АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2027 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ТАҚЫРЫПТАРЫ
АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2027 ЖЫЛҒА ЖОСПАРЛАҒАН МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР ТАҚЫРЫПТАРЫ
|
№ |
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың және гранттың жоспарланған тақырыбы |
Қаржыландырудың жоспарланған көлемі (мың теңге) ҚҚС қоса алғанда |
Ақпарат көзі көрсетілген негіздеме |
Халықтың нысаналы тобы |
Күтілетін нәтиже |
Жауапты орындаушы
|
|
МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫС |
||||||
|
1. |
Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы әлеуметтік серіктестікті нығайтуға арналған фасилитациялық сессия
|
4 000 000 тг |
«Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі Қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары тұжырымдамасы; (Қазақстан Республикасы № 1081 Жарлығымен бекітілген)
|
Мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен белсенді мүшелері, қоғамдық кеңес мүшелері, сарапшылар, азаматтық белсенділер |
1. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында тиімді диолог орнатуға бағытталған кемінде 3 фасилитациялық сессия ұйымдастыру; 2. Әлеуметтік мәселелерді бірлесіп талқылау және шешу тетіктерін қалыптастыру; 3. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында өзара іс-қимылдың нақты бағыттарын айқындау; 4. Әлеуметтік жобаларды бірлесіп іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу; 5. Қатысушылар арасында тәжірибе және үздік практикалар алмасуын қамтамасыз ету. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
2. |
Үкіметтік емес ұйымдар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу
|
3 000 000 тг
|
«Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі Қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары тұжырымдамасы; (Қазақстан Республикасы № 1081 Жарлығымен бекітілген)
ҚР Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс -қимыл жоспары (2 кезең: 2026-2030 жж) |
Үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, бастамашыл топтар, жастар, еркітілер, қала тұрғындары, мемлекеттік органдардың өкілдері |
1. Қала аумағында ҮЕҰ жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу; 2. Жәрмеңкеге кемінде 15 үкіметтік емес ұйымның қатысуын қамтамасыз ету; 3. ҮЕҰлардың әлеуметтік жобалары мен бастамаларын халыққа таныстыру; 4. Азаматтарға ҮЕҰ қызметі, әлеуметтік жобалар мен волонтерлік бағыттар туралы ақпарат беру; 5. ҮЕҰ, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасында тікелей байланыс орнату; 6. Үздік әлеуметтік бастамалар мен жобаларды таныстыру және тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
3. |
Этномәдени және діни бірлестіктер арасында ұлттық ойындар және спорттық турнир ұйымдастыру |
2 000 000 тг |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар және ішкі саясат саласындағы негізгі бағыттары, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың басымдықтары |
Этномәдени бірлестіктердің мүшелері, діни бірлестіктердің өкілдері, жастар, спорт әуесқойлары және қала тұрғындары |
1. Этномәдени және діни бірлестіктер арасында ұлттық ойындар, кіші аяқ добы жәнее волейболдан ашық қалалық турнир ұйымдастыру және өткізу; 2. Турнирге кемінде 10 команда қатысуын қамтамасыз ету; 3. Әртүрлі этнос және конфессия өкілдерінің арасында достық қарым-қатынасты нығайту; 4. Салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортқа тарту. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
4. |
Этномәдени және діни бірлестіктер арасында интелектуалдық QUIZ турнирін ұйымдастыру |
1 000 000 тг |
Қазақстан Респуликасының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтық қоғам институттарын дамыту және этносаралық, конфессияаралық татулықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары |
Этномәдени және діни бірлестіктердің өкілдері, жастар, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, белсенді азаматтар |
1. Этномәдени және діни бірлестіктер арасында интелектуалдық QUIZ турнирін ұйымдастыру және өткізу; 2. Турнирге кемінде 10 команда қатысуын қамтамасыз ету; 3. Қатысушылардың тарихи-мәдени және жалпыұлттық құндылықтар жөніндегі білімдерін арттыру; 4. Әртүрлі этнос және конфессия өкілдері арасында достық байланыстарды нығайту; |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
5. |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 35 жыл толуына орай «Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің мақтанышы» патриоттар форумын ұйымдастыру және өткізу.
|
12 000 000 тг |
Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары (Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы № 1081 Жарлығы)
|
ҮЕҰ және волонтерлік ұйым өкілдері, педагог және жастармен жұмыс жөніндегі мамандары, Ардагерлер, қоғам белсенділері және өзге қауымдастық өкілдері |
1. Мемлекеттік рәміздердің тарихы, мағынасы және оларға құрмет көрсету мәдениеті жөнінде ағартушылық жұмыс жүргізу.
|
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
6. |
Атырау қаласының NEET-жастарының заманауи дағдыларын дамыту және белсенділігін арттыру |
5 500 000 тг
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы. |
Атырау қаласында тұратын NEET санатындағы жастағы жастар, оның ішінде жұмыс істемейтін, білім алмайтын және кәсіби даярлықтан өтпейтін жастар |
NEET санатындағы жастардың заманауи еңбек нарығына қажетті цифрлық, кәсіби және кәсіпкерлік дағдыларын дамыту; SMM, мобильді фото және бейнетүсірілім, графикалық дизайн, жасанды интеллект негіздері және басқа да заманауи бағыттар бойынша кемінде 100 жасты оқыту; жастардың жұмыспен қамтуға, кәсіптік оқуға және өзін-өзі дамытуға тартылуын арттыру. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
7. |
Атырау қаласы жастарының әскери-патриоттық құндылықтары мен азаматтық жауапкершілігін дамыту |
6 000 000 тг
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы. |
Атырау қаласының 14–35 жастағы жастары, оның ішінде колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының мүшелері, еріктілер |
Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін, әскери-патриоттық құндылықтарын, азаматтық жауапкершілігін және қоғамдық белсенділігін арттыру; әскери-патриоттық бағыттағы іс-шаралармен кемінде 500 жасты қамту; кемінде 50 жасты әскери даярлық іс-шараларына тарту; әскери-патриоттық сайыс, әскери-танымдық квест және ақпараттық іс-шаралар өткізу. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
8. |
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру және дамыту |
6 000 000 тг
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы. |
Атырау қаласының 14–35 жастағы жастары, студенттер, жұмыс істейтін және жұмыссыз жастар, жастар ұйымдарының мүшелері мен еріктілер, комплаенс-офицерлер |
Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық сауаттылығын, адалдық қағидаттарын және азаматтық жауапкершілігін арттыру; ақпараттық-түсіндіру және оқыту іс-шараларымен кемінде 500 жасты қамту; сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тану, құқықтық сауаттылық және адалдық мәдениеті бойынша практикалық іс-шаралар өткізу; ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
9. |
Жастар арасында тәуелділіктің алдын алу және салауатты өмір салты мәдениетін дамыту |
10 000 000 тг
|
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы. |
Атырау қаласының 14–35 жастағы жастары, оның ішінде NEET-жастар, студенттер, мектеп және колледж оқушылары, жастар ұйымдары мен еріктілер |
Жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттер мен тәуелділіктің алдын алу; профилактикалық іс-шаралармен кемінде 1 000 жасты қамту; кемінде 3 ақпараттық-профилактикалық акция өткізу; есірткі, темекі және басқа да тәуелділік түрлерінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу; жастардың спорттық және әлеуметтік белсенділігін арттыру. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
10. |
«Жасыл ел» жобасы аясында жастарды маусымдық жұмысқа тарту |
19 700 000 тг |
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2023 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 247 қаулысы. |
Атырау қаласының 14–35 жастағы жастары, оның ішінде студенттер, мектеп және колледж оқушылары, NEET санатындағы және жұмыссыз жастар |
Жастарды уақытша маусымдық жұмыспен қамту, еңбекке баулу және қоғамдық пайдалы қызметке тарту; кемінде 100 жасты маусымдық жұмыспен қамту; қала және ауылдық округтердің аумағын абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына қатыстыру; жастардың еңбек дағдыларын және қоғамдық жауапкершілігін қалыптастыру. |
Қалалық ішкі саясат бөлімі |
|
11. |
Отбасы институтын нығайту бағытында іс-шаралар кешенін ұйымдастыру |
10 000 000 тг |
ҚР Президентінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 384 Жарлық «Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы. Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 214-IV Заңы. |
Атырау қаласының отбасылар, жастар |
Отбасы институтын нығайту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, әлеуметтік бірлік пен гендерлік теңдікті нығайту, Атырау қаласында тұрақты отбасы үлгісін дамытуға ықпал ету. Сонымен қатар, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасындағы өзара сыйластық пен жауапкершілікті арттыру, зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, оның алдын алу және зардап шеккен адамдарды қолдау бағытындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту. Нәтижесінде қауіпсіз әрі қолайлы отбасылық орта қалыптастыруға және қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтуға ықпал ету. |
Атырау қалалық Ішкі саясат бөлімі |
|
12. |
2 жастан 18 жасқа дейінгі Атырау қаласының мүгедектігі бар балаларды иппотерапиямен оңалту |
90 000,0 |
ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлыақылар туралы» Заңы |
Осал топтары, мүгедектігі бар адамдар |
Мүгедектігі бар балалардың физикалық және психоэмоционалдық жағдайын жақсарту, қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту және әлеуметтік бейімделуіне ықпал ету. |
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
13. |
Атырау қаласы бойынша «Адам саудасының құрбандарына әлеуметтік қызмет көрсету» |
6 000,0 |
ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлыақылар туралы» Заңы |
Осал топтары, мүгедектігі бар адамдар |
Адам саудасының құрбандарына қажетті әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау. |
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
14. |
18 жастан 63 жасқа дейінгі мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау «Тең қоғам» жобасы |
80 000,0 |
ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлыақылар туралы» Заңы |
Осал топтары, мүгедектігі бар адамдар |
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік бейімделуін, жұмыспен қамтылуын және қоғам өміріне белсенді қатысуын қолдау. . |
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
15. |
Атырау қаласы және ауылдық елді мекендерде тұратын тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары, сал ауруы, Даун синдромы,неврологиялық, туа біткен және жүре пайда болған жүрек және бүйрек аурулары бар, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың көмегімен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды арнайы автокөлікпен тасымалдау қызметі. 6. Көру қабілеті бұзылған азаматтарға инватакси қызметі
|
211 813,0 |
ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлыақылар туралы» Заңы |
Осал топтары, мүгедектігі бар адамдар |
Мүгедектігі бар адамдарды қауіпсіз және қолжетімді арнайы автокөлікпен тасымалдауды қамтамасыз ету, олардың медициналық, әлеуметтік және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз қатынауына жағдай жасау. |
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
16. |
Атырау қаласы және ауылдық елді мекендерде тұратын, көзі көрмейтіндігіне байланысты жүріп –тұруында қиындығы бар мүгедектігі бар адамдарды арнайы автокөлікпен (инватакси) тасымалдау қызметі.
|
276 000,0 |
ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлыақылар туралы» Заңы |
Осал топтары, мүгедектігі бар адамдар |
Көру қабілетінің бұзылуына байланысты жүріп-тұруында қиындығы бар мүгедектігі бар адамдарды қауіпсіз және қолжетімді тасымалдау қызметімен қамтамасыз ету, олардың қажетті нысандарға кедергісіз қатынауына жағдай жасау. |
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
17. |
Атырау қаласы және ауылдық елді мекендерде тұратын, кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды арнайы автокөлікпен тасымалдау қызметі. . |
106 723,0 |
ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлыақылар туралы» Заңы |
Осал топтары, мүгедектігі бар адамдар |
Кресло-арбамен қозғалатын мүгедектігі бар адамдарды арнайы автокөлікпен қауіпсіз және қолжетімді тасымалдау қызметімен қамтамасыз ету, олардың медициналық, әлеуметтік және басқа да қажетті нысандарға кедергісіз баруына жағдай жасау. |
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
18. |
Атырау қаласында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға арналған мерекелік-іс шаралар өткізу жобасы |
83 000,0 |
ҚР 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 «ҚР мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлыақылар туралы» Заңы |
Осал топтары, мүгедектігі бар адамдар |
Мүгедектігі бар балалардың әлеуметтік бейімделуін қолдау, бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуына жағдай жасау. |
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
|
|
МӘТ (18) |
932 736 000 |
|
|
|
|
|
|
ЖАЛПЫ |
932 736 000 |
|
|
|
|
27 қазан 2026 15:32
27 қазан 2026
27 қазан 2026