ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі МИК Іле аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы-өсімдіктерді қорғау жөніндегі инспекторы, (индекс № 13-2)
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы
95210 - 128834
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
- Агрономия
- Биотехнология
- Азық - түлік өнімдерінің технологиясы
- Ауылшаруашылық ғылымдары (білім саласы)
- Топырақтану және агрохимия
- Жеміс - көкөніс шаруашылығы
- Өсімдік қорғау және карантин
- Жаратылыстану ғылымдары: экологий
- Білім: биология
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
Қосымша талаптар
агроэкология және/немесе өсімдіктану ғылымында ауылшаруашылығының биотехнология және селекциясы және/немесе агрохимия және/немесе ауылшаруашылық биотехнология және селекция және/немесе фермерлік іс
Функционалды міндеттер
Жинақталған фитосанитарлық жағдайлар есебімен қорғау шараларының көлемін анықтау және өсімдіктерді қорғау құралдарын пайдалану, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптарға сәйкес ауыл шаруашылығы зиянкестерімен, ауруларымен, арам шөптерімен күрес шараларын ұйымдастыру. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын зиянкестермен, өсімдіктер ауруларымен және арам шөптермен күрес бойынша шаралардың сапалы өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Өсімдіктерді қорғау саласындағы заңнамаларды бұзған заңды және жеке тұлғалар мен лауазымды тұлғаларды әкімшілік жазаға тарту. Есептіліктерді және мәліметтерді құру. Заңнамаларға сәйкес бөлім басшысымен белгіленген басқа да міндеттерді орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Талдықорған қаласы, Болашақ көшесі 1
-
8/7282/ 26-83-47