«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-де және «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-да өткізілді

«Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-де және «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-да өткізілді

2023 жылғы 4-5 тамыз аралығында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы
Берік Жамбылұлы Манасов «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ және «Фитосанитария» ШЖҚ РМК ведомстволық бағынысты ұйымдарына барды.

 «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ басшылығымен және мамандарымен өткізілген кездесу барысында ұйым қызметінің мәселелері талқыланып, проблемалық мәселелер айқындалды және өсімдіктердің зиянды, аса қауіпті зиянды организмдерінің дамуы мен таралуына мониторингті уақтылы жүзеге асыру, карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтау және олардың дамуы мен таралуының нақты болжамын дайындау бойынша міндеттер қойылды.

«Фитосанитария» ШЖҚ РМК басшылығы мен мамандарымен кәсіпорын қызметінің негізгі түрлері, карантинге жатқызылған өнімге фитосанитариялық сараптаманы жүзеге асыратын зертхана, сондай-ақ карантиндік, аса қауіпті және зиянды объектілерге қарсы тиісті фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру үшін арналған тиісті жарақтандыру көрсетілді.

Сапар барысында кәсіпорынның ағымдағы жағдайы туралы сұрақтар көтерілді, атап айтқанда бүгінгі күні орын алған қаржылық қиындықтар аталды.

Талқылау қорытындысы бойынша Берік Жамбылұлы қалыптасқан жағдайды шешудің бірінші кезектегі жолдарын және өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы функцияларды беру және кеңейту арқылы кәсіпорынды дамыту қажеттілігін атап өтті.