семинар «Заң мен тәртіп. Қаржылық қауіпсіздік»
Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тапсырмалары аясында қаржылық қауіпсіздік пен заңдылықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі қаржылық операциялардың ашықтығын арттыру мен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Осыған байланысты, Өскемен қаласында «Заң мен тәртіп. Қаржылық қауіпсіздік» тақырыбында, қаржылық пирамидаларға, интернет-алаяқтыққа, дропперлікке қарсы күрес және цифрлық гигиенаны сақтауға арналған семинар өтті.
Іс-шараға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, мемлекеттік және құқыққорғау органдарының өкілдері, «Қарызсыз қоғам» жобасының менторы, бюджеттік мекемелердің, еңбек ұжымдарының қызметкерлері және зейнеткерлер қатысты.
Семинардың негізгі мақсаты - тұрғындардың, әсіресе аға буын өкілдерінің қаржылық қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру.
Семинар барысында сарапшылар мен ЭТД қызметкерлері қаржылық пирамидалар мен дропперлік сияқты қазіргі заманғы қаржылық алаяқтық түрлеріне қарсы іс қимыл мәселелерін қарастырды. Алдын алу жұмыстарына, цифрлық гигиена мен киберқауіпсіздік сұрақтарына баса назар аударылды. Қатысушыларға жеке деректер мен қаржыны интернет желісінде қорғау бойынша практикалық кеңестер берілді.
«Біз жедел цифрлық өзгерістер дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Өкінішке қарай, қылмыстық орта да тоқтап қалмайды. Сондықтан қаржылық қауіпсіздік тек құқық қорғау органдарының міндеті емес, бүкіл елдің ортақ ісі болып отыр. Бүгінгі семинар заманауи алаяқтық сызбаларын нақты мысалдар арқылы талдап, халыққа практикалық қорғану құралдарын ұсыну үшін ұйымдастырылды»,- деп атап өтті ШҚО бойынша ЭТД басшылығы.
Экономикалық тергеу департаменті азаматтарды қырағы болуға, алаяқтардың айласын асырмауға және күмәнді жағдайлар туралы дер кезінде құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Өзіңізді қорғаңыз, цифрлық гигиенаны сақтаңыз және қаржыңызды қауіпсіз ұстаңыз!
#заңментәртіп #законипорядок
#афм_aimaq