«Заң және тәртіп» телебағдарламасы

«Заң және тәртіп» телебағдарламасы

БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы қоғамда құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту және құқық қорғау органдарының қызметін жария етуге бағытталған «Заң және тәртіп» нарративі аясында эфирге шыққан телебағдарламаның қонағы болды.

Бағдарлама барысында А.Әбенов Департамент жұмысының негізгі бағыттары, экономикалық қылмыстарды тергеудегі заманауи тәсілдер, сондай-ақ ведомствоаралық ынтымақтастық пен қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алудың маңыздылығы туралы айтып берді.

«Заң және тәртіп» нарративі мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог жүргізуге арналған алаң ретінде қызмет етеді. Департамент басшысының бағдарламаға қатысуы — қоғамдық сенім мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызды қадам болды.