«9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне» орай тағзым алаңында сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін жанын қиған боздақтарды еске алуға арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға Департамент басшысы мен қызметкерлері қатысып, майдангерлер рухына құрмет көрсетті.
Шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым алаңындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл – ел тыныштығы мен бейбіт өмір үшін жан аямай күрескен ардагерлерге деген шексіз ризашылық пен құрметтің белгісі.
Ұлы Жеңістің ызғары мен ауыртпалығын бастан өткерген аға буынның ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Тергеу амалдары ҚМА Түркістан облысы бойынша департаменті жүргізді.
«Еңбек мобильділігі орталығы» - ның бұрынғы директоры, «Жұмыс берушілерді қолдау» бөлімінің қызметкері, сондай-ақ бірқатар коммерциялық ұйымдардың басшылары азаматтарды субсидияланатын жұмыс орындарына жалған рәсімдеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алу схемасын ұйымдастырған.
Орталық қызметкері кәсіпкерлердің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін өтінімдер берген. Өтінімдерде жалған лауазымдар көрсетілген. Олар мақұлданғаннан кейін, еңбек міндеттерін іс жүзінде орындамаған азаматтарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар рәсімделген.
Кәсіпкерлер өздерінің таныстары мен туыстарын тартып, мемлекеттік қолдау бағдарламаларына қатысады деген желеумен банктік шот ашуды ұсынған — шын мәнінде, бұл шоттар жалған қызметкерлерге төлем жасау үшін пайдаланылған.
Ай сайын жүйеге жалған жұмыс уақытын есепке алу табельдері енгізілген. Осы құжаттар негізінде қаражат «жұмысшылардың» шоттарына аударылып отырған. Алынған қаражат кәсіпкерлермен қолма-қол ақшаға айналдырылып, бөлім қызметкеріне берілген, кейін ол қаражатты схемаға қатысушылар арасында бөлген.
Нәтижесінде 78 адам жалған еңбекке орналастырылған. Мемлекетке келтірілген залал 49 млн теңгеден асты.
Соттың үкімімен үш кінәліге 4 жыл 6 айдан 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Екі кәсіпкерге 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы белгіленді.
Сонымен қатар, мемлекетке келтірілген залал сотталушылар тарапынан толық көлемде өтелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Әзіл, шығармашылық және маңызды әлеуметтік тақырыптарды біріктірген ауқымды жастар шарасы Түркістан қаласында өтіп, 1200-ден астам көрерменді жинады.
Республиканың әр түпкірінен 12 команда өз өнерлерін көрсетіп, жоғары деңгейдегі креатив пен шеберліктерін паш етті.
Атап өтсек, бұл жобаны өткізу Қаржылық мониторинг агенттігі үшін жақсы дәстүрге айналды – биылғы жазда «Zandy kúlki» елордада ұйымдастырылып, қала тұрғындары тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болған еді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, алаяқтық қауіптеріне назар аударту және жасөспірімдер мен студенттердің қазіргі қаржылық тәуекелдері туралы жеткізу.
«Zandy kúlki» шығармашылық жастар жобасы - өзекті мәселелерге назар аударудың тиімді құралы бола алатынын және қаржылық шешімдерге саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал ететінін тағы да дәлелдеді.
Іс-шараның бастамашысы – Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті.
Акция Қазақстан Республикасы Президентінің экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттауға бағытталған бастамасын қолдау мақсатында өткізілді.
Экологиялық шара Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің саябағы аумағында (ҚМА паркі) өтті.
Қатысушылар абаттандыру және көгалдандыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді.
Атап айтқанда:
🔵ағаш көшеттері отырғызылды;
🔵аумаққа санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді;
🔵табиғи су көздерін қорғау және тазарту шаралары қолға алынды.
Акцияға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, қоғам өкілдері, еріктілер, жастар және департамент қызметкерлері қатысты.
Аталған шара қоғамда экологиялық жауапкершілікті қалыптастыруға және табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Бүгін Бәйдібек ауданында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен және аудан әкімдігінің қолдауымен «Заң мен тәртіп: Қоғам вейпке қарсы – жастардың таңдауы салауатты өмір» атты аудандық форум өтті.
Форум Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасына негізделіп, Түркістан облысы бойынша алғаш рет Бәйдібек ауданынан бастау алды.
Форумның басты мақсаты – жастар арасында зиянды әдеттерге, әсіресе вейп және "дроп" секілді жасырын тәуелділіктерге қарсы қоғамдық төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жиынға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы Балғабаев, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Сағынжанұлы Қабдыраш, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, жастар және зиялы қауым өкілдері қатысты.
Форумның алғы сөзін Бәйдібек ауданының әкімі Ерлан Заипұлы Нұрмаханов сөйлеп, жастардың болашағына қауіп төндіретін зиянды әдеттермен күресу – қоғамның ортақ міндеті екенін баса айтты.
Жиын барысында:
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Т. Балғабаев жастардың құқығы мен қауіпсіздігіне қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді;
Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Б.С. Қабдыраш мемлекеттік тәртіп пен қаржылық ашықтық мәселелеріне тоқталды;
Аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкіл Гүлзия Нұрғалиқызы Қарсыбай вейп және "дроп" ұғымдарының зияны мен құқықтық жауапкершілігі туралы терең түсіндірме берді.
Форум аясында «Вейпсіз — аудан» атты арнайы акция бастау алып, бұл бастама облыс көлемінде қолдауға ие болмақ. Сонымен қатар, Белбеу күресінен әлем чемпионатының жүлдегері Өмірзақ Таңшолпан және Бәйдібек аудандық билер алқасының төрағасы Дүйсенбеков Тұрсынәлі Қырғызәліұлы жастарға рухани, адами бағыттағы терең ойларын жеткізді.
Шара аясында әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, музыкалық қойылымдар ұсынылды.
Форум – жастар, ата-аналар және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ашық әрі нәтижелі пікір алмасудың алаңына айналды. Бұл – салауатты болашақ жолындағы нақты қадам.
✔️Бәйдібекте тұрғындардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында жеке қабылдау ұйымдастырылды.
✔️Қабылдауға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат арнайы келіп қатысты.
✔️Жеке қабылдау барысында азаматтар тарапынан төмендегі мәселелер көтерілді:
✔️«Дипломмен ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау алу, Боралдай ауылдық округіндегі Боралдай – Шымкент тас жолын жөндеу, Жұлдыз және Боралдай елді мекендеріне газ тарту және тағы басқа да мәселелер көтерілді.
✔️Көтерілген мәселелердің бірқатары жауапты сала мамандарының қатысуымен сол жерде нақты түсіндіріліп, дер кезінде шешімін тапты. Ал кейбір мәселелер уақыт пен қаржы көздеріне байланысты кезең-кезеңімен шешілетін болады.
✔️Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындар өтінішіне жіті назар аударып, жауапты сала жетекшілеріне, аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.
✔️Аталған мәселелердің орындалу барысы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е. Балғабаевтың тұрақты бақылауында болатындығы айтылды.
✔️Бұл кездесу – мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық диалогты қалыптастырудың, жергілікті деңгейде қордаланған мәселелерді жүйелі шешудің жарқын үлгісі.
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Темірболатұлы Балғабаев пен ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Сағынжанұлы Қабдыраш аудан активімен арнайы кездесу өткізді.
✔️Жиынның модераторы Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров болды. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері және мекеме жетекшілері қатысты. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасарлары 2025 жылдың алғашқы алты айында жүзеге асқан негізгі көрсеткіштер мен бастамалар бойынша есеп берді. Экономика, әлеуметтік сала, инфрақұрылым және кәсіпкерлікті дамыту бағыттарындағы жетістіктер мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
✔️Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев өз сөзінде ауданның экономикалық көрсеткіштеріне оң баға беріп, кәсіпкерлікті дамыту мен экономикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.
✔️Ерболат Балғабаев аудан тұрғындарын жеке қабылдады. Қабылдау барысында кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындары өздерінің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, кәсіпкерлік саласында кездескен қиындықтары бойынша қолдау көрсетуін сұрады. Әрбір көтерілген мәселе жеке қаралып, заң аясында шешу жолдары түсіндірілді.
✔️Аудан тұрғындары мұндай қабылдаулардың жергілікті деңгейдегі түйткілді мәселелерді шешуге ықпал ететінін атап өтіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
✔️«Vape Out - Жарқын өмірге жол аш!» республикалық форумы аясында бүгін Ескі Иқан ауылдық округінде орналасқан Иқан мектеп-гимназиясында футзал және шахмат спорт түрлерінен Сауран ауданының біріншіліктерінің ашылу салтанаты өтті.
✔️Іс-шараға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров арнайы қатысты.
✔️Салтанатты ашылу рәсімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқап басталды. Алғы сөзді Ерболат Балғабаев, Бауыржан Қабдыраш және Ғалымжан Худияров алып, спорттық шараның жасөспірімдердің денсаулығы мен тәрбиесі үшін маңыздылығына тоқталды. Олар қатысушыларға сәттілік тілеп, спорттағы әділдік пен достық рухының маңыздылығын атап өтті.
✔️Жарысқа Сауран ауданының 12 ауылдық округінен құралған жасөспірімдер құрамалары қатысып жатыр. Футзал біріншілігіне 2013-2014 жылы туған жас спортшылар бақ сынауда. Сонымен қатар шахматтан аудан біріншілігі де қатар ұйымдастырылып, жас шахматшылар өзара мықтыны анықтайтын болады. Бұл бастама - жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп, спорт арқылы салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды шара.
Сауран ауданында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында республикалық «Vape Out - Жарқын өмірге жол аш!» атты форум өтті. Іс-шара Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Форум басталар алдында ауданның белсенді жастары арнайы флешмоб ұйымдастырып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Жастардың бірлігі мен креативтілігін көрсеткен бұл флешмоб көпшіліктің назарын аударып, форумның негізгі идеясына серпін берді.
Негізгі мақсаты - Президенттің «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен түсіндіру арқылы қоғамда, әсіресе жастар арасында вейп пен басқа да зиянды әдеттерге мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сондай-ақ жастар мен жасөспірімдерді тәуелділіктің алдын алуға үндеу, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру және бос уақытты тиімді ұйымдастыру да форумның басты міндеттерінің бірі болды.
Жиынға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев, ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Қабдыраш, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауыл әкімдері, жастар және зиялы қауым өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форумның алғы сөзін Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров сөйлеп, аудан аумағындағы жастар саясаты, олардың жетістіктері және атқарылып жатқан іс-шаралар туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде:
– Жастардың денсаулығын қорғау - қоғамның болашағын қорғау. Біз вейп, «дроп» және басқа да зиянды әдеттерге қарсы күресті жүйелі түрде жүргізуіміз керек. Әр ауыл, әр отбасы бұл бағытта ортақ үлес қосуы тиіс, - деп атап өтті.
Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев вейп өнімдерінің елімізге заңсыз әкелінуі, оның жастардың денсаулығына тигізетін кері әсері және оған қарсы құқықтық шаралар туралы кеңінен түсіндірді:
– Бүгінде вейп - жастар арасында кең таралған, бірақ денсаулыққа аса зиянды әдеттердің бірі. Оның құрамындағы химиялық заттар тыныс алу жүйесіне және жүрек-қантамыр ауруларына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл өнімдердің көпшілігі заңсыз айналымда жүр. Біз заңсыз өнімдерге тосқауыл қою үшін бақылау шараларын күшейтіп жатырмыз, - деді Ерболат Балғабаев.
Форум аясында «Вейпсіз - аудан» атты арнайы акция бастау алып, бұл бастама аудан көлемінде кең қолдауға ие болды. Бұл акцияны Сауран ауданының 12 ауылдық округінің тұрғындары, аудан ақсақалдары, белсенділері мен жастары бірауыздан қолдады. Қатысушылар бұл бастаманың қоғам үшін үлкен тәрбиелік мәні бар екенін атап өтті. Шара барысында әлеуметтік бейнероликтер көрсетіліп, тақырыптық музыкалық қойылымдар ұсынылды.
Отырар ауданында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен және әкімдігінің қолдауымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қоғам вейпке қарсы – жастардың таңдауы салауатты өмір» атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті.
Шараның басты мақсаты – Мемлекет Басшысының «Заң мен тәртіп» қағидасын ел арасында кеңінен түсіндіре отырып, қоғамда, әсіресе жастар арасында вейпке деген мүлде төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау. «Ұлыларың Отаны» саналған киелі Отырар ауданындағы жас ақындар айтысын облыстық және республикалық ақындар айтысының жеңімпазы, ақын Дәурен Ақсақалов жүргізіп, өңіріміздің аудан-қалаларынан келген жас ақындармен таныстырды.
Шараның ашылу салтанатында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е.Балғабаев пен аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы сөз сөйлеп, жастардың болашағына қауіп төндіретін зиянды әдеттермен күресу – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.
Департамент басшысы өз сөзінде: «Бүгінгі жиынның мәні де, мазмұны да ерекше. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында өткізіліп отырған ақындар айтысы – салауатты өмір салтын насихаттаудың, ұлттық рух пен тәрбие берудің озық үлгісі. Қазақ – сөзге тоқтаған, сөз арқылы тәрбие берген, ел мен ердің қадірін жырымен жырлаған халық. Бүгінгі айтыс өнеріне деген көпшіліктің ыстық ықыласы соның дәлелі. Сахна төрінде сөз сайысына түсіп жатқан жастарымыз тек өнерімен емес, ойлы пікірлерімен, парасатты пайымымен зиянды әдеттерге қарсы тұрып, салауатты өмір салтын таңдауға үндеп келеді. Бүгінде елімізде жастар арасында электронды темекі, яғни вейпке әуестік белең алып бара жатқаны жасырын емес. Бұл – денсаулыққа үлкен зиян келтіретін, болашақ ұрпақтың өмір сапасына тікелей әсер ететін өте өзекті мәселе. Сондықтан біз тек тыйыммен емес, тәрбиемен, үгіт-насихатпен, рухани құралдармен күресуіміз қажет. Соның жарқын көрінісі – осы айтыс алаңы. Ендеше сөз арқылы санаға сәуле құйған ақындарымызға шынайы алғысымды білдіре отырып, шалқар шабыт пен жеңіс тілеймін»,-деді.
Айтыста арқалы жас ақындар Отырар ауданының жетістіктері мен тарихи тұлғаларын жырларына арқау етіп, жастар арасында белең алып бара жатқан жат қылықтардың қоғамға, ел болашағына зияны туралы сөз қозғады.
Шара соңында сөз өнерін дәріптеп жүрген ақындар департамент басшысының және аудан әкімінің арнайы алғыс хаттарымен марапатталып, сыйлықтар табысталды.