Жиі қойылатын сұрақтар

Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкету Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық шарттарында, сондай-ақ импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі ұлттық қызметтерінің талаптарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.

Заңның және осы Қағидалардың талаптары сақталған кезде карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге импорттаушы елдің карантиндік фитосанитариялық талаптарына сәйкес тиісті аумақтық бөлімше (көрсетілетін қызметті беруші) беретін осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификат болған кезде рұқсат етіледі.

Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге әкетілетін карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйінің карантиндік фитосанитариялық талаптарға сәйкестігін бастапқы тиеп-жөнелту орындарында және қайталама - теңіз және өзен порттарында (айлақтарында), әуежайларда, темір жол станцияларында, почта операторларының өндірістік объектілерінде, ішкі сауда объектілерінде, автовокзалдарда (автостанцияларда) және экспорттық партияларды қайта тиеу (қалыптастыру) кезінде өзге де объектілерде импорттаушы елдің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары куәландырады.

Морфологиялық белгілері бойынша карантиндік объектілерге, бөтен текті түрлерге ұқсас организмдер, өсімдіктер ауруларының белгілері, карантинге жатқызылған өнімдердің карантиндік объектілермен, бөтен текті түрлермен залалдану белгілері анықталған кезде, үлгілер зиянкестердің, өсімдіктер ауруларының және арамшөптердің түрлік құрамын анықтау үшін зертханалық сараптамаға жіберіледі, олардың нәтижелері бойынша осы өнімді пайдалану шарттарын жаза отырып, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі жасалады.

Жүкті қайта тиемей әкету кезiнде шекаралық пунктте және фитосанитариялық бақылау бекетінде тиеп-жөнелту орнынан берiлген фитосанитариялық сертификаттың дұрыс ресiмделуiн ғана қадағалау жүзеге асырылады.