БҚО әкімдігінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау отырысы өтті

БҚО әкімдігінде көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау отырысы өтті

05.06.2024 ж. облыс әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары К.Ш.Айтмұхамбетовтың төрағалығымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау отырысы өткізілді.

Отырыс барысында ауыл шаруашылығы саласындағы проблемалық мәселелер қаралды.

Мал шаруашылығын субсидиялау және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жыл сайын көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған отын бөлу мәселелері талқыланды.

Департамент өз кезегінде жоғарыда аталған мәселелер бойынша жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстарды қарауға шығарды.

Атап айтқанда, отырыста ҚР АШМ-не ҚР АШМ-нің 22.05.2015 жылғы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына міндетті түрде чиптеу жолымен ірі қара малды сәйкестендіру тәсілі бөлігінде өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды қарастыру және осы мәселе бойынша біздің облыста пилоттық жоба жүргізу туралы шешім қабылдады.