Акимат города Актау

Меню

Мобильная связь
Интернет
Фиксированная связь
Почтовая связь
Проверка качества сотовой связи
Выдача разрешений на использование радиочастотного спектра Республики Казахстан
Развитие новых технологий и инфраструктуры в области связи
Государственная политика в области связи
Положение о Клубе молодых избирателей

Ақтау қалалық

сайлау комиссиясының

2025 ж. «06» тамыздағы

№5/1 қаулысымен бекітілген

 

Ақтау қалалық сайлау комиссиясының жанындағы

Жас сайлаушылар клубы туралы

Ереже

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Ақтау қалалық сайлау комиссиясының жанындағы Жас сайлаушылар клубы (бұдан әрі – Клуб) жастар мен сайлау процесіне қатысушылардың еркін бірлестігі болып табылады.

Осы Ереже клуб қызметін жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

  1. Клуб өз қызметін қоғамдық негізде, клубтың жұмыс жоспарларына, жас сайлаушылар мен сайлауды ұйымдастырушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған тиісті сайлау комиссияларының ақпараттандыру және түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Клуб өз қызметін жүзеге асыру кезінде сайлау комиссиялары мүшелерімен, сондай-ақ өзге де органдар мен ұйымдармен, азаматтармен өзара іс-қимыл жасайды.
  3. Клубтың Ережесі Ақтау қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен бекітіледі.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының мақсаты мен міндеттері

 

  1. Клубты құрудың мақсаты жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру болып табылады.
  2. Клубтың негізгі міндеттері:

1) жас азаматтарға консультативтік-әдістемелік көмек көрсету;

2) жастарды құқықтық тәрбиелеу, сайлау құқықтарын түсіндіру, сайлау мәдениетін көтеру;

3) жастардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарау;

4) жас сайлаушылардың сайлау процесіне қызығушылығын арттыру.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының құрамы мен мүшелерінің құқықтары

 

  1. Клубтың қатысушылары студенттер, оқушылар және жұмыс істейтін жастар бола алады.
  2. Клуб мүшелері Клуб отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылау кезінде тең құқықтарға ие.
  3. Клуб қатысушылары құқылы:

1) тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыныстар жасауға;

2) клуб қатысушыларының өзге пікірлерімен келіспеген жағдайда өз пікірін баяндауға құқылы, ол Клуб отырысының хаттамасына қоса тіркелуге тиіс.

 

  1. Жас сайлаушылар клубының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Клубтың қызметі әртүрлі форматтағы отырыстар түрінде жүзеге асырылады.
  2. Клубтың отырыстарын Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы (орынбасары) немесе басқа да мүшесі қажеттілікке қарай, бірақ жылына кемінде екі рет шақырады және өткізеді.
  3. Клубтың қызметін, іс қағаздарын жүргізуді және отырыстардың дайындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жұмыс органы Ақтау қалалық сайлау комиссиясы немесе анықталған ұйым (колледж, мектеп) болып табылады.
  4. Жұмыс органы:

1) отырыстарды дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмысын жүзеге асырады;

2) Клуб қатысушыларын кезекті отырыстың өтетін күні мен күн тәртібі туралы оны өткізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей, Клубтың іс-шараларының өтетін күні туралы оны өткізгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді;

3) Клуб отырысы барысында хаттама, оның ішінде аудио-, бейнежазба құралдарын пайдалана отырып жүргізеді.

 

  1. Қорытынды ережелер

 

  1. Осы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар Ақтау қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен енгізіледі.
  2. Клуб қызметі Ақтау қалалық сайлау комиссиясының қаулысымен тоқтатылады.

Положение о Клубе молодых избирателей

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Instagram
Facebook

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы