№ 565 от 05.07.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульшат Омирсериковна Такишеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2004 жылы 9 желтоқсанда берілген № 0002045 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 9 шілдесіне дейінгі мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Алматы қаласының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.О. Такишеванің назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.О. Такишеванің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 1 шілдедегі 2024 жылғы № 01-1/26638-вн ұсынысы, жекеше нотариус Г.О. Такишеванің арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова