27 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігінің Жас мамандар пулына іріктеудің үшінші кезеңі басталмақ

27 қыркүйекте Қаржылық мониторинг агенттігінің Жас мамандар пулына іріктеудің үшінші кезеңі басталмақ

2021 жылдың 27 қыркүйегінен 20 қазанына дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің Жас мамандар пулына іріктеудің үшінші кезеңі – үміткерлермен әңгімелесу өткізілетін болады.

Барлығы іріктеудің екі кезеңінің қорытындысы бойынша 222-ден 156 үміткер әңгімелесуге жіберілді.

Әңгімелесудің форматы қандай?

Үміткерлер әңгімелесуді бекітілген кестеге сәйкес ZOOM қосымшасы арқылы онлайн өтпек.

Шақыру сілтемесі Zoom қосымшасында өз аты-жөнімен тіркелген үміткерге алдын ала жіберіледі.

Әңгімелесу бейінді және уәждемелік сұрақтарға негізделетін болады. Әрбір сұраққа 2 минутқа дейін уақыт бөлінеді.

Әңгімелесуге қалай дайындалу қажет?

  1. ZOOM қосымшасындағы техникалық сипаттамаларды (бейне, дыбыс сапасын) тексеру керек.

  2. Әңгімелесуден өту үшін тыныш және жарықтандырылған үй-жай/бөлмені дайындау қажет.

  3. Киім үлгісі: іскерлік.

Әңгімелесуден сәтті өткен үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссиядан (ӘДК) және полиграфта зерттеуден өтуге жолдама алу үшін Агенттіктің тұрғылықты жері бойынша аумақтық департаменттеріне шақырылатын болады.

ӘДК мен полиграфологиялық зерттеудің оң қорытындысы  бар үміткерлер ҚР Бас прокуратурасының Құқық қорғау органдары академиясында 5 ай бойы оқуға ұсынылмақ.

Сондай-ақ, үміткерлер Агенттікте немесе аумақтық департаменттерде бір айлық тағылымдамадан өтуі тиіс.

Оқу және тағылымдама қорытындылары бойынша үміткерлер қаржылық мониторинг органдары қызметкерлерінің қатарына қабылданады.