2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 489,2 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды

2023 жылдың қорытындысы бойынша ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті 489,2 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салды

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекцияларымен өсімдіктер карантині саласында 5069 бұзушылық анықталды, нәтижесінде 489,2 млн теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар салынды.

Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар басқа елдерден карантинге жатқызылған өнімді импорттау кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру кезінде фитосанитариялық сертификаттың болмауының 533 жағдайын, карантиндік объектіні анықтаудың 34 фактісін, фитосанитариялық сертификаттың сәйкес келмеуін 157 жағдай, 193 таңбалаудың болмауын, 184 фитосанитариялық талаптардың бұзылуын және тыйым салынған өнімді әкелудің 1 жағдайын анықтады.

Барлығы экспорттаушы елге 284 210 тонна, 1 367 м. текше, 549 091 дана карантинге жатқызылған өнім қайтарылды. Карантинге жатқызылған өнімді қайтаруды, жоюды және қайта өңдеуді жүзеге асыру бойынша 535 шара қабылданды.

Карантинге жатқызылған өнімдер Ресей Федерациясынан, Қытай Халық Республикасынан, Қырғыз Республикасынан, Өзбекстан Республикасынан, Түркия Республикасынан, Түрікменстаннан, Германиядан, Ираннан, Тәжікстаннан және басқа елдерден әкелінді.