БӘЙДІБЕКТЕ “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

БӘЙДІБЕКТЕ “ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ АЯСЫНДА  ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ


✔️Бәйдібекте тұрғындардың өзекті әлеуметтік мәселелерін шешу мақсатында жеке қабылдау ұйымдастырылды.

✔️Қабылдауға Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Балғабаев Ерболат арнайы келіп қатысты.

✔️Жеке қабылдау барысында азаматтар тарапынан төмендегі мәселелер көтерілді:

✔️«Дипломмен ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау алу, Боралдай ауылдық округіндегі Боралдай – Шымкент тас жолын жөндеу, Жұлдыз және Боралдай елді мекендеріне газ тарту және тағы басқа да мәселелер көтерілді.

✔️Көтерілген мәселелердің бірқатары жауапты сала мамандарының қатысуымен сол жерде нақты түсіндіріліп, дер кезінде шешімін тапты. Ал кейбір мәселелер уақыт пен қаржы көздеріне байланысты кезең-кезеңімен шешілетін болады.

✔️Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындар өтінішіне жіті назар аударып, жауапты сала жетекшілеріне, аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар берді.

✔️Аталған мәселелердің орындалу барысы Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Е. Балғабаевтың тұрақты бақылауында болатындығы айтылды.

✔️Бұл кездесу – мемлекеттік органдар мен халық арасындағы ашық диалогты қалыптастырудың, жергілікті деңгейде қордаланған мәселелерді жүйелі шешудің жарқын үлгісі.