Алматыда суретшілер көрмесінің ашылуы өтті

Алматыда суретшілер көрмесінің ашылуы өтті

Халықаралық зияткерлік меншік күнін мерекелеу қарсаңында Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік музейде «Инновациялар мен шығармашылық ортақ болашақтың игілігі үшін» тақырыбында бейнелеу өнері туындыларының көрмесі ашылды.

Көрмені Әділет министрлігі Қазақстан Суретшілер одағымен бірлесіп,  Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік музейдің қолдауымен ұйымдастырды.

Көрменің ашылу салтанатына Әділет вице-министрі Жақсылықова Ботагөз Шаймарданқызы, Қазақстан Суретшілер Одағының, Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік музейдің өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.

Өз сөзінде Ботагөз Жақселекова көрме авторлық құқық пен зияткерлік меншік тек заңды терминдер ғана емес, сонымен қатар шығармашылықтың өркендеуін, ал инновацияның болашақтың игілігі үшін дамуын қамтамасыз ететіндігі туралы жарқын ескерту болатынын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар суретшілерге өз шығармашылықтарын барлық тілек білдірушілермен бөлісуге мүмкіндік береді, ал өнер сүйер қауым жаңа жұмыстармен жақынырақ танысып, бейнелеу өнерінің түрлі түстері мен стильдерінен ләззат ала алады.

Қызмет бағыты