
Экономикалық тергеу қызметі (бұдан әрі - Қызмет) - бұл заңнамаға сәйкес қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қаржылық мониторинг органдарының жедел-тергеу бөлімшелері.
Қызмет, прокуратура, ішкі істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет секілді құқық қорғау органдарына жатады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қызметке анықтау мен тергеулер жүргізуге, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілеттік берілген.
Қызмет өз құзыреті шегінде келесі қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асырады:
- жалған шот-фактураларды жазып беру;
- салық төлеуден жалтару;
- заңсыз кәсіпкерлік;
- қасақана және жалған банкроттық;
- заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру;
- акцизделетін өнімдердің, мұнай мен мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы;
- жалған ақша жасау;
- квазимемлекеттік секторда және бюджеттік салада қаражат жымқыру;
- банк саласында және бағалы қағаздар нарығында;
- экономикалық контрабанда;
- есірткі және басқа да тыйым салынған заттардың контрабандасы;
- контрафактілі өнімнің заңсыз айналымы;
- ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау жөніндегі талаптардың орындалмауы және т.б.
Берілген міндеттерді орындау кезінде Қызмет елдің экономикалық қауіпсіздігін және азаматтар мен кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайды.
Осылайша, қылмыстық істерді тергеу барысында әлеуметтік мәселелерді жақсартуға, мектептер, ауруханалар, жолдар салуға, зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге, сондай-ақ бизнесті дамытуға жұмсауға болатын миллиардтаған сомалар өтеледі.
Экономикалық тергеу қызметінің басым бағыты азаматтар мен кәсіпкерлер тарапынан жоғары сенім болып қала береді.
Құжаттарды тапсыру үшін 15 маусымнан бастап сауалнамаға сілтеме қол жетімді болады, оны толтыру қажет. Сол сауалнамада құжаттар тізімі және оларды жүктеу мүмкіндігі қарастырылған.
Кеңес алу үшін кадр қызметіне мына нөмір бойынша хабарласуға болады: +7 7172 32 24 71.
Іріктеуге қатысу үшін арнайы онлайн сауалнаманы (сілтеме) толтыру қажет.
Сауалнамада қажетті құжаттар тізімі болады.
"Құқық қорғау қызметі туралы" ҚР Заңына сәйкес қызметке 18-ден 35 жасқа дейін тұлғалар қабылдана алады.
Бұл ретте біз өз қатарымызда жас ұрпақты көргіміз келеді. Бірақ біз жас бойынша шектеу қоймаймыз.
Бірақ іріктеу төменгі лауазымдарға жүргізілетінін ескерген жөн.