AGROFEST 2026

AGROFEST 2026

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің  қызметкерлері өңірлік ауқымды «АгроФест-2026» іс-шарасына қатысты. Іс-шараға қатысудағы негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және өңір тұрғындарын экономикалық қылмыстардың заманауи түрлерінен қорғау.

Фестиваль барысында ЭТТД өкілдері ақпараттық-түсіндіру алаңын ұйымдастырып, «АгроФест» қатысушылары мен қонақтарына өзекті қаржылық тәуекелдер туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтарды интернет-алаяқтықтан сақтандыруға, қаржы пирамидаларына тарту тәсілдеріне және заңсыз несие берудің тәуекелдеріне ерекше назар аударды.

Ақпараттың түсініктілігін арттыру және есте сақталуын қамтамасыз ету мақсатында департамент қызметкерлері тұрғындарға ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратты. Онда қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары, алаяқтарды қалай анықтау керектігі, инвестиция салу кезінде қандай жайттарға назар аудару қажет екендігі және экономикалық құқық бұзушылықтарға тап болған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы толық мәлімет берілген.

Осындай профилактикалық іс-шараларды қала және облыс көлеміндегі бұқаралық іс-шаралар аясында өткізу кең аудиторияны қамтуға мүмкіндік беріп, азаматтардың қаржылық алаяқтықтың құрбанына айналу қаупін едәуір төмендетеді.

 

Оқиға күні

03 тамыз 2026

Оқиға түрі

Фестиваль