GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Департамент туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
01 июня 2026
ҚР ІІМ Қарағанды академиясында «Қызмет. Абырой. Болашақ» қалалық форумы аясында қызметтің беделін арттыруға бағытталған ауқымды диалог алаңы өтті.

ҚР ІІМ Қарағанды академиясында «Қызмет. Абырой. Болашақ» қалалық форумы аясында қызметтің беделін арттыруға бағытталған ауқымды диалог алаңы өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ академия басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері мен әрекеттегі қызметкерлері, курсанттар, жастар өкілдері, қатысты.

Форум барысында қатысушылар құқық қорғау органдарындағы қызметтің маңызы, кәсіби даму мүмкіндіктері және жас мамандарды даярлау мәселелерін талқылады. Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, жастардың сұрақтарына жауап берілді.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, патриоттық құндылықтарды дәріптеу және құқық қорғау саласына қызығушылықты қалыптастыру.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
21 мая 2026
Мемлекет басшысының цифрландыруды дамыту және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өзара ынтымақтастық шеңберінде «Minor» жұмыс жобасына қол қойды.

Мемлекет басшысының цифрландыруды дамыту және заманауи технологияларды енгізуге бағытталған Жолдауын іске асыру аясында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті өзара ынтымақтастық шеңберінде «Minor» жұмыс жобасына қол қойды.

Жоба дуальды білім беруді дамытуға, білікті IT мамандарын даярлауға және студенттердің экономикалық қауіпсіздік, цифрлық технологиялар және қаржылық мониторинг саласында практикалық дағдылар алуына бағытталған.

Ақпараттық технологиялар факультетінің студенттерін даярлауға ерекше назар аударылды. Жобаны іске асыру студенттерге теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруға, қызметтегі мамандардың тәжірибесін меңгеруге және киберқауіпсіздік пен цифрлық тергеп-тексеру саласында сұранысқа ие кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
20 мая 2026
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Қарағанды қаласында жаңадан салынып жатқан экопарк аумағында ағаш отырғызу экологиялық акциясына қатысты.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Жасыл Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері Қарағанды қаласында жаңадан салынып жатқан экопарк аумағында ағаш отырғызу экологиялық акциясына қатысты.

Іс-шара өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, көгалдандыру жұмыстарын дамытуға және табиғатқа деген ұқыпты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған. Ағаш отырғызу болашақ ұрпақ үшін жайлы әрі қолайлы қалалық орта қалыптастыруға қосылған үлес болды.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
20 мая 2026
«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, сондай-ақ Қарағанды облысы жобалық кеңсесінің үйлестіруімен Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы базасында «Құқықтық тәртіп, заңдылық және патриотизм: ұлттық және халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

«Заң және Тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында, сондай-ақ Қарағанды облысы жобалық кеңсесінің үйлестіруімен Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы базасында «Құқықтық тәртіп, заңдылық және патриотизм: ұлттық және халықаралық тәжірибе» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Іс-шараға Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Е.Ж.Калиаскаров департамент қызметкерлері, сондай-ақ академия тыңдаушылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ғылыми қауымдастық пен халықаралық сарапшылар қатысты.

Конференция барысында заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру, патриоттық құндылықтарды қалыптастыру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен заң талаптарын сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Мемлекеттік органдар мен жастардың «Заң және Тәртіп» қағидаттарын ілгерілетудегі рөліне ерекше назар аударылды.

Академия тыңдаушылары үшін конференция білім алмасуға, кәсіби дамуға және жоғары азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды.

Мұндай іс-шаралар ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуға, кәсіби диалогты дамытуға және заңдылық, патриотизм мен қоғам алдындағы жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
20 мая 2026
Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының басшысы Саттыбаева М.Р. Қарағанды академик Е.А. Бөкетов атындағы университет базасында өткен жұмыс кеңесіне қатысты.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Әкімшілік басқармасының басшысы Саттыбаева М.Р. Қарағанды академик Е.А. Бөкетов атындағы университет базасында өткен жұмыс кеңесіне қатысты. Аталған кеңесте жоғары оқу орны өкілдері мен өңірдегі жұмыс берушілердің кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері талқыланды: практикалық тәжірибе алмасу, мамандарды даярлау сапасын арттыру, сондай-ақ болашақ түлектерге қойылатын талаптарды қалыптастыру.

Қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие құзыреттер мен дағдыларға, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын жұмыс берушілердің нақты қажеттіліктеріне бейімдеу жолдарына ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар бәсекеге қабілетті және кәсіби бағдарланған кадрларды даярлау үшін университет пен ұйымдар арасындағы әріптестікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Осындай іс-шаралар білім мен тәжірибе арасындағы тиімді байланысты қалыптастыруға ықпал етіп, болашақта түлектерді жұмыспен қамтуға және өңірдің кадрлық әлеуетін дамытуға оң әсерін тигізеді.

Заңнамалық қызмет
13 января 2026
Қарағанды қаласының мектеп оқушыларына арналған «Қаржылық және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында интеллектуалдық ойын

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаменті Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің құрылған күніне орай мерекелеу қарсаңында және «Заң мен тәртіп» нарративін іске асыру аясында Шәкәрім атындағы гимназияда Қарағанды қаласының мектеп оқушыларына арналған «Қаржылық және цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында интеллектуалдық ойын өткізді.
Кездесу барысында оқушыларға жеке деректерді қорғаудың негізгі әдістері түсіндіріліп, заманауи цифрлық алаяқтықтың нақты мысалдары көрсетілді, сондай-ақ дипфейк, фишинг технологиялары және олармен байланысты тәуекелдер туралы айтылды.
Ойын интерактивті форматта өтті: оқушылар пікірталастар мен викториналарға белсенді қатысты. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай тәсіл жастардың цифрлық қауіпсіздік бойынша тұрақты дағдыларын қалыптастырып, жеке деректеріне жауапкершілікпен қарауын арттыруға мүмкіндік береді.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
25 сентября 2025
Есірткі құралдарының заңсыз айналымы тоқтатылды

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Бас көлік прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарының үлкен көлемде контрабандасының жолын кесті.

Қылмысқа қатысы бар екенін жасыру мақсатында қаскүнем өзінің танысының атына Таиланд Корольдігінен пошта сәлемдемесін рәсімдеді.

Күдікті ұсталды және жеке тінту кезінде оның 1,3 кг есірткі құралы — каннабис WAX тәркіленді. Сезіктінің есірткіні Қарағанды қаласының аумағына «Telegram» мессенджері арқылы жасырын бетбелгілерді қолданып таратқаны анықталды. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Іс бойынша өзге де мәліметтер ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмеуге тиіс.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
25 сентября 2025
Семинар для школьников и учителей школы-лицея “Информационных технологий”.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық сауаттылықты және қауіпсіздікті арттыру бойынша, темекі шекпейтін өнімдердің (вейптердің) айналымына тыйым салу туралы дәріс сабағын өткізді.
Дәріс барысында азаматтарды заңсыз қаржы жүйесіне тарту механизмдері, «заңсыздық» түсініктемесі, вейптерді таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік, сонымен қатар жеке жинақ ақшаларын қорғау бойынша практикалық кеңестер ұсынылды. Лекциялар таныстырулармен, бейнероликтермен сүйемелденді.
Іс-шараға 150 мектеп оқушысы мен мұғалім қатысты.
Мұндай іс-шаралардың өткізілуі азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға ықпал етіп, вейп бойынша заңнаманың сақталуына, экономикалық құқық бұзушылықтың алдын-алудың маңызды құралы болады.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
25 сентября 2025
Теміртау қаласының медициналық ұйымдары қызметкерлеріне арналған семинар «Дроптар дегеніміз кімдер және қаржы пирамидасына қалай алданбау керек» тақырыбында өтеді.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Теміртау қаласының дәрігерлері мен медициналық ұйым қызметкерлеріне «Дроптар кімдер және қаржы пирамидасына қалай түсіп қалмау керек?» тақырыбында семинар өткізді.
Дәріс барысында азаматтарды заңсыз қаржылық схемаларға тарту тетіктері, «дропперлік» деген не және банк карталарын ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндірілді. Сондай-ақ жеке жинақтарды қорғауға арналған практикалық ұсыныстар берілді. Дәрістер презентациялармен және бейнероликтермен сүйемелденді.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың қаржылық сауаттылық дағдыларын қалыптастыруға, заңнаманы сақтауға және экономикалық құқықбұзушылықтардың алдын алудың маңызды құралы ретінде қызмет етеді.

Қаржы мониторингі
Құқық қорғау қызметі
Заңнамалық қызмет
25 сентября 2025
Қарағанды қаласы №1 емханасының қызметкерлеріне арналған қаржылық қауіпсіздік бойынша дәріс.

Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы бірлесе отырып, Қарағанды қаласындағы № 1 Емхана қызметкерлерімен «Дроп деген кім және қаржы пирамидасына қалай түспеуге болады», «кибералаяқтық» тақырыптарында семинар өткізді.
Дәріс барысында азаматтардың заңсыз қаржылық схемаларға тартылу тетіктері, «дропперлік» дегеніміз не, банктік карталарды ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік бар екені түсіндірілді. Сонымен қатар, жеке жинақтарды қорғау бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Дәрістер презентациялармен және бейнематериалдармен сүйемелденді.
Мұндай іс-шараларды өткізу азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, заңнаманы сақтауға дағдыландыруға және экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алуда маңызды құрал ретінде қызмет етеді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы