№ 460 от 29.05.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Рахмет Сейткаримович Айтжановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 15 тамызда берілген № 14011809 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Алматы облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.С.Айтжановтың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус Р.С.Айтжановтың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.С.Айтжановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 22.05.2024 жылғы Алматы облысы Әділет департаментінің № -1/20491-вн ұсынысы, 25.01.2024 жылғы Алматы облысы Қарасай аудандық сотының № 1952-23-00-2/4478 шешімі, 13.05.2024 жылғы Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының №1999-24-00-2а/531 қаулысы
Вице-министр Л. Мерсәлімова