Вейптердің заңсыз сатылымы туралы сұхбат

«Заң және тәртіп» нарративі аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері вейптер мен никотин қосылған сұйықтықтардың заңсыз айналымына қатысты жағдай жөнінде сұхбат берді.
Аталған сұхбатта бұл салада анықталған құқықбұзушылықтардың ауқымы кеңінен баяндалып, шегілмейтін темекі бұйымдарын әкелу және тарату мәселелері, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың мұндай өнімдерді тұтынуға қатысу мәселесі қозғалды.
Сонымен қатар, никотині бар вейптердің де заң аясынан тыс жиі таралып жатқаны, бұл жағдайдың экономикаға ғана емес, қоғамдық денсаулыққа да елеулі қауіп төндіретіні атап өтілді.
2024 жылы ҚР ҚК-нің 301-1-бабының күшіне енуімен, шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптер), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды өндіру, әкелу, сату және тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Аталған заңды бұзу — құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты ірі мөлшердегі айыппұлдардан бастап 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға дейін жазаланады.
Сұхбаттың мақсаты — халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және вейп өнімдерінің айналымына байланысты құқықбұзушылықтардың алдын алу.