Тікелей эфирге қатысу

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру-бақылау басқармасының басқармасының басшысы «Сұрағыңыздың уақыты» телебағдарламасының тікелей эфиріне қатысты. Бағдарламаның тақырыбы «Заң мен тәртіп: экономикалық қауіпсіздік күзетінде» болды.
Эфир барысында спикер экономикалық тергеп-тексеру органдары қызметінің негізгі бағыттары, көлеңкелі экономикаға және қаржылық қылмыстарға қарсы іс-қимыл шаралары, сондай-ақ азаматтар мен бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы баяндады.
Сонымен қатар экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Көрермендер өзекті сұрақтарын қойып, уәкілетті орган өкілінен тікелей түсіндірмелер алу мүмкіндігіне ие болды.