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен 65,0 млн.теңге игерілді.

2014 жылы «Рауан» ш/а №3 үй жанынан, «Өркен» ш/а № 56-57 үйлер жанынан, «Көктем» ш/а № 57-58 үйлер жанынан, Теңге ауылында № 69,71,76 және 78 үйлер жанынан, Қызылсай ауылында спорт алаңдары салынды (жалпы ауданы   450 шаршы метр), жергілікті бюджеттен 64,4 млн.теңге бөлінді.

2015 жылы «Шаңырақ» ш/а №21 үй, «Шұғыла» ш/а №30 үй, «Астана» ш/а, «Ақсу» ш/а барлығы 5 спорт алаңдары салынды,жергілікті бюджеттен 75,6 млн.теңге бөлінді.

Салынған алаңшалардың заң талаптарына сәйкес құжаттары рәсімделіп, балансқа қабылданды. 

2016 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен Р.Өтесінов атындағы ДШСК – де және 2017 жылы Жаңаөзен қаласы Шаңырақ, Рауан ш/а салынған 2 көпсалалы спорт алаңында «Street workout» спорттық алаңы салынды. 2018 жылы «Астана банкі» АҚ демеушілігімен «Энергетик» спорт кешені ауласына «Workoyt» алаңы орнатылды. 

2018 жылы «Астана банкі» АҚ демеушілігімен «Энергетик» спорт кешені ауласына «Workout» алаңы орнатылды. 2018 жылдың көрсеткіші бойынша қала тұрғындарының 20,0% спортпен тұрақты түрде шұғылданады, немесе 34 мыңнан астам адам.

Жыл басынан бері облыстық деңгейде 4, қалалық деңгейде 72 турнирлер мен спорттық жарыстар өткізіліп, оған 2800-ден астам адам тартылды. Қала спортшылары әртүрлі деңгейдегі 205 спорттық жарыстарға, турнирлерге іс-сапарға жіберілді. Оның ішінде Азия чемпионаты -6, Қазақстан Республикасының чемпионаты – 18. Қаламызда 29 спорт түрі қамтылған, оның ішінде 14 спорт түрі олимпиадалық, 11-і – олимпиадалық емес, 3 ұлттық және мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт түрлері.

2019 жылы Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай, «Samruk-Kazyna Trust» қорының демеушілігімен Жаңаөзен қаласы аумағында 10 «Workout» спорттық алаңшасы салынып Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансына берілді және көпсалалы спорт алаңдары Жаңаөзен қалалаық білім бөлімінің балансына беріліп, құжаттар рәсімделіп қолданысқа берілді.

2018 жылыжеке кәсіпкер Еділов Нұржан Жаңаөзен қаласының Рахат ауылы, Мерей шағын ауданынан халықаралық стандарттарға сәйкес, «Жақсы» дене шынықтыру спорт кешенінің құрылысын бастап, 2019 жылдың қараша айында толық қолданысқа берілді. Сыйымдылығы –150-180 адам,10 спорт үйірмелері жұмыс істейді.  Оның ішінде –спорт үйірмелер (футбол, баскетбол, волейбол, жеңіл атлетика және т.б), бокс залы, каратэ-до, ауыр атлетика, күрес, тренажер, теннис және тағы басқада залдар қарастырылған, сонымен қатар спортшыларға арналған асхана жұмыс жасайды.

Сондай-ақ, жеке кәсіпкер Агисов Жалғас тарапынан «Арлан» спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, сыйымдылығы – 250 адам, футбол, баскетбол, волейбол, еркін күрес, көркем гимнастика, дзюдо сияқты үйірмелері жұмыс істейді.

 

Дене шынықтыру және спорт бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

 

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

дене шынықтырумен және спортпен айналысушылардың санының өсуі;

спортпен шұғылданатын спортшы жастар мен секциялардың санының өсуі;

Қалалық, облыстық, Республикалық олимпиада ойындарының, Азия ойындарының, Азия мен Әлем чемпионаттарының чемпион спортшылары мен жүлдегерлері дайындалды. 

жаттықтырушылардың төмен жалақысы;

спорт залдары мен спорт кешендері санының жеткіліксіздігі;

балалар спортын дамыту үшін жағдай жасау;

спорт инфрақұрылымының нашар дамуы.

 

МҮМКІНДІКТЕР:

 

ҚАТЕРЛЕР:

балалар мен жасөспірімдер бос уақытында, оның ішінде дене шынықтыру бойынша аула клубтарының желісін дамыту;

дене шынықтыру-сауықтыру спорттық іс-шаралар нысандарын жетілдіру, бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмысты жандандыру;

балалар мен жасөспірімдердің  спорт мектептерінің желісін кеңейту.

спорт секторындағы бюджет ұйымдары қызметкерлері еңбекақысының төмендегенінен кадрлардың кетуі орын алуда және осы бағытта жұмыс жүргізуде мамандардың мүддесі төмен;

балалардың, оқушылардың және жастардың арасында қылмыстардың өсу фактілері артуы мүмкін.

 

Дене шынықтыру мен спорт саласындағы негізгі мәселелер:

- спорт мектептерінде білікті персоналдың жетіспеушілігі;

- жастарды спортқа қызығушылығы арттыру мақсатында қала мен

   ауылдарда іс-шаралар өткізу;

- сауатты, күшті жарнаманың, турөнімді ілгері жылжыту үшін жаңа   

  жарнамалар технологиясының аздығы.

 

2.1.2.6. Ішкі саясат

 

Жаңаөзен қаласы бойынша 70 үкіметтік емес ұйымдар өз жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе іске асыруға 2015 жылы - 3,9 млн.теңге, 2016 жылы - 6,5 млн.теңге,                  2017 жылы - 10,6 млн.теңге, 2018 жылы - 3,9 млн.теңге, 2019 жылы – 2,1 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Саяси партиялармен өзара іс-қимыл.

2020 жыл басына 2 саяси партиялар: «Нұр Отан», «Ақжол» партиялары; сондай ақ, қаладағы кәсіпорындар мен мекемелер жанынан ашылған кәсіподақ ұйымдары да қызмет атқарады.

Бұқара халықпен жақын, Елбасының асыл мұраттарын басшылыққа алған «Нұр Отан» партиясы көшбасшылыққа халықтың сеніміне ие болу мен ел тәуелсіздігін нығайтудағы салихалы іс-қимылы арқылы ие болды. Партияның жергілікті жерлердегі тірегі жыл сайын нығайып, көбейіп келеді.Партия мүшелерінің дені жастар, басым бөлігі, 7498-ы экономика мен халыққа қызмет көрсету саласында еңбек етеді.

Этносаралық және конфессияаралық қатынастар.

Жаңаөзен қаласында ішкі саяси тұрақтылықты нығайту ісінде, ұлтаралық қатынастарды үндестіру мәселелерін шешуде және бірқатар әлеуметтік мәселелерде Қоғамдық келісім ұйымының маңызы өте жоғары. Сонымен қатар, мұндай ұйым Теңге, Рахат, Қызылсай ауылдарында да құрылған.

Ақпараттық саясат.

Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімі қаладағы барлық бұқаралық ақпарат құралдары арасында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Елбасы тапсырмасы бойынша жергілікті билік өкілдерінің атқарып жатқан іс-шаралары, жергілікті әкімдіктің жұмысы және қаладағы пайдалануға беріліп жатқан нысандар мен ел игілігіне жаратылып жатқан істерді насихаттау жергілікті газет және телеарна арқылы жүзеге асырылады. Негізгі мақсаты – қаладағы әлеуметтік–экономикалық деректер мен жаңалықтарды дер кезінде жеткізуді басты назарға алып отыр.Мемлекеттік саясатты түсіндіру және насихаттау жұмыстары жергілікті 4 бұқаралық ақпарат құралдары, олар: 1 телеарна «Қазақстан РТРК» «Қазақстан Ақтау» АҚ-ның Маңғыстау облысы филиалының Жаңаөзен өкілдігі, 2 газет «Жаңаөзен», 1 журнал «Жаңаөзен жұлдызы»  жұмыстарын жүргізіп келеді. Сонымен қатар, 3 республикалық «Мұнайлы мекен», «Президент және халық» және «Егеменді Қазақстан» газеттерінің, 1 облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеттерінің меншікті тілшісі бар. Қала тұрғындары жергілікті телеарнамен 100%, оның ішінде «Отау ТВ» ұлттық цифрлық телехабар тарату желісімен 96,0%-ға жуығы қамтылған.  

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге 2015 жылы – 20,9 млн.теңге,                    2016 жылы – 22,4 млн.теңге, 2017 жылы – 20,7 млн.теңге, 2018 жылы – 25,3 млн.теңге, 2019 жылы – 2,6 млн.теңге бөлініп, игерілді.                   

Қаланың қоғамдық өмірінде бұқаралық ақпарат құралдарының алатын орны зор. Бұқаралық ақпарат құралдары – мемлекеттік-ақпараттық саясаттың жүзеге асырылуын, азаматтық қоғам институттарының бірігіп жұмыс жасауын, демократизацияны, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде мемлекеттік саясатты жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және азаматтық бірлестіктің қалыптасуы, қаладағы жергілікті атқарушы органдар жүйесінде идеологиялық ведомстваның жағдайын анықтайды.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы бойынша жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдаулары, «Бес әлеуметтік бастамалары», «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалалары бойынша қаланың барлық саласындағы қызмет ететін кәсіпорындар мен мекемелерге толығымен насихаттау жұмыстары жүргізілді.

Ішкі саясат бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

қалалық ҮЕҰ-ның мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды іске асыруын қаржыландыру қамтамасыз етілген;

қалалық үкіметтік емес ұйымдарға арналған өңірлік ресурстық орталықтар белсенді жұмыс істейді;

мемлекеттік органдардың жетекші қалалық БАҚ-мен өзара іс-қимылының кешенді жүйесі ынтымақтастық негізінде жолға  қойылды.

ауылдық деңгейде үкіметтік емес сектор дамуының төмен деңгейі;

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобалардың орындалу сапасын бағалауға арналған бірыңғай өлшемдердің жоқтығы;

журналист кадрлардың құқықтық сауаттылығының төмендігі.

МҮМКІНДІКТЕР:

 

ҚАТЕРЛЕР:

мемлекет пен ҮЕҰ-дың әлеуметтік әріптестігін одан әрі тереңдету;

әлеуметтік ширығысудың әлеуетті ошақтарын уақытылы айқындап, оларды жою бойынша тиісті алдын алу шараларын қабылдау.

қала халқында  әлеуметтік оптимизмнің төмендеуі;

мемлекеттік емес БАҚ-да өңірдің қоғамдық-саяси өмірін тұрақсыздандыруға бағытталған материалдардың шығуы.

 

 

Ішкі саясат саласындағы негізгі проблемалар:

ақпараттық-насихаттау жұмысын жүргізу кезінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану деңгейі біршама төмен;

әлеуметтік маңызды жобаларды тиімді іске асырудың мониторингі мен олардың бағалаудың нақты пайымы мен тетігінің жоқтығы;

білікті журналист  кадрлардың  жетіспеушілігі;

азаматтық қоғамды және халықтың жауапкершілігін қамтамасыз ету мақсатында ҮЕҰ мен БАҚ-ның жеткіліксіз өзара іс-қимылы. 

 

2.1.2.7. бағыт. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

 

Қала аумағында 2014-2018 жылдары 7216 қылмыс тіркелді (2014 жылы –              1898 бірлік, 2015 жылы – 1345, 2016 жылы – 1256, 2017 жылы – 1098, 2018 жылы – 865, 2019 ж 11 ай - 754). 2019 жылды тіркелген қылмыс саны – 788 құрап, 2018 жылға қарағанда 16,7%-ға төмендеген. 

2019 жылда 788 қылмыс тіркелді, 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,7%-ға немесе 158 фактіге азайцды (2018ж. – 946 қылмыс). Қылмыстардың ашылу деңгейі 2019 жылда – 76,4% құрады.

Жыл сайын Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасында қала аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қару», «Мигрант», «Нелегал», «Қаңғыбас, «Тұрмыс», «Қадағалау» «Жасөспірім», «Назар аударыңыз, балалар», «Қауіпсіз жол», «Такси», «Контрофакт», «Іздеу», «Пәтер», «Айдап әкету», «Арна», «Мак» сияқты 60-ға жуық жедел-алдын алу іс-шараларын өткізіліп отырады.

Жалпы тіркелген қылмыстардың ішінде 2019 жылда ауыр қылмыс саны – 82 бірлікті (2018 жылы – 62, 2017 жылы – 72, 2016 жылы – 105, 2015 жылы – 110) құраса, аса ауыр қылмыс саны 2019 жылы  – 9 (2018 жылы -3, 2017 жылы – 5,2016 жылы – 11, 2015 жылы – 15)  құрады. Оның ішінде ашылғаны: ауыр қылмыс 2019 жылы  – 75 (91,4%), 2018 жылы - 67 (89,3%).

Адам өлтіру 2019 жылда - 6 факт тіркеліп, 2018 жылмен салыстырғанда 4 есеге көбейіп отыр (2018 жылы – 2, 2017 жылы – 4); ұрлық қылмыстары 2019 жылда  – 296 факт тіркеліп, 14,2 %-ға азайған (2018 жылы – 345); тонау саны 2019  жылда – 13 факт тіркеліп, 45,8%-ға азайды (2018 жылы – 24); бұзақылық қылмыстар  2019  жылда – 91 факт тіркеліп, 36,8%-ға азайды (2018 жылы – 144); зорлау қылмыстары  2019  жылда  – 1 факт тіркелді (2018 жылы – 2);

Кешенді жоспар аясында құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар негізінде Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ішкі әскерінің құрылып жатқан жедел мақсаттағы әскери бөлімі үшін Жаңаөзен қаласында үлгілік әскери қалашық, әскери комиссариат ғимараты, Теңге және Қызылсай ауылдарында тірек пункті, Жаңаөзен қаласының 6 шығар жолы бар үлгілік өртке қарсы депо, учаскелік полиция пунктіне арналған орынжайлар салу 10 бірлік, «Рубеж» стационарлық бақылау бекеті, стационарлық полиция бекеті 2 бірлік, Жаңаөзен қаласындағы ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін 60 және 100 пәтерлік 2 тұрғын үй пәтерлік үлгідегі жатақхана құрылысы салынып, пайдалануға берілді.

   2013 жылы Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» шағынауданындағы жедел басқару орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласы ІІБ ЖБО-на аппараттық – бағдарламалық кешен енгізу аяқталды. ЖБО кешенінің аясында қала бойынша негізгі жол қиылыстары мен қоғамдық орындарда 20 көшелік сандық бұрылмалы камералар орнатылды, Toyota Hiece автомашинасының негізінде оқиғалар орнын мобильді бейнетіркеу кешені сатып алынды, «Тетра» стандартындағы радиобайланысының жаңа жүйесі енгізілді, ЖБО, КББ және ІІБ әкімшілік ғимараты ескі әкімшілік ғимарат телефонмен жабдықталды. Ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында, талшылық-оптикалық байланыс желісі арқылы Жаңаөзен қаласының ІІБ-на Жаңаөзен қаласында орналасқан 9 учаскелік полиция пункті, уақытша ұстау изоляторы, жол полициясы бөлімі Жаңаөзен қаласы ІІБ-ның арнайы қабылдау бөлімшесі қосылды. Тетра стандарттың цифрлық транкинг радиобайланыс жүйесі енгізілді радио сайттары – 2, стационарлық радио станциялары – 10, мобильді радио станциясы – 16, алып жүретін радиостанциялар – 50.

Қаламызда барлығы 125 бейнебақылау камералары қызмет атқарады. Сонымен қатар, «Қауіпсіз аула» бағдарламасына сәйкес, 4 шағын аудан 18 және  19 көпқабатты үйлерге 29 бейнекамералар орнатылып іске қосылды. Орнатылған 38 бейнебақылау камералары (оның, 32-і жылжымалы және 6-уы стационарлық)  Бұл көшедегі болатын қылмыстардың ізін суытпай ашуға және қылмыстың азайуына оң әсерін тигізеді деп күтілуде. Сондай-ақ 2019 жылдың ішінде «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның келісім-шарты бойынша Жаңаөзен қаласы және оған қарасты Теңге, Рахат ауылдарына бейнекамераларды орнату жұмыстарына 271,0 млн.теңге қаражат бөлінді.

Қаланың автожолдарында 2019 жылы 72 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2018 жылы – 95). Оларда қаза болғандардың саны 2019 жылы – 9 адам.

 

Көрсеткіштер атауы

2015 ж

2016 ж

2017 ж

2018 ж

2019 ж

Тіркелген жол-көлік оқиғасы саны, бірлік

80

71

93

95

72

Автокөліктердің саны, бірлік

32 565

33 861

32 861

37 632

37 932

10000 бірлікке шаққандағы жол-көлік оқиғаларының деңгейі

10,3

4,6

6,3

10,0

6,7

 

ІІБ-ның Жол полиция бөлімшесі авариялардың алдын алу бойынша мақсатты жұмыс жүргізуде. Мәселен «Нұр Отан» ХДП қаласының филиалы өкілдерінің қатысуымен және БАҚ-ын тартумен қала аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел-алдын алу және рейдтік іс-шаралары өткізілді.

Әкімшілік полиция қызметкерлері жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында 2019 жылы Жол қозғалысы қағидаларын 1876 бұзушылықты (2018 жылы – 1775), оның ішінде көлік құралын мас күйінде айдаудың – 426 бұзушылықты (2018 жылы – 392), қарсы қозғалыс жолағына шығудың – 1366 бұзушылықты (2018 жылы – 1250), қаламызға қарасты тас жолдарда –   93 бұзушылықты ( 2016 жылы – 71) және тағы басқа оқиғаларын анықтап, жолын кесті.

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

 

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

ішкі істер органдары бөлімшелерінің, оның ішінде әкімшілік полицияның материалдық-техникалық жарақталуының жақсаруына байланысты, жол қауіпсіздігінің құқық бұзушылықтарын анықтаудың өсуі;

Жаңаөзен қаласында ЖБО жұмысының аясында қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ қылмыстарды iзiн суытпай ашу және көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін енгізу;

 

тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша тиімсіз шаралар (адам өлтіру мен денсаулыққа ауыр зардап келтірудің үштен бір бөлігі тұрмыстық жағдайда, мас кезде жасалады);

жүру бөлігінің енін кеңейтуді, олардың барьерлік қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды жақсартуды қажет ететін жергілікті маңызы бар жолдардың нашар жағдайы;

жүргізушілерді даярлау жүйесін айтарлықтай жақсартуды қажет ететін көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібінің төмендігі.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

қаланың автожолдарында авариялардың санын қысқарту үшін, көліктік инфрақұрылымды дамыту, облыстың автомобиль жолдарын реконструкциялау, салу және жөндеу.

әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың бір бөлігінің, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылмауы, тонау, ұрлық және басқа пайда күнемдік-зорлық қылмыстар санының өсуіне әсер етуі мүмкін.

 

Қоғамдық қауіпсіздік бойынша негізгі проблемалар:

ішкі істер органдарының жеткілікті материалдық-техникалық жарақталмауы;

кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі;

муниципииалдық полицияның жоқтығы немесе әкімшілік полицияның жергілікті атқарушы органдарға есеп бермеуі;

жол қозғалысына қатысушылардың, бәрінен бұрын жүргізушілердің көліктік тәртібінің төмендігі;

қала бойынша көліктер санының көбеюіне байланысты, қалаішілік автомобиль жолдарының көлемінің сәйкес келмеуі.

 

2.1.2.8. Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан сақтандыру

 

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының ерекшелігі түрлі техногендік және табиғи сипаттағы төтенше  жағдайлардың  туындауына биімдігі болып табылады. Оларға жойқын жер сілкіністері, «ҚазГөз» ЖШС – гі газ – ауа қоспаларының жарылысы т.б жатады.  

  1. Республикалық маңызы бар Жаңаөзен – Ақтау 17-24 шақырым, Жаңаөзен-Темір – Баба шекарасына дейінгі автокөлік жол учаскелері;
  • Жаңаөзен – Қызылсай автожолы учаскесі – 15–17 шақырым;
  • Жаңаөзен – Құланды автожолы
  • Кәсіпорындар ішіндегі автожолдар;
  1. Қатты қар жауының салдарынан қала ішіндегі шағын аудандар, елді-мекендер «ӨзенМұнайГаз» АҚ өндіріс аймағында көктайғақ болуы;
  2. Электр желілеріне мұздың қатуы;
  3. Химиялық қауіпті нысандардағы өндірістік апат салдарынан болған қатты әсер ететін улы заттардың (СДЯҚ) ауаға таралуы;
  4. «ҚазГӨЗ» ЖШС, «ӨзенМұнайГаз» АҚ, «ҚазТрансОйл» Батыс филиалы, «Өзен» БМАС, «БатшаҚуан» ЖШС, «ТеңгеБК» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Ақтау» МҚБ, «Өзенпромгеофизика» АҚ, «Өзен» теміржол станциясында жеңіл жанатын сұйықтық сақталған цистерналар тұрған кезде газдың жарылуы, өрттің және өндірістік аймақтарда мұнайдың төгілуі;

Болуы мүмкін жағдайлар:

  • Транспорт құралдарының шамадан тыс кептелісі, транспорттағы төтенше жағдайлардың орын алуы, электр желілерінің үзілуі, АҚ «ӨМГ» мұнайгаз кәсіпорындарының электр желілерінен ажыратылуы, үлкен өрт ошақтарымен бірге күрделі өрт қауіпті жағдайлардың болуы, қатты әсер ететін улы заттармен (ҚӘУЗ) улану ошақтарының пайда болуы, тұрғылықты халықтың холера, чума ауруын жұқтыру қауіпінің туындауы.

ҚР ІІМ ТЖК МО ТЖД Жаңаөзен қ. ТЖБ – Жаңаөзен қаласы және оған іргелес елді мекендердегі төтенше жағдайлардың алдын алу, жою, азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуды жүзеге асырады.

 

Кесте 1. 2014-2018 жылдардағы Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайларының динамикасы

 

жылдар

Төтенше жағдайлар саны

Зардап шекті, адам

Оның ішінде қайтыс болғаны, адам

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен

қаласы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

Маңғыстау облысы

Жаңаөзен қаласы

2014

23

2

45

2

19

1

2015

125

39

42

3

30

0

2016

265

43

34

1

16

0

2017

288

47

100

1

46

0

2018

36

12

70

16

40

0

 

Жазғы суға түсу маусымында жазатайым оқиғалардың санын азайту мақсатында, іс-шаралар өткізілді. Атап айтатын болсақ, 2014жылы 15 рет, 2015 жылы 12 рет, 2016 жылы 25 рет, 2018 жылы 9 рет лекциялар өткізіліп, осы жылдар аралығында 3282 оқушы қамтылды.

 Жергілікті теледидар бойынша «Судағы қауіпсіздік қағидасы» тақырыбында бейнеролик күніне 1 рет көрсетіледі. Сондай ақ, Жаңаөзен қаласы бойынша орталық жолдарда және теңізге баратын тас жолдарда 2014 жылы 3 билборд, 2015 жылы 4 билборд, 2017 жылы 5 билборд, 2018 жылы 4 билборд  орнатылды. 

Төтенше жағдайлардан сақтандыру аясында мына алдын алу шараларының кешені өткізіліп, Жаңаөзен қаласында жұмылдыру резервін кезең-кезеңімен жаңарту басталып, бұрын жоспарланған 300 дана жеке қорғану құралдарының 252 данасы сатып алынды.

Теңіз жағалауындағы «Кендірлі» демалыс аймағы және көршілес демалыс базалары мен жағажайда Кендерли құтқару бөлімшесі (судан құтқару қызметі) жұмыс жасайды. Онда 6 құтқарушылар, 2 мотор қайығы бар. Алайда, олар бейімделген ғимаратта (темір контейнер) орналасқан, осыған байланысты типтік құтқару станциясы құрылысын салуды қажет етеді.  

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан сақтандыру

бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

 

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

 

2012 жылмен салыстырғанда төтенше жағдайлардың саны 2014 жылы 75,0 пайызға төмендеуі;

Жаңаөзен қаласының 6 шығар жолы бар үлгілік өртке қарсы депо құрылысы салынуы; материалдық-техникалық базамен қамтылуы;

Қала және оған іргелес елді мекендерде жаңбыр, нөсер, қар еруінен су шайып кетуіне қарсы канализациялардың жоқтығы;

Коммуналдық кәсіпорындарда жеткілікті мөлшерде су сору және қар тазалау техникалардың жетіспеушілігі;

Қала әкімінің негізгі басқару пункті (қалалық әкімдігі) және қосалқы басқару пунктін қалпына келтіру (Жаңаөзен қаласының қорғаныс бөлімі);

Тұрғындарға қажетті жеке қорғаныс құралдарының жоқтығы;

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

Қала аумағының және оған іргелес елді мекендердің халқын оқыту, түсіндіру жұмыстарын жүргізу; төтенше жағдайлардың алдын алу;

«ҚазГӨЗ» ЖШС-нің аумағындағы газ құбырының жарылуы;

Қала аумағын су шайып кету қаупі бар;

Химиялық қауіпті нысанда апат болған жағдайда халықтың химиялық, радиациялық улану қаупі;

 

Саладағы негізгі проблемалар:

Жаңаөзен қаласының және оған іргелес Қызылсай, Теңге мен Рахат елді мекендерінде «барлығының назарына» атты құлақтандыру жүйесімен қамтамасыз ету және де Жаңаөзен немесе Ақтау қаласына орталықтан басқару жолдарын қарастыру (Жаңаөзен қаласында 5 құлақтандыру жүйесі бар).

Қала және оған іргелес елді мекендерде жаңбыр, нөсер, қар еруінен су шайып кетуіне қарсы канализациялар қарастыру;

 Қаланың коммуналдық кәсіпорындарында жеткілікті мөлшерде су сору және қар тазалау техникаларымен қамтамасыз ету (мотопомпа, ассенизаторлық техникалар).

«Өзенинвест» МКК балансындағы өрт гидранттарының толықтай жұмыс күйіне келтіруді қамтамасыз ету (баланста барлығы 604 өрт гидранты бар, оның82 данасы жарамсыз күйде). Сонымен қатар, қаланың Шаңырақ Шұғыла, Самал, Көктем, Өркен, Арай-1, Арай-2, Рахат-1, Астана, Ақсу, Бостандық шағын аудандарында жаңа өрт гидранттарын орнатуды қажет етеді;

Жедел құтқару жасағының Кендірлі бөлімшесіне арналған модульді әкімшілік-тұрмыстық ғимарат орнату мәселесін қарастыру;

Қала әкімінің негізгі басқару пункті (қалалық әкімдік) және қосалқы басқару пунктін қалпына келтіру (Жаңаөзен қаласының қорғаныс бөлімі);

Әрбір панаханаларға 300 адам есебінен қала ішінде қорғаныс нысаналарының (бөгеттер, панаханалар) құрылысына жобалау құжаттарын дайындау;

Қала халқына қажетті жеке қорғану құралдары мен радиациялық, химиялық барлау құралдарын кезең-кезеңмен алу мәселесін қарастыру;

Қалада электроэнергия көзі сөнген кезде қолданылатын дербес автономды электр қуатымен жабдықтау көздерімен қамтамасыз ету;

Қала тұрғын фонды мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық тұрақтылығын күшейтуге қаржы бөлуді қарастыру;

Төтенше жағдайлар орын алған кезде қажетті азық түлік қорын, медикаменттерді және материалдық-техникалық құралдарды сақтау қоймаларын жасақтау мәселесін қарастыру;

«КазТрансГазАймақ» АҚ Жаңаөзен газ учаскесінің ақпаратына сәйкес проблемалық нысаналарда орналасқан жер асты газ құбырын ауыстыру;

 

2.1.3. бағыт. Ифрақұрылым

2.1.3.1. Байланыс және коммуникациялар

 

Жаңаөзен қаласы бойынша байланыс қызметі, ғаламтор және сандық телеарна қызмет түрлерін ұсынатын кәсіпорын - «Қазақтелеком» АҚ-ы.

Халық саны 1000 адам және одан артық болатын қаланың барлық елді мекендері 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

Бүгінге күнге қала бойынша 4G желісінің 24 LTE базалық станциясы салынып, пайдалануға берілді (Жаңаөзен қаласында-20, Теңге-3, Қызылсай-1).

Қаланың Шаңырақ, Самал, Көктем және Өркен шағынаудандарында; Рахат, Теңге мен Қызылсай ауылдарында сыйымдылығы 19800 номерге арналған негізгі телефон нүктесі 6 бірлік АТС және 4 бірлік MSAN; сыйымдылығы 3136 нүктеге арналған мегалайн; сыйымдылығы 9226 нүктеге арналған талшықты-оптикалық желі «GPON» жаңа технологиясы арқылы берілетін жоғарғы жылдамдықтағы ғаламтор орнатылды. Есепті кезеңге негізгі телефон нүктесіне - 13376абонент; мегалайн арқылы 2100 абонент және GPON жаңа технологиясына 6313 абонент қосылды.

«Жаңаөзен қаласындағы Рауан ықшамауданының және Теңге, Рахат селоларының телефон желісін салу» жұмыс жобасы жасақталды (жобаның сметалық құны 693,9 млн.теңге). Жоба аясында тартылатын магистральді талшықты-оптикалық кабель және тарату желісі кабелінің ұзындығы: «Рауан» ықшамауданы – 14,388 шқ.; Рахат ауылында – 182,903 шқ.; Теңге ауылында – 58,42 шқ. құрайды.

Жаңаөзен қаласы бойынша статистикалық деректерге сәйкес интернетті пайдаланушылардың үлесі 2012 жылы - 60,6%, 2013 жылы - 56,7%, 2014 жылы – 55,4%, 2015 жылы - 58,6%, 2016 жылы 60,5%, 2017 жылы – 65,9%, 2018 жылы 70,2 % құрады.

Пошта байланысы қызметімен «Казпошта» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы қамтамасыз етеді. Осы кәсіпорынның бөлімшелері арқылы 50-ден астам қызмет түрлері бойынша қызмет көрсетіледі.

 

Байланыс және коммуникацияларбойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

 

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

Қаланың ауылдық елді мекендерінде телекоммуникациялық желілердің дамуы;

Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық желі жүргізу жөніндегі жобалардың іске асырылуы. 

Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағынауданы және Рахат ауылының Ақсу, Жұлдыз, Мерей шағынаудандарында байланыс желісімен қамтылмауы.

МҮМКІНДІКТЕР

ҚАТЕРЛЕР

телекоммуникациялық желілерді одан әрі дамыту;

телекоммуникациялық операторлардың қызмет көрсету сапасын көтеру.

ақпараттық жүйелерді, пошта байланысын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жеткізе қаржыландырылмауы.

 

Байланыс және коммуникациялар саласындағы негізгі проблемалар:

ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы.

Жаңаөзен қаласының «Рауан» шағынауданы және Рахат ауылының Ақсу, Жұлдыз, Мерей шағынаудандарында байланыс желісімен қамтылмауы (мемсараптама қорытындысы бар).

 

2.1.3.2. Құрылыс

 

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2014 жылы 20 951,0 млн.теңге, 2015 жылы 23347,0 млн.теңге, 2016 жылы 20792,0 млн.теңге, 2017 жылы 18 982,0 млн.теңге, 2018 жылы 21780,2 млн.теңге, 2019 жылы 21861,0 млн.теңгені құрады.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2014 жылы 96,4%, 2015 жылы 106,0%, 2016 жылы 84,1%, 2017 жылы 87,4%, 2018 жылы 109,3%, 2019 жылы 93,4% құрады.

Тұрғын үйге кезектіліктің көптігі байқалады, қазіргі кезде4600 адам.

Тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың санының  көбеюі, халықтың  тез өсуіне және  өңірге  жоғары  көші-қон  ағынына байланысты  болды

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің (басым көпшілігі жеке тұрғын үйлер) жалпы ауданы 2014 жылы 92,1 мың шаршы метр (106,8%), 2015 жылы 92,4 мың шаршы метр (100,3%), 2016 жылы 100,3 мың шаршы метр (108,6%), 2017 жылы 109,4 мың шаршы метр, 2018 жылы 121,0 мың шарщы метрді (82,0%) құрады.

Тұрғын үй қоры барлығы: 2014 жылы 10 396,6 мың шаршы метр, 2015 жылы 10 797,5 мың шаршы метр, 2016 жылы 11 331,9 мың шаршы метр, 2017 жылы            12 747,9 мың шаршы метр, 2018 жылы 13 664,8 мың шаршы метр. 

Жаңаөзен қаласы бойынша тұрғын - үй қорының жалпы ауданы 2014 жылы 1153,8 мың шаршы метр, 2015 жылы 1265,0 мың шаршы метр, 2016 жылы             1349,7 мың шаршы метр, 2017 жылы 2215,3 мың шаршы метр, 2018 жылы 2331,3 мың шаршы метр.

Халықтың тұрғын үймен орташа қамтылуы (бір тұрғынға шаққанда жалпы алаңның) 2014 жылы 20,9 шаршы метр, 2015 жылы 21,8 шаршы метр, 2016 жылы 22,4 шаршы метр, 2017 жылы 23,3 шаршы метр, 2018 жылы 21,0 шаршы метр, 2019 жылы 22,3 шаршы метрді құрады.

Жаңаөзен қаласына бойынша барлығы 411 көппәтерлі пәтерлер бар. Оның ішінде: екі пәтерлі – 95 үй, үш пәтерлі – 28 үй, төрт пәтерлі – 8 үй, бес пәтерлі – 7 үй, алты және одан да көп пәтерлі – 273 үй.

2018 жылы қалалық және ауылдық елді мекендердегі тұрғын үйлер саны барлығы – 12 074. Оның ішінде: қалалық елді мекендер бойынша  2743 үй (жеке тұрғын үй – 2399, көппәтерлі – 344) ауылдық елді мекендерде – 9331 үй (жеке – 9264, көппәтерлі – 67 үй).

 

Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

 

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

 

ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

10 мыңнан аса отбасының  тұрғын үйге қажеттілігінің қанағаттануы;

толықтай жаңартылған Бас жоспарлар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары;

дамыған құрылыс индустриясы

Жаңаөзен қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.

МҮМКІНДІКТЕР:

ҚАТЕРЛЕР:

өңірде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының іске асырылуы, бұл – тұрғын үймен қамтамасыз етілуді көтеруге мүмкіндік береді;

даму институттары: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және «ҚИК» АҚ-ның құралдарын пайдалану

құрылыс материалдарына арналған бағалардың көтерілуі, бұл тұрғын үйдің құнына әсер етеді;

өңірдегі халық санының тез өсуіне және жоғары көші-қон ағынының нәтижесінде тұрғын үйге деген қажеттілікті жабуға  қабілетсіздік;

бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы, және осының салдарынан қала тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен толық қамтамасыз етпеу.

 

Саладағы негізгі проблемалар:

- Жаңаөзен қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

- әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.

 

 

2.1.3.3. Жолдар және көлік

 

Жаңаөзен қаласы бойынша автомобиль жолы жүйесі аудандық маңыздағы, қала және ауылішілік автомобиль жолдарынан тұрады. Жолдардың жалпы ұзындығы шамамен 492,8 шақырымды құрайды, соның ішінде аудандық маңызы бар – 40,7 шқ., жергілікті маңызы бар – 452,1,3 шқ.

Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі қалаішілік және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2014 жылы – 50,4% (178,0 шқ.), 2015 жылы – 55,4% (195,7 шқ.), 2016 жылы – 57,76 % (209,1 ш.қ), 2017 жылы – 57,9%(210,4 ш.қ),2018 жылы – 2019 жылы - 46,4%  (228,8 шқ), 2020 жылы - 48,4% (238,7шқ).

Жаңаөзен қаласының экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік инфрақұрылымын дамыту және жетілдіру болып табылады. Қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі - бірінші кезектегі міндеттердің бірі және саланы дамытудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етудегі құрамдас бөліктің бірі.

Қалаішілік автомобиль жолдарын салу және қайта жаңғырту:

- 2014 жылы 24,3 шқ. құрайтын жаңа автомобиль жолдарын салуға барлығы 1470,2 млн.теңге қаржы жұмсалды (оның ішінде: Қызылсай ауылы – 4,3 шқ., Теңге ауылы – 9,5 шқ., Рахат ауылы – 4,4 шқ., «Мамыр» ш/а – 5,5 шқ., «Бәйтерек» ш/а – 0,6 шқ.);

- 2015 жылы автомобиль жолдарын салуға барлығы 522,7 млн.теңге қаржы жұмсалды. Оның ішінде: 9,48 шқ. құрайтын (Рахат ауылы – 7,3 шқ., «Бәйтерек» ш/а – 1,09 шқ., Теңге ауылы – 1,09 шқ.) автомобиль жолдарының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бұдан басқа, жоба құны 287,0 млн.теңгені құрайтын Қызылсай ауылы Мешіт ауыл көшесінің автокөлік жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді (ұзындығы – 4,835 шқ.)

- 2016 жылы барлығы 8,6  шқ. құрайтын жаңа жол құрылысын жүргізуге               431,2 млн.тг. қаражат жұмсалды. Соның ішінде Мұнайлы ықшамауданында                 0,867 шқ. Бостандық ықшамауданында 2,1 шқ., Жұлдыз ықшамауданында 5,6 шқ.

- 2017 жылы «Жаңаөзен қаласындағы «Рахат» ықшамауданында автокөлік жолдарының құрылысы» ЖСҚ-сы бойынша, жолдың ұзындығы 4,83 шқ., сметалық құны 239,39 млн.теңге, жоба іске асырылды. Жобада Рахат ауылы, Рахат шағынауданының Балауса, Гүлдер және Жемісті көшелеріне автокөлік жолдарының құрылысын жүргізу көрсетілген. Аталған жобаны іске асыру мерзімі 2017-2018 жылдарға жоспарланған. Жоба бойынша бөлінген қаражаттың сыйымдылығына қарай 2017 жылы 1,260 шқ автокөлік жолының құрылысы жүргізілді.

2019 жылы 18,4 шақырымды құрайтын жобалық сметалық құны 900,0 млн.теңге тұаратын автокөлік тас жолдарын салу құрылыс жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңға 16,7 шақырым жолға тас жол  салу құрылыс жұмыстары жүргізілді.

2020 жылға 9,9 шақырымды құрайтын «Рахат» ауылындағы Ақсу және Жұлдыз ш/а автокөлік жолының құрылысы бойынша ЖСҚ көлемі - 359,5 млн.теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Қалаішілік маңызы бар автомобиль жолдарына күрделі жөндеу:

- 2015 жылы Маңғыстау облысы әкімдігі мен «Өзенмұнайгаз» АҚ арасындағы әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу бөлігіндегі шартты іске асыру жөнінде жасақталған келісім-шарт негізінде 433,0 млн.теңге және жергілікті бюджеттен 90,0 млн.теңге қаржы бөлініп, жалпы сомасы523,0 млн.теңгеге «Жаңаөзен-Құланды» автокөлік жолын кеңейтуге 8,74 шқ., жалпы құны 827,2 млн.теңгені құрайтын жұмыс жобасы бойынша кеңейту жұмыстары жүргізіліп,

- 2016 жылы Құланды селосындағы 8,74 шқ. автокөлік жолын кеңейтіп-жаңарту жұмыстары толығымен аяқталды.

Қалаішілік маңызы бар автомобиль жолдарына орташа жөндеу:

- 2014 жылы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарына (11525м2) - 35,3 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.

- 2015 жылы орташа жөндеу жұмыстарына (13325,59 м2) – 57,8 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді.   

Жаңаөзен қаласындағы сыртқы көлік қатынасы теміржол қатынасымен, сонымен қатар автобуспен қалааралық жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етілуде. «Жаңаөзен-Ақтау-Жаңаөзен» бағытында автобуспен қалааралық жолаушылар тасымалын «Керуен-Құддус» ЖШС қамтамасыз етеді.

Облыс орталығы Ақтау қаласымен байланыстыратын қатты жамылғысы бар 150 шақырым автомобиль тас жолы, сондай-ақ 179 шақырымды құрайтын «Маңғышлақ-Жаңаөзен» темір жол желісі бар.

Қаламыздағы автомобиль жолдарында қозғалыстың қауіпсіздігі мен қолайлығын қамтамасыз етумақсатында, жолдарды күтіп ұстауға:

- 2014 жылы 49,6 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде:

 ағымдағы жөндеуге (1471м2) - 9,5 млн.теңге, бағдаршамдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуге 2,6 млн.теңге; 7450м2жаяу жүргіншілер жолағын және тұтас жол жолағын сызуға 14,2 млн.теңге; жол қозғалысын реттеуге қалаішілік жолдарға 4 нысанға 31 дана  светодиодтық бағдаршамдар орнатуға 9,7 млн.теңге игерілді; 104 дана жол белгілерін орнатуға және ауыстыруға 3,3 млн.теңге; сондай-ақмүгедектердің хал-жағдайын жақсарту мақсатында 10 әлеуметтік нысандардың жанына 20 жол белгісіне РБ-478 мың теңге; автокөлік жолдарын құжаттандыруға 4,9млн.теңге жәнеавтокөлік жолдарының жол белгілерін орналастыруын құжаттандыруға 5,0 млн.теңге.

- 2015 жылы 55,2 млн.теңге қаржы бөлініп, игерілді. Оның ішінде: ағымдағы жөндеу жұмыстарына (1449 м2) – 10,9 млн.теңге, бағдаршамдарды жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсетуге 4,7 млн.теңге; 7450м2жаяу жүргіншілер жолағын және тұтас жол жолағын сызуға 14,2 млн.теңге; жол қозғалысын реттеуге қалаішілік жолдарға 3 нысанға 24 дана автокөлікке 8 дана жаяу жүргіншілерге арналған светодиодтық бағдаршамдар орнатуға 10,4 млн.теңге; 104 дана жол белгілерін орнатуға және ауыстыруға 2,4 млн.теңге; сондай-ақ мүгедектердің хал-жағдайын жақсарту мақсатында барлығы 418,8 млн.теңге (РБ-413,0 млн. теңге, ЖБ-5,7 млн.теңге) бөлініп, игерілген қаражатқа 38 әлеуметтік нысандардың жанына 38 жол белгісі орнатылды; реттелмейтін жаяу жүргінші өткелдеріне жарық диодты катофотпен «кошачий глаз» жабдықтауға 2,3 млн.теңгеге 150 данасы орнатылды; автокөлік жолдарына жасанды 489 жол кедергісін орнатуға 9,9 млн.теңге бөлінді.

- 2016 жылы43,7 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде:ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3550 м2 -15,1 млн.теңге, автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жолдарын және жол жолақтарын сызу жұмыстарына 16,1 млн.теңге 26 нысандағы 188 дана бағдаршамға күнделікті техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге 5,4 млн.теңге, жол белгілерін қарауға, ауыстыруға және орнатуға 6,2 млн.теңге мүгедектердің хәл жағдайын жақсартуға (арнайы жол белгілері, дыбыстық дабыл) 906,0 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді.

- 2017 жылы 37,7млн.теңге қаржы бөлініп толықтай игерілді. Оның ішінде: Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 10,6 млн.теңге, автокөлік жолдарының жабындыларында пайда болған жарықтарды бітеу жұмыстарына 5,2 млн.теңге, автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жолдарын және жол жолақтарын сызу жұмыстарына 14,2 млн.теңге, 26 нысандағы 188 дана бағдаршамға күнделікті техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге 3,5 млн.теңге, жол белгілерін қарауға, ауыстыруға және орнатуға 3,5 млн.тг., мүгедектердің хәл жағдайын жақсартуға (арнайы жол белгілері, дыбыстық дабыл) 732,0 мың.теңге бөлініп, толықтай игерілді.

- 2018 жылы 24,36 млн.теңге қаржы бөлініп, толықтай игерілді. Оның ішінде: Ағымдағы жөндеу жұмыстарына 5,5 млн.теңге, автокөлік жолдарына жаяу жүргінші жолдарын және жол жолақтарын сызу жұмыстарына 7,5 млн.теңге, 26 нысандағы 188 дана бағдаршамға күнделікті техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге 5,4 млн.теңге, жол белгілерін қарауға, ауыстыруға және орнатуға 1,8 млн.теңге, автокөлік жолдарына жасанды жол кедергілерін орнатуға 3,9 млн.теңге, мүгедектердің хәл жағдайын жақсартуға (арнайы жол белгілері, дыбыстық дабыл) 267,0 мың.теңге бөлініп, толықтай игерілді.

ЖАҢАӨЗЕН ҚАЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Дата публикации
07 декабря 2020